Аламын білім кітаптан
Әдебиеттік оқу
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Менің мектебім
Тақырып:
Аламын білім кітаптан
19.12.2019
146
3
Аламын білім кітаптан | 2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау. 2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау |
Бағалау критерийі | 1.Тірек сөздер арқылы кемінде 3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады. 2.Бөлімдерге жауап жазады. 3..Кейіпкерлерге сұрақ қояды. 4. Қиындылардан кітап суретін құрастырады. |
Сабақ нәтижесі | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Жазба жұмыс жасайды, сұрақтарға бірлесе ойланып, жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Авторға сұрақ қоя алады, өмірмен байланыстыра алады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Басталуы (10 минут) |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға біріктіру Қима қағаздар арқылы топтастыру Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану пәні атаулары жазылған Тақтада бейнетаспа көрсетіледі. Нұсқау. Біз кітапты қайдан аламыз? Кітапханадан. Кітапханаға барған сендерге ұнады ма? Кітапанаға барғанда қандай кітапты таңдар едіңдер? Ендеше бүгінгі тақырыбымыз: «Аламын білім кітаптан» Сабақтың мақсатын хабарлау. Балалардан өз ойларын сұрау. |
Кітап туралы ән тыңдау Бейнетаспа. «Кітапханадағы бір күнім....» https://www.youtube.com/watch?v=tObAYSGANBY&list=PLm8b4TrIR2Advl7OMTt9cmfF3IhjBuFKt&index=16&t=0s

Ортасы (20 минут) |
Нұсқау. Оқушыларға мәтіннің басы оқылады. Оқушылар сол мәтінді жалғастырып жазады. Ал, балалар мен сендерге кітап туралы болған оқиғаны айтып берейін... Мұқият тыңдаңдар. Сабақтан келісімен Оспан сөмкесін лақтырып үстел үстінде тұрған тамақты апыл-ғұпыл ішіп кетті. Ол кешке дейін доп қуып жүргенде, Мұрат та қарап отырған жоқ. Әуелі Оспанның сөмкесін мысықтың мойнына байлап біраз сүйретті. Сонан соң... -Енді балалар ары қарай не болуы мүмкін? Кәне, жалғастырып жазайық. Сөйлемдеріміз 3 сөйлемнен кем болмауы керек. Оқушылар жазған сөйлемдерін топта оқып, ойласып , ең жақсы жазған деген оқушы топта жариялап оқиды. Нұсқау. Осыдан соң балаларға суретті көрсету. Сұрақ: - Суреттегі оқиға мәтіндеріңнің қай бөліктерінен кездесті? -Осы мәтіннің басы, ортасы, аяғын айтайықшы. 1 сурет мәтіннің ортасы, 2 сурет соңы. Мәтінде тағы не жетіспейді? Тақырыбы Оқушыларға мәтіннің тақырыбын айтқызу. |
Bilimland 7 тарау, орта деңгей 1 сабақ «Кітапхана» бейнетаспа

Соңы (8минут) |
Жарайсыңдар, балалар.Енді тақтаға Оспан мен Мұратты шақырайықшы. Кейіпкерлерге оқушылар сұрақ қойып, кейіпкерлер жауап береді. Нұсқау. Қазір алдарыңда тұрған қиындыларды біріктірсеңдер Оспанның жыртылғаан оқулықтарының атауы шығады. (Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану ) |

Кері байланыс (2 минут) |
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Тапсырманы орындай алдым», «Аздап қиналдым», «Маған көмек керек!», «Тапсырманы орындай алмадым» деп аталады. |
Қосымша ақпарат
Сабақта жоспарланған тапсырмалар оқушыларға тиімді болды. Балалар сабаққа қызығушылықпен қатысып, мәтінді жалғастыруда өз ойларын еркін жеткізе алды. Балаларға кітапханаға барған ұнады және де Bilimland сайтынан көрсетілген тапсырмаларды ынтамен орындады. Берілген уақыт ішінде жоспарланған тапсырмалар орындалды.
Файлдар:
Файлды ару
Аламын білім кітаптан
Пікірлер(0)