Мозаика панносын орындау

Базарбайұлы Ернұр
Базарбайұлы Ернұр
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Қаратөбе мектеп-гимназиясы
Көркем еңбек
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Сәндік қолданбалы өнер
Тақырып:

Мозаика панносын орындау

17.02.2020
94
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 8.1.6.4 Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен материалдарды өз бетінше анықтау,талдау. 8.2.1.1 Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру үшін өз бетінше өнердің көркем құралдарын анықтау,таңдау және қолдану. 8.2.6.1 Техника қауіпсіздігін қадағалап,оның маңыздылығын сезіне және сақтай отырып,материалдар мен құралдарды қолдану.  
Сабақтың мақсаты: - Мозаика панносын орындауға қажетті материалдарды , құралдарды және орындау тәсілдерін анықтап,таңдау және қолдану. - Өз идеяларын жүзеге асыруда түрлі тәсілдермен өнердің көркем құралдарын қолдану - Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап,материалдар мен құралдарды қолдану.  
Тілдік мақсаттар: Әйнек мозаика-Стеклянная мозаика-Glass mosaic Керамикалық мозаика-Керамическая мозаика-Ceramic mosaic Жылтырақ мозаика-Глянцевая мозаика-Glossy mosaic  
Күтілетін нәтиже: Оқушылар: -Мозаика техникасында бұйым жасаудың реті мен ұтымды тәсілдерін үйренеді; -Әр түрлі материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдануды біледі; -Қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренеді.  
Бағалау критерийлері: Білім алушы: - Мозаика панносына қажетті материалдар мен құралдарды таңдай біледі; - Сәндік панно орындайды; - Идеяларды жүзеге асыруда тиімді жолдарын анықтап қолданады; - Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды.  
Құндылықтарды дарыту: Сабақ барысында еңбектену және эстетикалық құндылығын бойына сіңіреді.Оқушы бір-бірімен бірлесіп,шығармашылық көзқараспен еңбектенеді.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Ноутбук,Bilim land, imektep.kz
Пәнаралық байланыс: Тарих,қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын
Бастапқы білім: Мозаика панносына негіз дайындай білді.Көркем материалдарды тиімді жолмен қолдана біледі.Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5)

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сыныппен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу. «Мозаика» әдісі ІІ. «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. 1. Мозаика дегеніміз не? 2. Негіз дайындау үшін қандай заттар қолданылады? 3. Мозаика жасау үшін қандай заттар,құралдар қажет деп ойлайсыңдар?         «Мозаика» суреттер Көркем еңбек оқулығы. 8 сынып.  

Сабақтың ортасы

(25)

Бейне жазба. «Мозаика панносын орындау» Бейне жазба мазмұны бойынша оқушылармен ой бөлісу. Қауіпсіздік ережелерін еске салу. Тәжірибелік жұмыс. Топтық жұмыс. Алдыңғы сабақта орындаған нобайға сүйене отырып,шығармашылық идеяларын жүзеге асыру барысында түстердің үйлесімділігін анықтап,мозаика орындау. І топ. «Шауқарға» панносы ІІ топ, «Домбыра дауысы» панносы Жұмысты орындау реттілігі. 1.Қажетті құрал-жабдықтарды тексеру; 2.Нобайға сүйене отырып түстік шешімдерді дұрыс пайдаланып бөлшектерді орналастыру немесе жабыстыру. Тапсырманы бағалау критерийлері: - Жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау; - Мозаика жасаудың реттілігін біледі; - Түстердің үйлесімділігін анықтай алады; - Жұмысқа қажетті материалдарды пайдаланады; - Өз идеяларын жүзеге асырады; - Уақытты тиімді пайдаланады Музыка ырғағымен тәжірибелік жұмыс орындау.   Ноутбук,Bilim land, imektep.kz Тастар,ДВП материалы,нобай,желім, қарындаш,  

Сабақтың соңы

(5)

Таныстырылым: - Әр топ өз жұмыстарын таныстырады; - Әр топ бір сұрақтан дайындайды. Бағалау. - Бір-бірінің жұмыстарын таныстырылым барысында сұрақтар қою арқылы бағалайды.       Дайын жұмыс  

Рефлексия

(5)

«Олимпиада сақиналары» Әр сақинада төмендегі сөздер жазылған. - Қызық - Маңызды - Тиімді - Кенеттен - Жаңа Үйге тапсырма: Мозаика панносын А4 форматта өз бетінше орындау.     Сақиналар

Файлдар:

Файлды ару Мозаика панносын орындау

Пікірлер(0)