Тоғызқұмалақ ойыны

Эльвира Казмуканова Бабатаевна
Эльвира Казмуканова Бабатаевна
Ақтөбе
Темір
Кеңқияқ ЖОББМ
Дене шынықтыру
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Тақырып:

Тоғызқұмалақ ойыны

19.02.2020
53
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 5.2.7.1 жарыс кезінде әділ ойнау патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез құлық көрсету және түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Балалар сабақта тоғызқұмалақ ойынының ережесін біледі. Тарихын толық танып білген. Тоғызқұмалақ туралы түсінік қалыптасқан. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Балалар сабақта алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. Есептеп өзіне тиімді жүріс жасай алады Ойынның ойнау тәртібін өзгелерге түсндіре алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Ойын ойнау кезінде, тұздық қоя алады кейбір тактикалық тәсілдерді шеше алады. Ойын жүрістерін есептеп жеке талдай алады. Аудандық деңгейде ойнап жарысқа қатысады.
Тілдік мақсаттар: Пәндік лексика және терминалогия: Оң нәтижеге жету тактикасы мен стратегиясын топтарда паш ету және талқылау. Сабақ белсенділігін тірек сөздерін үш тілде біледі: Ұлттық-национальный-national, ойын-игра-geme; стратегия-strategy; тактика-tactics, жұп-чётный-even, тақ-нечётный-odd, сан-цифры-numeral Тоғызқұмалақ сөздігі: тақта, қазан, отау, құмалақ, сандар
Күтілетін нәтиже: оқушының ой өрісі, ойлау қабілеті дамиды, математикалық есептеуде шапшаңдық таныту.
Бағалау критерийлері:
Багалау параметрі

І Тоғызқұмалақ ойынын толық меңгеріп жоғарғы деңгейде ойнайды. Өзі тактика құрып ойынды өзгелерге үйрете алды Құмалақ санауда шапшаңдық танытады.

ІІ. Тоғызқұмалақ ойынының әдіс-тәсілін біледі. Тұздықты тиімді аша алады. Әлсіз отауларға шабуыл жасай алады.

ІІІ. Ережесімен танысып тарихын біледі. Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Отаулардағы жүрісті жүре алады.

Құндылықтарды дарыту: 1.Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» бағдарламасынан
АКТ-ны қолдану дағдылары: компьютер, интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақтасы, құмалақтар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі сабағы(терминдерді орынды қолдану), математика (есептеу дағдысы) Тарих пәні (ойынның шығу тарихы) Ағылшын, орыс тілі пәндері (ұлттық-национальный-national, ойын-игра-geme; стратегия-strategy; тактика-tactics, жұп-чётный-even, тақ-нечётный-odd, сан-цифры-numeral)
Бастапқы білім: Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Балаларды шеңберге тұрғызып, «Жүректен жүрек» әдісі арқылы бір-біріне жақсы тілек айтып, көңіл –күйлерін көтеру. Жалпы дамыту жаттығулары :

1. Басты оңға,солға айналдыру.

2. Қолды жоғары көтеріп, оң жаққа, сол жаққа еңкею.

3. Қолды еденге тигізіп отырып, тұру.

4. Бір орында тұрып қол белде секіру.
Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.

Сабақтың ортасы

бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбына оқушының қызығушылығын арттырып ұлттық ойынды насихаттап тарихы арқылы, суреттер арқылы түсіндіру. Тарихы: Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы- 2 қазан, 18 отау 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Жүсібалиев Төлеген Мұхамедирович Ақтөбе облысы бойынша тұңғыш тоғызқұмалақты ойнаған адам .Ең бірінші жеңісі 1985жылы облыс көлемінде болды. 1987 жылы Темір ауданының командасымен облыс чемпионы болды. Талай шәкірт тәрбиелеген, соның ішінде отбасының балалары мен ойнаған. Шәкірттерінің арасында спорт шебері бар. Қазақстан Республикасының ардагерлер арасындағы 6 дүркін чемпионы. Спорт шеберіне үміткер.     http://9kumalak.com/ сайтынан алынған материал, суреттер мен кестелер сұрақ парақшалары.

Сабақтың соңы

Оқушылардың теориялық деңгейін анықтау. А. Тоғызқұмалақтың тарихын жақсы меңгерген. Ойынға өзі тактика коя біледі. Облыстық, Республикалық деңгейде ойнай біледі. Б. Санау, есептеуді біледі, бірақ шатасады. Тұздық ашуды толық меңгерген кейде сенімсіз. Тақ және жұп сандарды ажыратады арасында шатасады. С. Тоғызқұмалақ ойынына түсінік қалыптасқан. Ойлау қабілеті аздық етеді. Ережесін сақтауда қиналады   Медальдар арқылы бағаланады

Рефлексия

Оқушы өзін өзі бағлайды.

Оқушы бірін- бірі бағалайды.
стикер

Файлдар:

Файлды ару Тоғызқұмалақ ойыны

Пікірлер(0)