Туған күн

СЕИЛОВА КЫЗГАЛДАК АБИЛКАИРОВНА
СЕИЛОВА КЫЗГАЛДАК АБИЛКАИРОВНА
Ақмола облысы
Державин қ.
КГУ «СШ им. А. Укубаева с пришкольным интернатом»
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер
Тақырып:

Туған күн

19.02.2020
62
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 5.1.1.1. ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау; 5.4.1.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады; Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Тілдік мақсаттар: Негізгі сөздер мен тіркестер: мүшел жас, жұлдызнама. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, болуы мүмкін, бұл пікірмен келісемін/ келіспеймін.
Күтілетін нәтиже: Грамматикалық ережелерді ұстанады, шығармашылық жұмыстарда қолдана алады
Бағалау критерийлері: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
АКТ-ны қолдану дағдылары: https://go.mail.ru/search_video?src=go&fr=amigo&sbmt=1573148434930&gp=inet2amigo&q=%D0%9C%D2%AF%D1%88%D0%B5%D0%BB+%D0%B6%D0%B0%D1%81&d=6545256827098523618&sig=2e9394fded&s=ok.ru
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ әдебиеті, математика
Бастапқы білім: Тілашар дәстүрінің маңызын түсінеді

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру Қуан, шаттан, қуан, шаттан, Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. «Болжау» стратегиясы. Суреттерге қарап, бүгінгі тақырыптың не туралы болатынына болжау жасаңдар. «Отбасы мүшелері және олардың туған күндері» тақырыбында диалогке қатысады.

Сабақтың ортасы

(15 минут)

1-тапсырма. Мәтінді үндестік заңына сай, түсініп оқы. Мүшел Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшелден есептеледі. Мүшелдің алғашқысы 13 жастан бастап, кейін әр мүшел сайын 12 жылдан қосып отырады. Сонда екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49 және одан әрі осылайша есептеле береді. Бұрынғы кісілер жасын айтқанда «бес мүшелден екі жыл астым» (63 жас), «жеті мүшелге толдым» (85 жас) дейді. Мүшелдің 12 жылдан айырылуының өзі адам өмірінің елеулі кезеңіне сәйкес келеді. Мысалы, бір мүшел (13) балалық, екі мүшел (25) күш-қуаттың толысуы, үш мүшел (37) жан-жақты толысу, төрт-бес мүшел (49-61) кемелдену, одан әрі қарттық дәуірге сәйкес келеді. Халық ұғымында әр мүшел «адам өміріне қауіпті жыл» деп саналып, мүшел жасында жаңа киімін біреуге беріп, құдайы таратады. Бұл жасында әр адам сақтанып жүреді: алыс, ауыр сапарларға шықпайды. Ауа райының қолайсыз кезеңдерінде абайлап жүреді. Қазақтардың мұндай сақтануы негізсіз де емес. Өйткені адам ағзасында әр 12 жылда үлкен өзгеріс болып тұрады. 1.Бүгінгі тақырып пен мәтіннің арасында қандай байланыс бар? 2.Халық неге мүшел жасты қауіпті деп есептеген? 3.Тағы қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер? Оқылым мәтінін негізге ала отырып, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар. Үндестік заңына сай айтылуы мен жазылуында өзгешелігі бар сөздерді теріп жазыңдар. Ұлттық-ұлттұқ, ұғым-ұғұм, бұрынғы-бұрұңғы, өзі-өзө, үлкен-үлкөн, өйткені-өйткөні. Отбасы мүшелерінің жасын мүшел жаспен байланыстырып жазады. 3-4 сөйлем. Үлгі: Атамның жасы 58-де, ол 5 мүшелге жақындады. Әкемнің жасы 39-да, ол 3 мүшелден асты. 2-тапсырма. Әр оқушы өзінің туған айын күн жолындағы шоқжұлдыздар бойынша сәйкестендіріп, жұлдыз айларын біледі. Мұғалім шоқжұлдыздар бойынша топтастырып, жақсы қасиеттерін оқып береді. Жұлдыз айлар (немесе күн жолындағы шоқжұлдыздар)

Қазақ тілінде ай аралығы Тоқты 21 наурыз – 20 сәуір  Торпақ 20 сәуір – 20 мамыр Егіздер 21 мамыр – 21 маусым Шаян 22 маусым – 22 шілде Арыстан 23 шілде – 22 тамыз Бикеш 23 тамыз – 22 қыркүйек Таразы 23 қыркүйек – 23 қазан Сарышаян 24 қазан – 22 қараша Мерген 23 қараша – 21 желтоқсан Тауешкі 22 желтоқсан – 20 қаңтар Суқұйғыш 21 қаңтар – 18 ақпан Балық 19ақпан – 20 наурыз Айтылуы мен жазылуында өзгешелігі бар шоқжұлдыздың атын атаңдар.

Айтылуы мен жазылуында өзгешелігі бар шоқжұлдыздың атын атаңдар.

Сабақтың соңы

(10 минут)

Тыңдалым. «Туған күн» әнінен үзінді тыңдату арқылы, туған күнге айтылатын тілектер жайлы ой қозғау. Ата-аналарының, бауырларының не достарының туған күндеріне құттықтаухат жазады.

Рефлексия

(5 минут)

Кері байланыс

«Табыс ағашын» бояу арқылы оқушылар сабақтың қалай өткенін, өздерінің сабаққа атсалысуын бағалайды.

Жасыл – «барлығын дұрыс істедің»

Сары – «қиындықтар болды»

Қызыл – «қателер көп болды»

Үйге тапсырма: 5-тапсырма. 34-бет.

Пікірлер(0)