Файлдар мен бумалар

Есетова Маншук Жубаткановна
Есетова Маншук Жубаткановна
Ақтөбе
Темір ауданы, Еңбекші ауылы
Еңбекші мектеп-балабақшасы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Компьютер және программалар (ортақ тақырып: «Жанды табиғат»)
Тақырып:

Файлдар мен бумалар

17.02.2020
24
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
- компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау  командаларын пайдалану;

- файл және бума ұғымдарын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар файл, бума және таңбаша ұғымдарының атауымен, анықтамасымен танысады.

Көпшілік оқушылар компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау  командаларын біледі. Бумалар құра алады.

Кейбір оқушылар практикалық жұмыс жасағанда компьютерлік программаларда файлдар сақтауды, ашуды біледі. Файлдар мен бума, таңбашаларды ажырата алады.

Тілдік мақсаттар:
Лексика мен терминология : бума-папка-folder, файл(ағылш.file)\

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер. Файлдың кеңейтілімі, файлдың түрлері.

Күтілетін нәтиже: Файл, бума, таңбаша анықтамаларын үйренеді, компьютерлік программаларда файлдарды сақтап, бума құруға дағдыланады. Тақырыптың негізгі мазмұнын түсіну арқылы ойларын еркін  жеткізеді, топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Бағалау критерийлері: Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын орындай алады. Бумалар құра алады. Файлдар мен бума, таңбашаларды ажырата алады.
Құндылықтарды дарыту: Ынтымақтастық, жауапкершілікке, шығармашылыққа баулу.
АКТ-ны қолдану дағдылары:
АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлайды, дұрыс шешім қабылдай алады

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ағылшын тілі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

Психологиялық ахуал орнату.

"Ыстық алақан" атты психологиялық тренинг өткізу. (Оқушылар алақандарын бір-біріне  жақын ұстап, ыстық лебізін білдіреді. (көріктісің, ақылдысың, т.б)

"Ойлан,жұптас, бөліс" әдісі арқылы сұрақтар беріледі (топтық жұмыс)

1. Файл дегеніміз не ?

2. Бума деген не ?

3. Таңбаша деген не ?

Сабақтың ортасы

(20 минут)

Екі топқа "Кластер құрастыру" (топтық жұмыс)

1-топ: Неліктен компьютердегі файлдарды сақтап қою керек ?

2-топ: Не себепті файлдарды бумаларға жинақтап қою керек ?

Дискідегі тапсырманы оқушылар орындайды (жеке жұмыс)

"Ауа райы" арқылы  өзін-өзі бағалау.

Көзге арналған жаттығулар жасайды.

Сергіту  жаттығуы

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

Компьютердегі бумалар мен қарапайым бумаларды салыстыры. Ұқсастығы мен айырмашылығын дәптеріңе жаз (жеке жұмыс)

Оқушылар бір-бірін "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағаланады.

Ғаламтор

https://www.youtube.com/watch?v=_2g_Buoxzmc

Сабақтың соңы

(7 минут)

Оқушылар өздерін "Бағдаршам" әдісі арқылы бағалайды.

"Досыма хат" әдісі арқылы сұраққа жауап береді (жеке жұмыс)

Рефлексия

(3 минут)

Құжаттарды компьютерде бумаға салмай-ақ сақтауға бола ма ?

Оқушылар бір -бірін бағалайды.

Үйге тапсырма: § 5 Файлдар мен бумалар. Оқулықтағы "Үйде орындайық" тапсырмасын орындау.
Білім ағашы

Пікірлер(0)