Кеңістіктегі векторлардың координаталары

Нургалиева Жумагуль Издашовна
Нургалиева Жумагуль Издашовна
Актюбинская
Шубаркудук
СШ им. Ж.Кереева
Геометрия
Сынып:
10-сынып (Бейімді оқыту)
Бөлім:
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
Тақырып:

Кеңістіктегі векторлардың координаталары

17.02.2020
528
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

Кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар: кеңістіктегі вектордың координаталарын анықтайды және ұзындығын табады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: кеңістіктегі вектордың координаталары, кеңістіктегі вектордың ұзындығын кеңістіктегі вектордың координаталары мен ұзындығын табу үшін үш өлшемді кеңістіктің терминдерін пайдаланады, тапсырмаларға байланысты сәйкес талдау жасайды Вектор координаталары-coordinates of vector Вектордың абсолюттік шама-Absolute value of vector Вектордың модулі-Vector module  

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар  кеңістіктегі вектордың координаталарын анықтайды және ұзындығын табады

Бағалау критерийлері:

• кеңістіктегі вектордың белгісіз координаталары табылған • вектордың ұзындығы дұрыс табылған  

Құндылықтарды дарыту:

Оқушылардың есеп шығару барысында бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Жұптық тапсырмаларды орындау барысында ынтымақтастық пен жауаптылық сезінеді.  

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақтаPower Point бағдарламалары, Bilimland.kz сайты    

Пәнаралық байланыс:

Алгебра ,қазақ әдебиеті 

Бастапқы білім:

Жазықтықтағы векторлар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(8.45-8.55)

Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.(интерактивті тақта арқылы)Тақтада берілген тапсырмаларға сәйкес дұрыс жауапты жапсыру арқылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған сурет шығады.(Абайдың өлеңдерін жатқа айтылады. )     

Сабақтың ортасы

(8.55-9.10)

Өткенді қайталау (Презентация бойынша) Жаңа сабақ. Кеңістікте Oxyz тікбұрышты координаталар жүйесі берілсін. Әр оң жарты остерде координата басынан бастап бірлік векторлар алайық. Абсцисса осіндегі бірлік векторды , ордината осіндегі векторды және аппликата осіндегі бірлік векторды символдарымен белгілейік. , , векторлары координаталық векторлар деп аталады. Бұл векторлардың компланар еместігі айқын. Сондықтан кез келген векторын координаталық векторларғажіктеуге болады: , x, y, z жіктеу коэффициенттерінің анықталуы жалғыз. Координаталық векторлар арқылы векторын жіктеудегі x, y және z коэффициенттер векторының берілген координата жүйесіндегі координатасы деп айтылады. Кеңістікте векторларға қолданылатын барлық координаталық амалдардың ережелері дәл жазықтықтағы ережелер сияқты орындалады. Вектордың ұзындығы. Егер , онда бұл вектордың ұзындығы: . https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/stereometriya/kengistiktegi-koordinatalar-men-vektorlar/ Төмендегі мысалдар қарастырылады. 1-мысал. Егер А(2; -3; 4), В(-5; 2; -6 болса, онда (АВ ) ⃗ векторының координаттарын табыңыз. 2-мысал. векторының ұзындығын табыңыз. 3-мысал. Егер векторының басы (5; 4; -1) нүктесі болса, онда вектордың ұшының координаталарын табыңыз.    

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау. Кері байланыс алу. • Сабақта тақырып түсінікті болды ма? • Сабақта шығарылған есептерді өз күшіңмен шығара алдыңыз ба? • Тапсырмаларды орындауда қиындықтарға кезіктіңіз бе? Қандай қиындықтар болды? • Сабақтың соңындағы көңіл-күйіңіз Үй жұмысы:Бүгінгі сабақта өтілген тақырыбымызды нақтылау мақсатында келесі тапсырмасы беріледі. №25.1,0 25.14  

Рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?  

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру