Қалай дұрыс тамақтану керек ?

Досбаева Оразкүл Нұрланбекқызы
Досбаева Оразкүл Нұрланбекқызы
Жамбыл
Тараз
Абай атындағы №26 орта мектебі
Жаратылыстану
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Адам
Тақырып:

Қалай дұрыс тамақтану керек ?

17.02.2020
51
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

1.2.3.3. Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау.

1.1.1.1. Қоршаған әлем құбылыстары , үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажетілігін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

Адамның өсуі мен дамуына пайдалы тағамдардың керек екенін біледі

Тілдік мақсаттар:

Сабақ барысында оқушылар түйінді сөздерді қолданады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Пайдалы тағам – полезная пища – healthyfood. Тамақтану пирамидасы – пирамида питания – the food pyramid.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-    Адамның өмір сүруі үшін қажет жағдайлар не ? -    Пайдалы тағам түрлерін ата? -    Зиянды тағам түрлерін ата? -    Дұрыс тамақтану не үшін қажет ? -    Дұрыс тамақтану ережесін ата? -    Отбасылық мерекелер қалай өтеді? -    Қандай тағамдарды сүйіп жейсіндер?

Бағалау критерийлері:

1. Адамның өмір сүруі үшін керекті  қажеттіліктерді анықтайды.

2. Қоршаған әлем құбылыстарын, нысандарын зерттейді, қажеттілігін түсіндіреді.

Құндылықтарды дарыту:

Салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты күту, үлкенді құрметтеу, сыйлау, ынтымақтастық құндылықтарын бала бойына дарыту

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Bilimland.kz сайт материалдарын пайдалану арқылы АКТ дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:

Көркем еңбек – суреттерді бояу. Дүниетану – отбасылық дәстүр.

Бастапқы білім:

Пайдалы тағам, тамақтану, тамақ сөздерінің мағынасын түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

                                            1. Психологиялық ахуал   

Үлкенге де сіз,   

Кішіге де сіз,   

Сәлем бердік бәріңе,   

Құрметпенен біз. (қимылмен көрсетеді)

Тақтаға жазылған сөздер арқылы бөлінеді

Сусындар, Тәттілер, Жемістер.

-    Адамдар бұл заттарды не үшін қолданады?

Сабақтың оқу мақсатын хабарлау.

-    Олай болса, бүгін дұрыс тамақтану жолдарын білесіңдер, пайдалы және зиянды тағам түрлерімен танысасыңдар.

Стикер, сурет қиындылары.

Сабақтың ортасы

                                                       1. Сұрақ ілмегі. Ұ.МК.

-  Адамдар не үшін тамақтанады?

- Күніне неше рет тамақтану керек?

- Мөлшері қандай болуы керек?

- Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

- Қай тағамды таңертең, қай тағамды кешке жеген дұрыс?

 - Қазақтын ұлттық тағамдарын ата? 

Видео көрсету ұлттық тағамдар. 

                                             2. «Ойлан, жұптас, бөліс».Т

Тамақтану пирамидасындағы азық-түліктерінің орналасуы. Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қолданатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналастырылған.     


Дескриптор: 

1.Тамақтану пирамидасындағы заттарды атайды.

2. Пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратады.

3. Тамақтың адам өміріндегі қажеттілігін түсінеді. 


Кері байланыс: Серпілген доп 

ҚБ: Бағдаршамам

                                                     3.Сен білесің бе? МК.

Биенің жаңа сауылған сүті өте пайдалы.

Мұндай сусынды саумал деп атайды. Оның көптеген пайдасы бар.

Сергіту сәті: Қимылмен көрсету 

                                              4. Суреттер сөйлейді. Т.    

Суреттерге сүйеніп, адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді атаңыз. Өз ойыңызды түсіндіріңіз. 

Дескриптор:

1.Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді атайды;

2. Адамның өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар туралыәңгімелейді. 

Кері байланыс: Серпілген доп 

ҚБ: Бағдаршам 

                                          5. Түсінік корзинасы Зерттеу. Ж.

Толтырылмаған тамақтану пирамидасы бар қағаз таратылады, өзі жиі тұтынатын азық-түлікті пирамида сатыларына орналастырады.                                

Дескриптор:

1.Адам өміріне қажетті  азық-түліктерге зерттеу жасайды, қажетілігін түсіндіреді.

2. Пайдалы тағамдар жайында әңгімелейді.

3. Қорытынды жасайды. 

Кері байланыс:Серпілген доп 

ҚБ: Бағдаршам 

                                                     6. «Сиқырлы қалам».

3 күнге арнап  таңғы ас мәзірін дайында. Бірінші күнгі таңғы асқа қажетті азық-түлікті көк түспен, екінші күндікін жасыл, үшінші күндікін қызыл түспен қоршап сыз.    

Дескриптор:

1. Үш күнгі таңғы ас мәзірін анықтайды.

2. Қажетті азақ-түлікті бояйды, қоршап сызады. 

Кері байланыс: Серпілген доп 

ҚБ: Бағдаршам


Оқулық.  Суреттер, видео көрініс. https://youtu.be/87DXDvM7RBg 


Тамақтану пирамидасының сызбалық көрінісі.


Тамақтану пирамидасы бар парақтар, суреттер.


Видео көрініс. http://youtu.be/7zrynt1NLh8


Суреттер.


Бос пирамида.


Дәптермен жұмыс.

Сабақтың соңы

Кері байланыс: Табыс баспалдағы

Баспалдақ, смайликтер.

Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Пікірлер(0)