ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Байгунова Гулбахрам Ауерлбековна
Байгунова Гулбахрам Ауерлбековна
Туркестанская
ШУбарсу
ОСШ имени Б.Нурлыбекова
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

ондық бөлшектерге амалдар қолдану

15.02.2020
231
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): Білім,іскерлік, дағдылар жиынын өз бетімен қолдана алу дағдыларын меңгеру, оларды жаңа жағдайларға тасымалдануын жүзеге асыру. Мәселелік тапсырма бойынша өз бетімен және топта жұмыс жасау арқылы оқушылар ондық бөлшекті жай бөлшекке ауыстыруды үйренеді, бөліміндегі разрядтық бірліктері 10, 100, 1000- нан және т.с.с өзгеше болатын жай бөлшектерді ондық бөлшектерге ауыстыру дағдыларын бекітеді, жазбасының соңында нөлдері бар ондық бөлшектердің қасиеттерін шығарады, қай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ал қайсысын ауыстыруға болмайтынын түсіндіру шеберлігі арқылы айтылым дағдысын қалыптастырады
Тілдік мақсаттар: Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай аудару керектігін ұғынады және түсінеді Пәнге тән лексика мен терминология: Ондық бөлшек – decimal fraction, үтір - decimal point. Ондық бөлшектің разрядтары, жай бөлшек, разрядтық бірліктер, бөлшектің алымы, бөлімі. ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; разрядтары бойынша сандарды жіктеу Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет
Күтілетін нәтиже: Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту; Өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру
Бағалау критерийлері: Оқушылар: - ондық бөлшектерді жай бөлшектерге аударады; - алынған жай бөлшектерді, мүмкіндігінше, қысқарту қажеттілігін түсінеді; - ондық бөлшектермен амалдарды орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке аударуды қолданады
Құндылықтарды дарыту: Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Микрокалькуляторлар, интерактивтітақта немесе диапроектор, дербес маркерлік тақталарнемесе рефлексияға арналған кітапшалар
Пәнаралық байланыс: Ондық бөлшектерді оқуды және ондық бөлшектері бар өрнектерді қолданып, айтылымды дамыту арқылы қазақ тілі пәнімен пәнаралқ байланыс жүзеге асады. Сабақтағы пәнаралық интеграция ағылшын тілінде ондық бөлшектерді оқу арқылы, түрлі әрекеттер бойынша іске асырылады.
Бастапқы білім: Жай бөлшектер, дұрыс\бұрыс бөлшектер, бөлу және бөлшек байланысы, , бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың және ондық бөлшектердің разрядтары

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

Ұйымдастыру кезеңі. Өздік жұмыс формасында үй тапсырмасын тексеру. Тірек білімдерді және олардың дәлелдерін өзекті ету. Жеке жұмыс және жұмыс нәтижесі бойынша бірін-бірі тексереді.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1)Ондық бөлшектің жазбасында қай разрядтардың арасына үтір қойылады?

2)Үтір алдында жазылған сан нені білдіреді?

3)Үтірден кейінгі жазылған сан нені білдіреді?

4.Бос орындарды толтырыңыз:

20,3 - жиырма_________ ____________үш

2,03 - ______________ _______________үш

0,007 - __________ бүтін___________ жеті

42,06 - _______________________ бүтін __________алты

5,004 - ________ бүтін ___________төрт

0,01 - _________ бүтін ,

жүзден _________ 34,0006 - ___________бүтін_______алты_____________________

Сабақтың ортасы

(15 минут)

Бөлшектердің түрлері (ондық, дұрыс, бұрыс, аралас) бойынша топтарға біріктіру. Оқушылар саны бар карточканы алады, бөлшектің түрііне сәйкес орынға отырады. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. Қатені табыңыз. Оқушылар жұмысты өз бетімсен орындайды, жауаптарын тексереді және баяу орындап жатқан оқушыларға қолдау көрсетеді.

Қатені табыңыз. Оқушылар жұмысты өз бетімсен орындайды, жауаптарын тексереді және баяу орындап жатқан оқушыларға қолдау көрсетеді.

1. 1,043 санының жай бөлшек түрінде жазылуы:

2. «нөл бүтін он мыңнан отыз жеті» ондық бөлшегінің санмен жазылуы 0,00037.

3. 5 цифрасы 6, 4325 санының мыңдық разрядында жазылған.

4. 19 м, километрмен жазылуы: 0, 00019 км.

5. 0, 008 т, килограммен жазсақ 800 кг.

6. С нүктесінің координатасы 0, 14.

Оқушыларды жаңа мәліметті белсенді меңгеруіне дайындау кезеңі. Оқушылар өздерінің шешімдерін топта талқылайды. Жылдам орындаған топтың тақтада кқрсетілген үлгісі бойынша бірін-бірі тексеру.

Сабақтың соңы

(10 минут)

Тест «Бөлшек сандардың ондық жазылуы». Үлгі бойынша өзін-өзі тексеру Сабақты қорытындылау.

- "Ондық бөлшек" дегеніміз не?

- Ондық бөлшек қайда қолданылады?

- Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болады?

- Қандай жағдайда жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болмайды?

- Үтір алдында жазылған санды қалай атайды?

- Үтірден кейін азлған санды қалай атайды?

- Үтірден кейін қанша таңба боатынын қалай анықтауға болады?

- Егер бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 болса, үтірден кейін қанша таңба болады?

Үй тапсырмасы

1.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңыз: 2,8; 3,74; 1, 371; 0,55; 145,003; 20,036; 201,0101; 6,006; 33, 0008.

2.Бөліндіні бөлшекпен немесе аралас санмен алмасытырыңыз. Алынған бөлшекті ондық бөлшекке аудырыңыз.

a) 9 : 2; b) 5 : 16; c) 8 : 14; d) 15 : 12

Рефлексия

(5 минут)

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Пікірлер(0)