К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
| Сабақтың мақсаты: | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
| Тілдік мақсаттар: | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады |
| Күтілетін нәтиже: | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алайды. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алды |
| Бағалау критерийлері: | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Аудиожазба, таныстырылым. |
| Пәнаралық байланыс: | Музыка сабағы, көркем еңбек, дене шынықтыру |
| Бастапқы білім: | қайталау |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10 мин) |
Біз балдырған баламыз , Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. |
|
|
Сабақтың ортасы (15 мин) |
2-тапсырма: «Елдостың тапсырмасы» №1 Өлеңді тыңда. Аудио жазбаны тыңдау Ата ақылы. Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де. С.Мәуленов Бұл өлеңнің авторы С. Мәуленов туралы айту 3-тапсырма: «Аяжанның тапсырмасы» «Галереяға саяхат» ТЖ-әр топқа сурет беру сол суреттердің қарама-қарсы сөздерін тауып алу. (мысалы:кіші-?, ыстық-?,ескі-?) |
|
|
Сабақтың соңы (10 мин) |
4-тапсырма: «Мая апайдың тапсырмасы» №3 Еркіннің хатын тыңдап, сұрағына жауап іздеңдер. ЖЖ: Жеке тапсырмаларды орындау 5-тапсырма: «Білімпаз атаның тапсырмасы» (Баннерден жасалған кілемшеге асықты лақтырып, асық қай суретке түссе сол суреттің астындағы сұрақтарға жауап береді.) №4 Суретте бейнеленген заттардың әрқайсысын ата. Бұлардағы ортақ нәрсе не? 1-топ:( асық осы суретке түссе) Берілген суретке қарап кеспе әріптермен жазу 2-топ:( асық осы суретке түссе) Ән айту 3-топ:( асық осы суретке түссе) QR кодтың жазылып тұрған сөзін оқу және суретін салу (ұялы телефонның көмегімен QR-кодының астында жасырынып тұрған сөзді оқу, буынға бөлу) |
|
|
Рефлексия (5 мин) |
Рефлексия «Ұшақ ұшыру» (Әртүрлі түстегі ұшақтардың ішінде жапсырылған сөздерді оқып, бүгінгі өткен тақырыптар бойынша оқушылыр сабақты қорытындылайды) |
Пікірлер(0)