Үйсіндер туралы жазба деректер Зерттеу сұрағы: Қытай авторлары үйсіндердің өмірін қалай сипаттады?

Жумагалиева Алмажан Жасуланқызы
Жумагалиева Алмажан Жасуланқызы
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Каратюбинская Школа-гимназия
Қазақстан тарихы
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Үйсіндер мен қаңлылар
Тақырып:

Үйсіндер туралы жазба деректер Зерттеу сұрағы: Қытай авторлары үйсіндердің өмірін қалай сипаттады?

17.02.2020
748
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
Сабақтың мақсаты: Деректерге сүйеніп отырып, үйсіндердің тұрмыс тіршілігі туралы мағлұматтарды саралай отырып, көрші елдермен қарым – қатынасын салыстырмалы талдау
Тілдік мақсаттар: (1) пәнге тән арнайы лексика және терминология Жеке меншік, қорған, Ұлы Жібек жолы (2) диалог/айтылым үшін қажетті тіркестер үйсіндердің жылқы малын өсіру себебі, үйсіндер мал шаруашылығымен де егіншілікпен айналысқан, өйткені Оқылым-жазылым дағдылары кестені толтыру барысында Қытай тарихшыларының деректерін толтырады  
Күтілетін нәтиже:  Тарихи деректерді талдайды  Үйсіндердің басқа елдермен қарым-қатынасы қалай болғандығын салыстыра анықтайды  
Бағалау критерийлері:  Мәліметтерді зерделей отырып үйсіндердің шаруашылығы туралы тұжырым жасай біледі  Өз ойларын нақты дәлелдермен түсіндіре алады  Деректерді оқи отырып, үйсіндердің Қытай, ғұн мемлекеттерімен қарым-қатынасына терең талдау жасай алады  
Құндылықтарды дарыту: Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы екенін ұғындыра отырып, қазақстандық патриотизмге баулу
АКТ-ны қолдану дағдылары:
Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы 
Бастапқы білім: Үйсіндер туралы жалпы мәлімет, олар туралы жазған қытай деректері, қоғамдық құрылысы туралы өткен сабақтан біледі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(1-5)

Сынып оқушыларын сабаққа зейінін аудару, өткен тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындату 1-тапсырма Бос орындарға керекті сөздерді орналастыр. Үйсіндер ................. мекендеді. Үйсіндер бірлестігі....................... қалыптасты. Үйсіндер кейін VІ ғасырда құрылған................құрамына енді. Керекті сөздер: «Сандар сөйлейді» кестесін сәйкестендір. Үйсіндер бірлестігі қалыптасты VІ ғасырда Әскер саны Б.з. д. ІІ ғасырда Үйсіндер Түрік қағанатының құрамына енді 3 Мемлекет бөліктері 188600 BilimLand порталындағы осы тапсырманы орындатып , тексеріліп, дұрыс болса бағаланып, дұрыс емес болған жағдайда түзету жұмысы жүргізіледі           https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/5-synyp/ujsinder-turaly-zhazba-derekter?mid=05921cf1-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051                                          

Сабақтың ортасы

(6-24)

Бейнежазбаны мұқият көру, тыңдау -Бұл бейнежазбадан мен алған жаңа мағлұматым деп сынып оқушыларының пікірін тыңдау Оқулықтағы тақырыпты оқу арқылы жоғарыда аталған диалогтық тіркестерді қолдана отырып, тұжырым жасату Кестенің бос бөліктерін толтырту Бан Гу үйсіндер «су мен шөп іздеп жүретін» болса да, «қалалары мен қала төңірегіндегі мекендері болған» Чжань Цянь «Б.з.д.177–176 жылдары үйсіндер ғұндардың қарамағына кірді. Құдіретті Мөде Тянь-Шанның Шығыс жағын өзіне қаратты... Ал оның баласы Іле өзенінің алқабын қосып алды» Жұптық жұмыс Ақпаратты салыстырыңдар Төменде келтірілген екі шағын мәтінді оқыңдар. Үйсін мемлекетінің екі елмен байланыс орнатудағы ерекшеліктері қандай ? сұрағына дайындалу Дескриптор :  Осы ақпараттарды талдай отырып, екі елмен байланыс жасаудағы ерекшеліктерді анықтайды  Деректер негізінде үйсіндердің саяси аренадағы басымдылығын сипаттайды  Үйсіндердің саяси басымдылығы қай мағлұматтан көрінетінін бағалайды   СББР №111 Үйсіндердің тұрмысы мен шаруашылығы Қазақстан тарихыЖалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық   

Сабақтың соңы

(25-35)

«Үйсіндердің тұрмысы мен шаруашылығы» Тестісін орындату Үйге тапсырма : Тақырыпты оқу, тест тапсырмаларының жауабын жазып келу   https://itest.kz/kz/test/712360960

Рефлексия

(5)

Тақырыпты толықтай түсінсе, сенімді болса  көрсетіп, бас бармағын жоғары көтереді; түсінуге жақын болса, аздап білсе, көрсетіп, бас бармағын ортада ұстайды; егер түсінбесе, сенімсіз болса,  көрсетіп, бас тармағын төмен түсіреді.    

Файлдар:

Файлды ару Үйсіндер туралы жазба деректер

Пікірлер(0)