Координаталық жазықтық.Тікбұрышты координаталар жүйесі
САРИЕВА АЙСЛУ ЖАУЫНБАЕВНА
САРИЕВА АЙСЛУ ЖАУЫНБАЕВНА
Батыс Қазақстан облысы
Янайкино а.
КГУ «Батуринская СШ»
Математика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Координаталық жазықтық
Тақырып:
Координаталық жазықтық.Тікбұрышты координаталар жүйесі
17.02.2020
2594
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 6.3.1.1координаталық жазықтық ұғымын меңгеру; 6.3.1.2тік бұрышты координаталар жүйесін салу; 6.3.1.3 реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну; 6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: - координаталық жазықтық ұғымын біледі; - тік бұрышты координаталар жүйесін салады; - координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табады;
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: – тікбұрышты координаталар жүйесін салуды сипаттайды; – координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу алгоритмін құрастырады; Пәнге қатысты лексика мен терминология: - параллель түзулер; - қиылысатын түзулер; - перпендикуляр түзулер; - координаталық жазықтық; - координаталар жүйесі; - координата осьтері; - жазықтықтағы нүктенің координаталары; - абсцисса, ордината; - координаталықжазықтықтың ширегі; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: – нүктенің абсциссасы ... тең; – нүктенің ординатасы ... тең; – берілген нүктенің координатасы ...; – өзара перпендикуляр екі түзулерді салайық; – тікбұрышты координаталар жүйесін салайық; – нүкте координаталық жүйенің бірінші ширегінде орналасады, себебі оның ...; – нүкте абсцисса осінде жатады, егер ...; – нүкте ордината осінде жатады, егер …;
Бағалау критерийлері: Оқушылар: - координаталық жазықтық ұғымын біледі және түсінеді; - тік бұрышты координаталар жүйесін құрады; - координаталар осьтері мен басының орналасуын түсінеді, координаталық ширектердің таңбаларын біледі; - координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табады; - координаталық жазықтықта координаталары бойынша нүктені орналастырады;
Құндылықтарды дарыту: Мәңгілік ел құндылығы: Еңбек, шығармашылық, ынтымақтастық және өмір бойы білім алу.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Оқушыларды ActivInspire-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру. Bilimland.kz сайты, интерактивті тақта, таратпа материалдар, ноутбук,смартфон
Пәнаралық байланыс: сызу,информатика,әдебиет,тарих
Бастапқы білім: Перпендикуляр түзулер және кесінділер.Параллель түзулер және кесінділер
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
(0-7 мин)
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру (бір – біріне жылы лебіздер айту). Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау,сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Оқушыларды үш топқа бөлінеді. Сабақ барысында Абай атамыздың 175 жылдығына орай бес асыл қасиетін басшылыққа алып әрбір кезеңдегі тапсырмаларды орындап отырамыз. «Талап» кезеңі Үй жұмысын тексеру. «Тарсия» әдісін қолданамын.
Сабақтың ортасы
(7-34 мин)
«Еңбек» кезеңі Топпен жұмыс . Саралаудың «Дереккөздер» тәсілі. Әрбір топ видеотүсіндіру және тірек мәтінді қолданып, берілген мысалды бір-біріне түсіндіру арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашады. «Диалог және қолдау көрсету» әдісімен оқушыларға сұрақтар беріледі және тақтада сәйкестік тестісін орындайды.  Математика тарихы.Координаталық геометрия:Декарт туралы видео «Терең ой» кезеңі. Жұптық жұмыс. Bilimland ресурсында орындалады. 2-жаттығу.Суреттегі нүктелердің координаталарын жаз. Дескриптор: Білім алушы -координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табады 3-жаттығу. Координаталық жазықтықта келесі нүктелерді белгіле. A (-4; 4), C (-7; 0), D (0; 6), N (-9; 2), P (2; -1), E (4; 1), F (0; -4), G (-7; -4). Дескриптор: Білім алушы - координаталар жүйесінде нүктені координаталары бойынша салады; Қ.Б.Өзара бағалау.Жұптар жұмыстарын алмасып критерийлер бойынша бағалайды.(Жауабы тақтада көрсетіледі.) «Қанағат» кезеңі. Жеке жұмыс Мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің грант иегері Гүлназ Мугалимованың бейнесұрағы. Осы нүктелерді Декарттық координаталар жүйесіне белгілеп ретімен қосқан кезде қандайда бір шоқ жұлдызы пайда болады.Ол қандай шоқ жұлдызы? A(-3;3), B(-2;1), C(1;2), D(1;4) E (3;-5,5), F(5;6), G(7;5) Дескриптор: Білім алушы - координаталар жүйесінде нүктені координаталары бойынша белгілейді; - есептің шарты бойынша шоқжұлдызды анықтайды; Қ.Б. Смайлик арқылы мұғалім бағалауы.
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp
Сабақтың соңы
(34-38 мин)
«Рақым» кезеңі. Сабақты қорытындылау. Төбелері А(4;-1), B(-2;0), C(0;-5) нүктелерінде орналасқан үшбұрышты салыңыз. Әрбір нүктенің қай ширекке немесе оське тиісті болатынын анықтаңдар.
Рефлексия
(38-40 мин)
Оқушылардан «Рефлексиялық нысанаға» стикер бекітулері сұралады.
Пікірлер(0)