Ауа райы деген не?

МУБАРАКОВА НУРГУЛЬ АЛЕКСАНДРОВНА
МУБАРАКОВА НУРГУЛЬ АЛЕКСАНДРОВНА
Нур-Султан (Астана)
'Сарыарқа' ауданы
Средняя школа № 61
Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Бізді қоршаған әлем
Тақырып:

Ауа райы деген не?

19.12.2019
148
PDF жүктеу WORD жүктеу
Ауа райы деген не?
Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау.  Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау.  Барлық оқушылар: Ауа райының құбылыстарын, шартты белгілерін білу. Көптеген оқушылар: ауа-райының адамға әсерін түсіну, іс- әрекетіне ықпалын түсіну. Кейбір оқушылар: жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақыттарын тиімді жоспарлау .

Бағалау критерийі • Ауа-райы құбылыстарының шартты белгілерін біледі. • Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне тигізетін әсерін анықтай алады; • Жылдың әр мезгіліне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтап айта алады;

Тілдік мақсат Пәнге тән лексика мен терминология: Ауа райы, климат, жыл мезгілдері, шартты белгілер Талқылауға арналған сұрақтар • Қазір қай мезгіл? • Ауа райы қандай? • Ауа райынның құбылыстарын білесіңдер ме?

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жүзеге асыру: ынтымақтастық, құрмет сабақ барысында іс жүзіне асырылады

Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, сауат ашу

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Ауа райы деген не

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. -Бүгінгі ауа райы қандай? -Бүгінгі көңіл-күйлерің қандай? -Ендеше, балалар барлығымыз ортаға шеңберге тұрып,мына өлең жолын айтайық! - Қуанамын менде,(өзін көрсетеді) - Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді) - Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды) - Арайлап атқан күнге (қолдарын көтереді) «Стикер» әдісі Оқушылар (қыс, көктем, жаз, күз )жыл мезгілдері жазылған түрлі -түсті қағаз арқылы, топқа бөлінеді. -Осы топ атауы туралы не айтуға болады? (алдыңғы білімін пысықтау) Мақсаты: бастапқы білімін тексеру. (Балалар топта талқылап, білгендерін айтады) Қыс, көктем, жаз, күз бір сөзбен қалай айтуға болады? -Жыл мезгілдері дейміз. Дағды: жыл мезгіліне қатысты ауа-райын құбылыстарын салыстыру, болжау,сипаттау дағдысы қалыптасады. ҚБ: Мадақтау. «Жарайсың», «Керемет» (Ұж) Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға бейне фильм көрсету . - Балалар фильмнен не көрдіңдер? -Не туралы болды? Неліктен теледидардан, радио немесе телефонға смс арқылы күн сайын алдағы күннің ауа райын хабарлайды?( жауаптары тыңдалады). -Сонымен , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? (Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады).  №1.Топпен жұмыс. Ойлан-жұптас- бөліс. Әр топ өз жыл мезгілдері жайлы және адамдардың еңбегі жайлы әңгімелеу Топпен талқылап, қорғау Мақсаты: Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау . Дағды: салыстыру, болжау, сыни ойлау. ҚБ: «Басбармақ» арқылы бағалау №2.Жж. «Кім дұрыс киім таңдайды?» ойыны. Мақсаты: әр жыл мезгіліне тән ауа райының өзгеріп тұратынын түсінеді . Шарты: оқушылар берілген сурет бойынша жыл мезгілдеріне тән киім таңдайды. Дағды: бірлесіп жұмыс жасай білу және сыни ойлау дағдысы қалыптасады. ҚБ: «смайлик» арқылы жұп бір –бірін бағалайды. /Ұ/. Барлық бала ұйықтайды. (барлығы партада ұйықтайды) Таң атты (барлығы оянады) Жаңбыр жауды ( саусақтармен тырсылдатады) Найзағай соқты ( аяқтармен тарсылдатады) Қатты, қатты жел соқты, гу-гу, Жапырақтар қол соқты, ду-ду. Жел соқты, гу-гу, Жаңбыр басылды, Күн ашылды. №3_Өзің тұратын елді мекеннің ауа райын сипатта. Шартты белгілерді қолдан. Бақылау уақыты Бұлтты Жел Жауын-шашын Күн Таңертең Түсте Мақсаты: ауа райы құбылыстарының шартты белгілерін ажырату Дағды: Ізденушілік, байқампаздық қасиеті, шартты белгілерді бір-бірінен ажырату. Дескриптор. -жыл мезгіліне тән шартты белгілерді біледі. -кестеге тиісті белгілерді қоя алады. ҚБ: «бағдаршам» әдісімен өзін- өзі бағалау -Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? -Несімен ұнады? -Сабақтың мақсатына жету үшін қандай тапсырмалар орындадық?

Кері байланыс 2 мин Толық түсінгендер «күннің» белгісін, түсінбегендер «жаңбыр» белгісін көрсетеді.

https://imektep.kz/kz/game#quiz-1095

https://imektep.kz/kz/aua-rayi

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қалыптастырушы бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі. Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Топтық,Жұптық жеке жұмыс Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Смайлик, бағдаршам, бас бармақ арқылы бағалау,мадақтау . Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Cабақ барысында қауіпсіздік ережесі ескертіледі және сақталып отырды. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары мен оқу мақсатымен тығыз байланысты,нақты,қолжетімді және нәтижеге бағытталып қойылған.Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізу үшін сабаққа белсене қатысып,барлық тапсырмаларды орындады.Саралау жұмысын орындау барысында оқушылардың танымдық қызметке қызығушылықтары артты, оқушылардың қателіктерінің алдын алуға мүмкіндік берілді. • Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Сабақ мақсаттары,оқу мақсаттары жоспар бойынша дұрыс қойылған • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Барлық оқушылар оқу мақсатына сабақ барысында қол жеткізді • Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақта топтық,жұптық,жеке жұмыс кезінде саралау жұмыстары жүргізілді.Саралау әдісі кезінде білу,түсіну, сыни ойлау дағдылары қалыптасады. • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабаққа берілген уақытты тиімді пайдаландым. • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады.Барлығы ретімен өтті. Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Өз ойларын ашық және дәлелмен айтуға, мысалдар мен дәлелдер келтіруге дағдыланды. 2: Оқушы өзін –өзі бағалай алатынына көз жеткіздім. Сабақты жақсартуға не ықпал етер еді алады (оқыту туралы да, оқу туралы ойланыңыз) 1: Ашық сұрақтар қою және сұрақ қою кезінде тиімді пайдалану оқушының даму дәрежесін арттырады. 2: Өзінің іс – әрекеті мен сыныптастарының іс – әрекетін салыстыра отырып, оқушылардың бойында өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет қажет? Оқушылардың ойын бөлмеу, сөйлемей отырған оқушыларға назар аудару.

Файлдар:

Файлды ару Ауа райы деген не?

Пікірлер(0)