«Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер

БАЙЖАНОВА АЙГУЛЬ АСКАРОВНА
БАЙЖАНОВА АЙГУЛЬ АСКАРОВНА
Шымкент
Шымкент
ЖОМ №93
Қазақ әдебиеті
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Махаббат және абырой
Тақырып:

«Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер

15.02.2020
70
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;    
Сабақтың мақсаты: Тақырыптағы негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Кестелер толтыра алады, өз көзқарастарын білдіреді, ой қорытынды жасайды. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тура және жанама мінездеу, кейіпкер, сомдау   
Күтілетін нәтиже: <p>Барлығы: Шығарманың мазмұнын таниды. </p><p> Басым бөлігі: Шығарманы талдап, сюжеттік желілерін анықтай алады.</p><p> Кейбірі: Кейіпкерлерді сомдауда мінездеулерді жіктей алады.&nbsp;&nbsp;</p>
Бағалау критерийлері: Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды. Өз көзқарасын білдіреді.&nbsp;&nbsp;
Құндылықтарды дарыту: • Өзін де, өзгені де сыйлау. • Ынтымақтаса жұмыс жүргізу. • Ой-пікірін ашық жеткізу. • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет.&nbsp;&nbsp;
АКТ-ны қолдану дағдылары: Слайд
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану
Бастапқы білім: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

Қызығушылықты ояту .  Дүниедегі барлық нәрсеге не қажет? (Атау,есім)  Өзі менің әкемнің баласы, бірақ маған аға да, іні де емес.Бұл кім болғаны? (Мен өзім). «Жартыңды тап» Мақал-мәтелдердің сыңарлары жазылған парақшалар арқылы топтасады. 1.Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы. 2.Асыл – тастан, Ақыл – жастан. 3. Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. (3 топқа бөлінеді)&nbsp;&nbsp; Кеспе қағаз

Сабақтың ортасы

(30 минут)

1-тапсырма. Жеке жұмыс. «Кейіпкерді атаймыз» Роман кейіпкерлерін еске түсіру. 1. Сәрсенбай шаңырағына шыр етіп дүниеге келген сәбидің есімі? ( Жамал) 2. Жамалдың анасының есімі кім? ( Шолпан) 3. Жамалдың оқытушысының есімі кім? (Ғазиз ) 4. Сәрсенбай өз қызын қай байдың ұлына ұзатады? ( Байжан) 5. Байжанның ұлының есімі және жасы нешеде? ( Жұман , жасы-17) 6. Жамал жиын- тойда қандай жігітті кездестіреді? ( Ғали) 7. Ғали Жамалды алып қашып кімнің үйінде паналайды? ( Фатихолла) 2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Т» кестесі «Жамал трагедиясы – бүкіл халықтық трагедия ма, әлде бір қыздың бас қайғысы ма?» мәселесі негізінде Т сызбасын толтыртып және топта талқылату. Халықтық трагедия Жеке бастың қайғысы Дескриптор: - Ұсынылған пікірді өз сөзімен өрбітеді - Пікірді мысалмен дәлелдейді. - Қорытынды жасайды. 3-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Кейіпкерге мінездеме» Кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру. Кейіпкер Тура мінездеу Жанама мінездеу Сәрсенбай Шолпан Жамал Ғали Жұман Дескриптор: - кейіпкердің портреттік мінездемелерін жазады. – кейіпкер туралы ой қорытындысын жеткізеді. 4-тапсырма.Топтық жұмыс. «Бірге талқылаймыз» Жамалдың мінезіне байланысты берілген анықтамаларды дәлелдеу үшін шығармадан үзінділерді тауып, талдау. Мінез ерекшелігі Шығармадан үзінді Менің ойымша... Мақсаты бар Зерек, оқуға бейім Ақылды Ақын Дескриптор: - өз пікірін дәлелдеуде үзіндіні орынды қолданады. - үзінді бойынша қорытынды шығарады.&nbsp; &nbsp;&nbsp; А-4, кестелер, слайд

Сабақтың соңы

(2 минут)

"Менің пікірім" Оқушылар шығарманы басшылыққа алып,өз пікірін білдіреді. Автор Жамал бейнесін ашуда қандай сөздер қолданған?&nbsp; &nbsp;&nbsp; Стикер

Рефлексия

(3 минут)

Кері байланыс « Мен үшін» Оқушының аты-жөні ............................................................................. Сыныбы ................. Пәні ................ Сабақтағы жетістігім Сабақтағы жаңалық Сабақта ұнаған тәсіл Сабақтағы басты қиындық&nbsp;&nbsp; Парақшалар

Пікірлер(0)