Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспенсәйкестендіру 1.2.6.1* мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу 1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау 1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
| Сабақтың мақсаты: |
|
| Тілдік мақсаттар: | Тілдік дағдылар: доп |
| Күтілетін нәтиже: | Жаңа тақырыпты оқушының толық меңгеруі |
| Бағалау критерийлері: | Дд дыбыс мен әрпін бір-бірінен ажырата алу,әріпті дыбыспен сәйкестендіре алу; -Дд әрпі бар сөздерді буындап,тұтас оқи алу;. |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Суреттер ,оқулық,тірек сөздер |
| Пәнаралық байланыс: | жаратылыстану |
| Бастапқы білім: | Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5мин) |
Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп көрейік.Қасымыздағы достарымызға өз аттарына сәйкес жылы лебізімізді білдіреміз Бүгін сауат ашу сабағымыздың шаттық шеңберін ойынмен бастайық. Балалар сендер ойынды жақсы көресіңдер ме? Біз «Ойлан тап» ойынын ойнаймыз. Менің қолымда доп бар. Мен допты қай балаға лақтырсам , сол бала менің қойған сұрағыма жауап беруі керек. 1.- Сауат ашу сабағында біз нені үйренеміз? Сауат ашу сабағында әріптерді, дыбыстарды үйренеміз. 2. - Әріп деген не? Әріп дегеніміз – дыбыстың таңбасы. 3. - Дыбыс нешеге бөлінеді? Дауыссыз жіне дауысты болып екіге бөлінеді. 4. - Буын деген не? Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. 5. - Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 6.-Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: жуан және жіңішке. Өткен әріптерді қайталау Балалар, қазір «Зейінді бол» ойынын ойнаймыз. Адасқан әріптерді өз үйлеріне салайық. Дауысты дыбыстарды қызыл үйге, дауыссыз дыбыстарды көк үйге орналастырыңдар. А, Н, Л, Р, О, Т, У, Ш, С, • Жарайсыңдар, балалар! |
|
|
Сабақтың ортасы (30мин) |
№1 Тыңдалым. Ойлан тап! Жұмбақ шешу Тепсең жаны кіреді, Айдағанға жүреді. /доп/ Он екі белбеулі, Ән-күйі кернеулі. /домбыра/ Бұл жұмбақтардың шешулері қандай әріптен басталып тұр? («Д» әрпінен басталып тұр) • Дұрыс айтасыңдар, ендеше, біз бүгін «Д» әрпімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. «Д» әрпімен таныстыру Суретпен жұмыс. Допты сипаттау. Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да. - Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме? - Бұны балалардан сұрап көрелік. Дескриптор: - Ойлан тап ойыны арқылы оқушылар өздерінің ойларын айтады; - өткен әріптерді есіне түсіріп, қайталайды; - жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашады; - сурет арқылы әрекеттерді сипаттайды; №2 Оқылым Да-ла ау-ла Да-на Ду-лат Да-ла-да ау-ла-да Да-на-да Ду-лат-та Далада ауа . Дана, Дулат аулада. Олар ойнады. Дана, Дулат – . №3 Жазылым Дәптермен жұмыс 1. «Д» әрпін ауада жазу 2. «Д» әрпін үлгі бойынша жазу №4 Айтылым «Д» әрпі бар сөздер айтқызу. Топтық жұмыс Шығармашылық тапсырма Оқушыларды геом. фигуралар (үшбұрыш және шаршылар) арқылы 2 топқа бөліп, сурет бойынша әңгіме құрату Топ мүшелері жұмыстарын өзара бағалайды. Жұптық жұмыс. Буындардан сөз құрастыру Да-ла, дом-бы-ра, дас-тар-қан, дә-рі, ди-ван Дескрипторлар: - сөздерді оқиды; - д әрпін үлгі бойынша дәптерге жазады; - д әрпі бар сөздерді атайды; - олардың сыни ойлауы дамып, өздігінен жұмыс жасай алады - берілген буындардан сөз құрастырады; - жұмыстарын өзара бағалайды. |
|
|
Сабақтың соңы (3мин) |
- Балалар, бүгін біз қандай әріп таңбасымен таныстық? - «Д» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба? - Кім «Д» дыбысынан басталатын сөздер айтады? - «Д» дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?
|
|
|
Рефлексия (2мин) |
Рефлексия. Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін бас бармақ арқылы көрсету |
Пікірлер(0)