Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

Кожухова Анар Бакитбековна
Кожухова Анар Бакитбековна
Костанайская область
Костанай
Средняя школа №29
Математика
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
Тақырып:

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

18.02.2020
1514
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

3.1.1.2 үштаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

3.1.1.3 үштаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу  

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: үштаңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады

Көптеген оқушылар: үш таңбалы сандардан өрнек құрастырады, мәнін табады; разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады, жүздіктердің өсу ретіне берілген заңдылықты жалғастырады;

Кейбір оқушылар: үш таңбалы сандардың кластық құрамын анықтай алады.  

Тілдік мақсаттар:

    Пәнге тән лексика мен терминология: ондық, бірлік, жүздік, мыңдық,сандардың заңдылығы, реттілігі, қосылғыш, азайтқыш, азайғыш, айырма, әріптік өрнек, сандық өрнек, теңсіздік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Неліктен үш таңбалы сан деп ойлайсың?

-Бұл санда қанша бірліктер, ондықтар, жүздіктер, бар?

-Бұл санды қандай разрядтық қосылғыштарға жіктеуге болады? Сыни ойлау сұрақтары: -… бұл өрнектің мәнін табуға бола ма?  

Бағалау критерийлері:

Үш таңбалы сандарды құрастырады, оқиды және жазады.

Үш таңбалы сандарды салыстырады.

Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды.

Разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтайды.

Үштаңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді.  

Құндылықтарды дарыту:

- айналадағы адамдарға деген құрмет;

- ынтымақтастық, сыйластық, өзара түсіністік;     

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс:

АКТ,әдебиеттік оқу,дүниетану

Бастапқы білім:

3.1.1.1 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақты көтеріңкі көңіл-күйде амандасу жаттығуын жасаймыз, алдыңғы меңгерілген білімді ескере отырып, жаңа білімге қызығушылығын ояту үшін «Динамикалық шеңбер» әдісін пайдаланамын.

Мақсаты: Айтылым,тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін қолданамын.

Қыздар ішкі шеңберге,ұлдар сыртқы шеңбеге тұрады.Ішкі шеңбердегі оқушылар екі таңбалы,үш таңбалы санды айтады, сыртқы шеңберде ұлдар екі таңбалы, үш таңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеп айтады.

Сабақ мақсатын айқындап аламыз: үштаңбалы сандарды оқу,жазу және салыстыру үшін тапсырмалар орындау, үштаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы оқу мақсатына жетуге жұмыс жасаймыз.   

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/ush-tangbaly-sandar?mid=f8427db0-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Сабақтың ортасы

Белсенді оқыту- Сұрақ қою жəне талқылау

Саралау тәсілі- тапсырма.

Бағалау критерийлері

- Үш таңбалы сандарды құрастырады, оқиды және жазады -Үш таңбалы сандарды салыстырады.

«Миға шабуыл» әдісі. Мақсаты оқушылардан үш таңбалы сандардың құрылымын сұрау арқылы, ұжымдық тапсырманы орындатқызу.

1 тапсырма Берілген сөздерді пайдаланып, барлық үш таңбалы сандарды құрастырып жаз. Олардың ең үлкенін және ең кішісін анықта. Сандардың разрядтық құрамын ата.  

Сандар: __________________________________________

Ең үлкен сан: ____________________________________

Ең кіші сан: ______________________________________ 

Жетпіс Алты жүзҮш жүзСегіз

Тоқсан


Дескриптор: - білім алушы

- берілген сандардан мүмкін болатын барлық үш таңбалы сандарды құрастырады;

- салыстыру арқылы ең үлкен санды анықтайды;

- салыстыру арқылы ең кіші санды анықтайды

Кері байланыс:

“Сиқырлы қалпақ” әдісі.  


(Д)

Белсенді оқыту- сұрақ қою және талқылау

Саралау тәсілі- қарқын

Бағалау критерийі

- Үш таңбалы сандардың разрядтық, кластық құрамын анықтайды.

2 тапсырма. Деңгейлік саралау.

Оқушылардың пән бойынша білім деңгейлерін анықтау.

А деңгейі Заңдылығын анықта және әр қатарды тағы 3 санға жалғастырып жаз.

157, 257, 357, ..., ... , ... .

934, 834,734, ..., ... , ... .

В деңгейі Кестедегі белгілер бойынша үш таңбалы сандар құрастырып жаз. Оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.   


ЖүздіктерОндықтарБірліктер***********************


 С деңгейі

1257, 1635, 1493 сандарын разрядтық кестеге түсір 

 Дескриптор:

-заңдылықты сақтап, үш таңбалы сандарды жазады.

- үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді.

- көп таңбалы сандарды класстар бойынша жіктейді.

Кері байланыс: «Сигналдық карта»

Мақсаты: Оқушылардын деңгейлік тапсырмалардан алған әсерін анықтау.  


(Ж)

Белсенді оқыту – түсіндіру жəне сипаттау

Саралау тәсілі- қарқын

Бағалау критерийі

- Разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтайды.

3 тапсырма.

«Айна» әдісін қолданамын. Қолдану мақсатым: оқушы мен оқушының бірге жұмыс жасай білуге, бірін-бірі толықтыруға,жұпта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру үшін қолдандым. Екі оқушы жұптаса отырып орындайды. Біреуі оқиды, жазады, екіншісі қайталайды және кезектесіп ауысып жасайды.

Дескриптор: -сандардың разрядтық құрамын анықтайды.

Кері байланыс:“Жапондық бағалау” әдісі.  

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/ush-tangbaly-sandar?mid=f8427db1-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe








https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/ush-tangbaly-sandar?mid=f8427db8-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe








Сабақтың соңы

(Т)

Белсенді оқыту – бекіту жəне қолданысқа енгізу

Саралау тәсілі- қорытынды

Бағалау критерийі

- Үштаңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді

4 тапсырма.

Семантикалық картаны қолдану мақсатым: сабақтың оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін қолданамын.   


мысалдарЖүзд.Онд.Бірл.Сан 964



578



351



785



 Дескриптор

- 964 санының разрядтық құрамын анықтайды.

- 578 санының разрядтық құрамын анықтайды.

- 351 санының разрядтық құрамын анықтайды.

- 785 санының разрядтық құрамын анықтайды.

Кері байланыс. «Бас бармақ”әдісі.  

Рефлексия

Кері байланыс «Жетістік ағашы» бойынша әр оқушы оқу мақсатына жеткендігіне қарай қызыл,көк,жасыл сигналдық парағын жапсырады.

Қызыл- мен тапсырмада қиналдым,маған жұмыс жасау керек Көк- мен тапсырманы орындадым,бірақ қателік жібердім. Жасыл- мен барлық тапсырманы дұрыс орындадым.  

Пікірлер(0)