Қаһарлы не, қаһарман кім? Һ дыбысы мен әрпі.

БИСЕМБИЕВА АСЫЛАЙ АСҚАРҚЫЗЫ
БИСЕМБИЕВА АСЫЛАЙ АСҚАРҚЫЗЫ
Батыс Қазақстан облысы
Қырқопа а.
КГУ «Кармановская средняя общеобразовательная школа»
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Саяхат
Тақырып:

Қаһарлы не, қаһарман кім? Һ дыбысы мен әрпі.

16.02.2020
81
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу

1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою  

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Һ дыбысымен танысады. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.  

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

қаһарман – герой- һеro айдаһар-миф.дракон-

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Батыр деп кімді атаймыз?

2. Батырды тағы қалай атаймыз?

3. Айдаһар туралы қандай ертегі білесіндер?

Ертегі туралы ... тағы не айта аласыз?  

Күтілетін нәтиже:

һ дыбысымен әріпімен танысып, һ дыбысынан келетін сөздерді ұйрену.

Бағалау критерийлері:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.  

Құндылықтарды дарыту:

Өмір бойы - білім алу Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Құрмет - Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу  

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Аудиожазба , бейнежазба, мултьфильм таныстырылым.

Пәнаралық байланыс:

Өнер, еңбекке баулу, әдебиет

Бастапқы білім:

«х» дыбысын орфоэпиялық нормаға сай айта алады. Сөздерге буындық,дыбыстық талдау жасай біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Өткен сабақты пысықтау.

- Ендеше, өткен сабақта Х әрпімен, Х дыбысымен таныстық

- Ол дауыссыз, қатаң дыбыс

- Сөздер ойлап айтайық

- «Хат» сөзі неше буынды. ( 1 буынды сөз, бітеу буын )

- Ендеше, оқушылар, бізге Зерделі атайдан хат келіпті.... •

... хана Жазған сөздерін оқыту (бір –бір сөзді буынға бөлгізу)

Ауызша. • Суретке әңгіме құрату.

-Қортындылау

– Сөйтіп Зерделі атадан келген хатты оқу арқылы, оқушылар «Х» дыбысына қатысты алған білімімізді пысықтадық қой деймін

1.Балаларға арнап «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралын жазған кім? (ақын, әрі жазушы Ы. Алтынсарин

2.Қазақ әліппесін жасаған, алғашқы оқу құралын жазған кім? (ақын А. Байтұрсынов) 3.Сауат ашатын кітап ?


https://www.google.com


https://www.google.com


https://www.google.com

Сабақтың ортасы

(13 минут)

Адасқан әріптерден сөз құрастырайық

ТАРЫАБ (БАТЫР)

Сұрақ: Сендер БАТЫР деген өздің мағынасын қалай түсінесіндер?

• Батыр деп кімді айтамыз?(Ауызша)

1. Елін, жерін жаудан қорғайтын адам

2. Ерлік істер жасайтын адам

3. Батырлар елін, жерін, халқын сүйген, халыққа қамқоршы болған адам.

Сұрақ: Сонда батырдың мақсат –мұраты не?

• Халқын, отанын басқыншы жаудан қорғау

Сұрақ: Батыр адамды тағы кім деуімізге болады?

• Батыр бұл ҚАҺАРМАН адам

Қаһарман сөзінде бізге таныс емес қай әріп? Һ әрпі

Жаңа сабақ: Һ әрпі мен Һдыбысымен танысу. (тақтаға жазу, дыбысты айтқызу)

Көмей дыбысын таңбалайтын әріп Дауыссыз дыбыс Һ Сөздің ортасында кездеседі Қатаң дауыссыз .Өзге дауыссыздардан айырмасы мұны айтқандаауа бөгертсіз, қарқынды шығады. «Һ»фонемасы келетін сөздер қазақ тілінде өте аз.Ол тіліміздің байырға лексикасындабірлі-жарым одағайларда (аһ, уһ, еһе, аһа) және кейбір шығыс тілдерінен енгенсөздарде (гауһар, жауһар, каһарман) кездеседі.[1]

Дереккөздер

2) Сурет бойынша жаңа сөздермен таныстыру: Қаһарман айдаһар жиһаз Гауһар Сұрақ: -Бұл жерде қандай таныс емес дыбыс бар?мына әріп -«һ» - «ха» болып оқылады, сөзде сирек кездеседі, бас әріппен жазылмайды..

3)«һ» дыбысын айтып жаттықтыру, дауысты ма, дауыссыз ба ажырату;

4) «һ» әрпін жазып үйрету. Сөздік жұмыс: (сөз мағынасына түсінік беру)

№1 Оқылым.

Қаһар                  гауһар              жиһан                       

Қаһарлы             жиһаз                жиһанкез

 Қаһарман           шаһар             мәшһүр  

5e493a18f048b.pngАты мәшһүр жаһанға, Бауыржан ата-қаһарман.

№2 Әңгімені толықтырыңдар. Н. Әбдіров Б. Момышұлы  халық қаһарманы

5e493a469e731.png        5e493a516ba6c.png

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс 




www.youtube.com/                     



Сабақтың соңы

(15 минут)

№3 Қай ертегі? Сурет бойынша ертегіні мазмұнда.   

   5e493ad354705.png   5e493ae2093d4.png

«Қар» сөзіне әр түрлі буын қосу арқылы сөздер тауып айту. (қар- ға, қар-та, қар-мақ, қар-быз, қар-сақ, қар-ғу) Қарлығаш- сөзіндегі әріптерді пайдаланып жаңа сөздер (қар, ағаш, аға, қарға, аша, лақ, қара, лақ, ғарыш) ер рын Гі қар ре на 


www.youtube.com/

Оқулық пен жұмыс












Рефлексия

(2 минут)

5e493b2483401.png

https://www.google.com

Пікірлер(0)