Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі

Кенжебекова Айгул Арыстановна
Кенжебекова Айгул Арыстановна
Ақтөбе
шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Қоршаған ортаны қорғау
Тақырып:

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі

17.02.2020
81
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

4.4.2.3 зат  есімді  септеу, тәуелденген   сөздердің  септелуін  білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық  оқушылар  жасай  алады : Септіктерді  еске  түсіріп  ажырата  алады

Оқушылардың  көбі  жасай  алады : Тәуелдеулі  зат  есімдер  септелгенде  қай  септіктің жалғаулары  өзгеретінін  біледі

Оқушылардың  кейбірі  жасай  алады : берілген  тақырып  бойынша  ой  қорыту  жасай  алады

Тілдік мақсаттар:

Берілген  тақырып  бойынша  мәтін  мазмұнын айта  алады .

Күтілетін нәтиже:

Септіктерді  еске  түсіріп  ажырата  алады 

Тәуелдеулі  зат  есімдер  септелгенде  қай  септіктің жалғаулары  өзгеретінін  біледі

Берілген  тақырып  бойынша  ой  қорыту  жасай  алады


Бағалау критерийлері:

Зат  есімнің  септелуін біледі .Тәуелдеулі  зат  есімнің  септелуін  түсінеді

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды  бір-біріне  құрмет   көрсетуге  тәрбиелеу

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Компьютерді  қолдану

Пәнаралық байланыс:

математика, жаратылыстану

Бастапқы білім:

зат  есімнің  септелуі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(7 минут)

Оқушылар  бір-біріне  тілек  айтады

Сәттілік  біздер  тілейік ,

Мен  саған,  сен  маған

Күндей  күліп  жүрейік

Күннің  нұрын  төгейік 

Мен  саған , сен  маған

Сабақтың ортасы

(20 мин)

Оқулықта  берілген  өлеңді  оқу . 7-жаттығу .Берілген  өлеңді  оқып , табыс  септіктегі  зат  есімдерді  табады .Табыс  септігіндегі  сөздерді  сөз  құрамына  талдайды .

8 -жаттығу  Берілген  сөздерді  септеп  жазу .Сөздерді  септеп жазу  барысында  қай  септік жалғаулары  өзгергенін анықтау .

Жаңа  ақпарат . III жақ  тәуелдеулі  зат  есімдер  септелгенде  төмендегі  септіктерге  мынадай  септік  жалғаулары  жалғанады

Б.с  на,не  досына , дәптеріне

Т.с.  досын, дәптерін

Ж.с  нда, нде  досында , дәптерінде

9-жаттығу .Өлеңді  көшіріп  жазу .Өтірік  өлеңді  қалпына  келтіру

10-жаттығу Сызбамен  жұмыс .Сызбаны  пайдаланып ,зат  есімді  тіркес  жасау .

11- жаттығу  Мәтінді  мұқият  оқып, қарамен  берілген  сөздерді  көшіріп  жазу .

Сабақтың соңы

(7 минут)

 "Табыс  ағашы " Сабақтағы  өз  іс-әрекетіне  кері  байланыс  жасау .Сабақтағы  тапсырмаларды  орындау  мүмкіндігіне  қарай  табыс  ағашының  тиісті  жапырақтарын  бояу . Бағалаудың  шартты  белгілеріне   сәйкес  өзін-өзі  бағалау. Жұмыстарын  топта  жариялап , дәлелдеу.

Рефлексия

(6 минут)

Сабақтан  игерген  білімдеріне  рефлексия  жасату  мақсатында  жұмыс  дәптеріндегі  "өз  жұмысыңды  бағала "  тапсырмасы  орындатылады .Бірінші  тұрған  " сауатты  жазу " екінші  тұрған  "көркем жазу " ,үшінші  тұрған  "шығармашылық   жұмыстарды  орындау "  дөңгелектері  тиісті  қарындаштармен  боятылады . Нәтижелері  топта  жарияланады .

Пікірлер(0)