Музыка және бейнелеу өнері
Музыка және бейнелеу өнері
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.1.1.1 - тыңдаған музыканы талдап, түрін, стилін және жанрын, оның ішінде басқа да өнермен қарым-қатынасын анықтау; 6.1.2.3 - көркемдік бейнесін шығару кезінде музыкалық және басқа да өнер туындыларының әселеуші құралдарын салыстыру; 6.2.2.1 - музыкалық көркемдікті, дауысты, музыкалық аспаптарды пайдаланып композицияларды құрастыру және импровизациялау; |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: музыканың көркемдік ерекшеліктерін ажыратып, мәнін түсінеді; Көптеген оқушылар: Дыбыстарды есту арқылы музыкалық шығарманың мағынасына сай бейнелерді суреттей алады Кейбір оқушылар: Естіген музыкасына сәйкес бейнелерді елестету арқылы сурет сала алады. |
| Тілдік мақсаттар: | Пәнге тән лексика мен терминология: Музыка , сурет, бейне, ырғақ, әуен, пезаж Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: |
| Күтілетін нәтиже: | Музыканың көркемдік ерекшеліктерін ажыратып, мәнін түсінеді; Дыбыстарды есту арқылы музыкалық шығарманың мағынасына сай бейнелерді суреттей алады. |
| Бағалау критерийлері: | Смайликтер арқылы бағалау |
| Құндылықтарды дарыту: | Бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға, әділ бағалауға, шығармашылыққа тәрбиелеу. Тыңдаған музыканы бейнелелермен байланыстыру қиялын дамытуды қамтамасыз ету арқылы баланың бойындағы музыкалық қабілеттерін жетілдіру. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интерактивті тақта, көрнекі құралдар т.б. |
| Пәнаралық байланыс: | Бейнелеу өнері |
| Бастапқы білім: | Музыка мен суреттің байланысы |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Стартер. Миға шабуыл. Интерактивті тақтада тақырыпты ашуға көмектесетін жайлауды бейнелейтін суретпен «Сарыжайлау күйі» көрсетіліп тыңдатылады. Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Сұрақ-жауап: Сурет пен музыка қалай байланысады? Берілген пейзаж музыканың мәнін аша алды ма? Бүгінгі тақырып қандай болуы мүмкін? Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. |
|
|
Сабақтың ортасы (25 мин) |
Топтық жұмыс Оқушылар «Пазл жинау» әдісі бойынша топтарға бөлінеді (сурет топтағы бала санына қарай бөлшектенеді). 1) 2) 3) 4) 1 тапсырма: Жеке жұмыс. Н.Тілендиевтің «Сары жайлау» әнін тыңдап қағаз бетіне бейнелеу. Дескриптор 1 • Тыңдалған шығарманың • Ән мәтінінің авторын табу • Әннің сазгерінінің есімін анықтау • Мәтін мен әуеннің мазмұндық үйлесімділігін талқылап айту • Әнді топпен аспаптарды қолдана отырып әндетіп беру • Өзге топтардың жұмысына баға беру ҚБ. Өзара бағалау. Бағалау критерийлері: 1. Әннің поэтикалық мәнін түсінеді 2. Авторы туралы мәлімет береді 3. Әуенін топта орындайды 2 тапсырма:Топтық тапсырма. Топтарға әр түрлі мәндегі 4 шумақ өлең жолдары таратылып беріледі Берілген мәтінге фондық музыка таңдап, ырғағына сәйкестендіре отырып мәнерлеп оқу Дескриптор 2 • Мәтінді талқылап, мәнін ұғыну • Мағынасына сәйкесетін фондық музыка табу немесе аспаптардың көмегімен сүйемелдеуді ұйымдастыру • Тыныс белгілерін ескере отырып мәнерлеп айтып беру • Өзге топтардың жұмысына бағалау ҚБ. Өзара бағалау. Бағалау критерийлері: 1. Мәтіннің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ажыратады. 2. Құрылымын сақтай отырып әуен шығарады. 3. Ырғақтық пен әуенді үйлесімді етіп орындайды. |
|
|
Сабақтың соңы (5 мин) |
Рефлексия: «Мозаика» әдісі. 1. Маған ұнаған әрекет. 2. Маған қиындық тудырғаны. 3. Менің ұсынысым. 4. Менің көңіл-күйім. Кері байланыс. Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді. |
|
|
Рефлексия (5 мин) |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Пікірлер(0)