Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» Еңбек-біздің өмірімізде.
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» Еңбек-біздің өмірімізде.
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 5.2.4.1 (А/И)-көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу 5.1.1.1 (Б/С) Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу |
| Сабақтың мақсаты: | Шығарманың тәрбиелік мәнін ашады. Шынайы өмірмен байланыстырып бағалайды. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазады. Оқырманның рухани дүниесіне шығарманың беретін тәрбиесін талдай отырып, сыни хабарлама жазады. |
| Бағалау критерийлері: | Шығарманың тәрбиелік мәнін ашады. Шынайы өмірмен байланыстырып бағалайды. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазады; Сыни хабарлама жазады. |
| Пәнаралық байланыс: | Тарих, география |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Амандасу. Ширату «Жалғасын тап» атты ширату жаттығуымызда мақал-мәтелдерді қиямыз, оны оқушылар құрастырады. Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер ) Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме ) Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің ) Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет ) Еңбек адамның … ( екінші анасы ) Еңбек – ата, … ( жер – ана) Еңбекет те мақтан, … ( ойнапкүл де шаттан ) Еңбеккежастан, … ( өнергебастан ) Үй тапсырмасын тексеру: «Қыпшақ Сейітқұл туралы менің түйген ойларым» деген тақырыпта жазған эсселерін оқиды. Дескриптор: - Кейіпкердің адамгершілік қасиетін ашады; - Шығармадан дәлелдер келтіреді; - Эссе құрылымын сақтайды. ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өз жұбына кері байланыс береді |
|
|
Сабақтың ортасы |
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады. 1-тапсырма ЖЕКЕ ЖҰМЫС Концептуалдық кесте 1.Әңгімедегі кейіпкерлерді жазады. 2.Кейіпкерлердің іс-әрекетін теріп жазады. 3. Кейіпкердің адамгершілік қасиетін жазады. 4. Кейіпкер әрекетіне өзі баға береді. Кейіпкер Іс -әрекеті Адамгершілік қасиеті Кейіпкерге бағаң Дескриптор - Кейіпкердің іс-әрекетін табады; - Кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін жазады; - Кейіпкерге өзіндік баға береді; - Баға беру барысында мақал, нақыл сөздер қолданады. ҚБ«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өз-өзіне кері байланыс береді 2-тапсырма ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС «Қос құты» әдісі Қыпшақ Сейітқұл мен өз өміріңде кездестірген еңбек адамының адами қасиеттерін анықтап, өзара салыстырыңыз. Дескриптор - Кейіпкерлердің адами қасиеттерін анықтайды; - Кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін салыстырады; ҚБ «Шынайы баға, жалған баға» әдісі арқылы жұптар бір – бірін бағалайды. 3-тапсырма Жеке жұмыс «Рафт» әдісі бойынша «Еңбегі көптің өнбегі көп» деген тақырыпта әңгіме авторы Ыбырай атамызға хат жазыңыз. Рөл- оқушы Аудитория – авторға Форма – хат, өлең Тақырыбы – «Еңбегі көптің өнбегі көп» Дескриптор - Адал еңбектің адам өміріндегі пайдасын көрсетеді; - Шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады; - Хат құрылымын сақтайды. ҚБ «Үш шапалақ» әдісі 4-тапсырма Жеке жұмыс. Оқырманның рухани дүниесіне шығарманың беретін тәрбиесін талдай отырып, сыни хабарлама жазады. «Қыпшақ Сейтқұл әңгімесінің тәрбиелік мәні» деген тақырыпта шығарманың оқырманға беретін тәлім-тәрбиесін талдап жазыңыз. Бағалау критерийі -Кейіпкердің іс-әрекетіне талдау жасай алады; - Өмірмен байланыстырып сыни баға береді; Дескриптор: - Кейіпкердің іс-әрекетін шығармадан дұрыс таңдайды; -Іс- әрекеті бойынша кейіпкердің өзіндік құндылығын анықтайды; - Кейіпкерге сыни көзқараспен баға береді. ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне кері байланыс береді Кері байланыс. |
|
|
Сабақтың соңы |
«Сабақ нәтижесі бойынша комплимент айтқым келеді: сабаққа, сыныптасыма, жазушыға т.б.» Оқушылар сабақта орындаған тапсырмалары бойынша сыныптасына, шығарма авторына, сабаққа комплимент айтады. Үй тапсырма: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің мазмұнын оқу |
Пікірлер(0)