Алгоритм түсінік
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Біздің өмірімізде алгоритмдер
Тақырып:
Алгоритм түсінік
18.02.2020
41
0
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |
.3.2.1-алгоритм анықтамасын тұжырымдау

5.3.2.2-алгоритмді сөз түрінде ұсыну

5.3.2.3-орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру

Сабақтың мақсаты: |
Орындаушы ұғымы мен орындаушыға команда беру нысандарын біледі;

Орындаушы мен командалар жүйесін анықтайды;

Формальды және формальды емес орындаушы командалар жүйесіне талдайды

Тілдік мақсаттар: |
Пәндік лексика мен терминология:

Алгоритм, команда, орындаушы Орындаушы-исполнитель-executor Команда-команда-command Алгоритм-алгоритм-algorithm Сұхбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер: Бұл сабақта формальды және формальды емес орындаушы не екенін түсіндім. Келесі сабақта маған алгоритмді сөз түрінде құру қажет. Лабиринтті тапсырманы қолданып жасауға болады.

Күтілетін нәтиже: | Алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіре алады Командалар жүйесін қолданып алгоритм жазуды біледі Командаларды түрлендіре алады |
Бағалау критерийлері: | Қалыптастырушы бағалау |
Құндылықтарды дарыту: | Құндылыққа баулу арқылы оқушылардың қарым – қатынас сыни ойлау жүйесін қалыптастыру, оны өмірде қолдана білуге дағдыландыру. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | компьютер, bilimland.kz,Активстудия |
Пәнаралық байланыс: | Ағылшын, орыс тілі, математика, |
Бастапқы білім: | Оқушылар программа жайлы түсінеді. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (10 мин) |
«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б. Топқа бөлу қағаз қиындылар «Қар кесегі» әдісі арқылы өткен тоқсанды қайталау. Графика деген не? Графиканың қандай түрлері бар? Растрлық кескін дегеніміз не? Ол қандай мағынаны білдіреді? | |
Сабақтың ортасы (24 мин) |
«Миға шабуыл» intro Суреттер арқылы оқушылардан сұрау арқылы тақырыпты ашады. Адам бір нәтижеге жету үшін не істейді? Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген көрнекті математик Әл-Хорезмидің латын тілінде бұрмаланған аты. Ол бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым. Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі №1-тапсырма. «Жасырын сөзді тап» Алгоритм анықтамасын құрыңыз. 1. Алгоритм – берілген ...... шешу үшін орындалатын амалдар тізбегі. 2. Алгоритм ұғымы араб математигі ...... есімімен байланысты. 3. Алгоритм жазудың ...... түрлі формасы бар. Дескрипторлар • Алгоритм анықтамасын толықтырады. • Алгоритм ұғымының формаларын атайды. Қалыптастырушы бағалау №2-тапсырма. «Сәйкестендіру» Дастарқан дайындау дұрыс жолын нөмірлеу Өсімдік өсіру алгоритмін нөмірлеу Дескрипторлар • «Дастарқан дайындау» алгоритмініне мысал келтіреді; • «Өсімдік өсіру» алгоритміне мысал келтіреді. Қалыптастырушы бағалау |
активстудия Үлестірмелі материалдар

Оқулық, компьютер, bilimland.kz

Сабақтың соңы (3 мин) |
«Хан жарлығы» әдісі 1. Алгоритм деген не? 2. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар? 3. Алгоритмнің жазылу формаларын атаңдар. Үйге тапсырма. Параграф-15 | Күнделік дәптер, смайликтер |
Рефлексия (3 мин) |
«Қосу-алу-қызықты» әдісі | смайликтер, стикер |
Пікірлер(0)