Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
| Сабақтың мақсаты: | Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге дағдыландыру. Жаттығуларды толық меңгерту. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. |
| Күтілетін нәтиже: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
| Бағалау критерийлері: | -жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. -жұрнақ пен жалғауды ажыратады. |
| Бастапқы білім: | Түбір мен қосымша |
| Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
| Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
| Тілдік мақсат | Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру кезеңі Топтарға бөлу. «Дені саудың-жаны сау» 1-топ: Ауа. 2-топ: Күн. 3-топ: Су 4-топ: Жер Әр топ өз атауын қорғайды. (Ағылшынша атаулары) Ауа – air – воздух Күн – sun – солнце Су – water – вода Жер – land – земля Психологиялық ахуал қалыптастыру: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге, Бас иеміз біз. 2. Үй тапсырмасы. Конверттегі сұрақ (әр топқа сұрақтар беріледі) - Түбір сөз дегеніміз не? - Омоним сөздер дегеніміз не? - Қосымша дегеніміз не? - Синоним сөздер дегеніміз не? - Жұрнақ дегеніміз не? - Антоним сөздер дегеніміз не? - Жалғау дегеніміз не? - Сөз дегеніміз не? Мысалдар келтіру. |
Топқа бөлінеді. |
|
Жаңа білім |
Білу және түсіну Ауа, күн, су, жер сөздеріне қосымшалар жалғау. Ауа-сыз, күн-шіл, су-лық, жер-шіл т.с.с. Оқулықпен жұмыс. 77-жаттығу. Мәтінді оқып, Жұмбақшалдың не дегенін болжап айт. - Ауа, су, күнді «Сиқырлы» деп атауға бола ма? Неге? Түйінді сөз: Жер, су, күн, ауаның адам денсаулығы үшін маңызы зор. Адам спортпен шұғылданып, суға шомылып, күнге қыздырынып, пайдалы тағамдарды қолданып жүрсе денсаулығы мықты болады. 78-жаттығу. Өлеңді қатесіз жазып, қарамен берілген сөздердегі жұрнақ пен жалғауды тиісті белгімен белгілеу. Байлық (1-топ), бабаң (2-топ), жолын (3-топ), шахтан (4-топ). Дескриптор: 1. Мәтінді оқып, Жұмбақшалдың не дегенін болжап айтады. 2. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. |
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқулықпен жұмыс. |
|
Сабақтың ортасы |
Қолдану Ойын «Артығын тап». 1-топ: 2-топ: 3-топ: 4-топ. Асхана Балықшы Достар Дәрігер Аспаз Балықпен Достық Дәріні Астың Балықтар Досым Дәрінің Астық Балықтың Досыңыз Дәріден |
Оқулық, плакат, түрлі-түсті маркерлер. |
|
Сергіту сәті |
Сергіту сәті "Ұзын құлақ, сұр қоян" |
Қимылмен көрсету. |
|
Сабақтың ортасы |
Топтық жұмыс. Постер қорғау. 1-топ: бір түбірден шыққан бірнеше сөз ойлап жазу. Оқу < Егін< Ойын< 2-топ: сызба бойынша сөздер құрастырып жазу.
3-топ: артық сөзді тауып,сол сөздермен сөйлем құрастыру. а) Өнер, өнерпаз, әнші, өнерлі. ә) Еңбекте, еңбекші, еңбекқор, орман. б) Білім, оқушы, білімді, білгіш. 4-топ: Венн диаграммасы.
Мысал келтіру. 80-жаттығу. Сөздерді жұрнақ жалғау арқылы өзгертіп жаз. Ішіне – сыртына. Ішіне жұрнақты сөздерді, сыртына жалғаулы сөздерді жазу. Іс, орын, талап, көл, қобыз. Керекті жұрнақтар: -шік, -шы, -кер, -дық, -ты. Дескриптор: 1. Топтық жұмысты орындайды. 2. Жұрнақ пен жалғауды ажыратып жазады. |
Постер қорғау. |
|
Сабақтың соңы |
Тест. Әр топқа: - Жалғауы бар сөзді көрсет. - Жұрнағы бар сөзді көрсет. - Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны көрсет. - Түбірдің мағынасын өзгертетін қосымшаны көрсет. Дескриптор: Жұрнақты және жалғаулы сөздерді, түбір мен қосымшаны ажыратады. |
|
|
Кері байланыс |
- Мен бүгін не білдім/ үйрендім? - Сабақта мен өзімді қалай сезіндім? - Мен үшін не ең қызық болды? - Мен кешегі күнмен салыстырғанда өстім бе? |
|
|
Бағалау .Рефлексия-лық шеңбер |
Жақсы жауап бергендерге – Қызыл гүл. Орташа – Сары гүл Төмен – Жасыл гүл. |
Бағалау парақшасы |
|
Үйге тапсырма |
33 бет, 79-жаттығу, ереже. |





Пікірлер(0)