Күрделі сөздер

Алгашбаева Маншук Бекасиловна
Алгашбаева Маншук Бекасиловна
Костанайская область
Костанай
Средняя школа №29
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мамандықтар әлемі
Тақырып:

Күрделі сөздер

19.02.2020
40
PDF жүктеу WORD жүктеу
Ұзақ мерзімді оқу мақсаты
4.4.2.1* күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз"

4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: күрделі сөздердің түрлерін ажырата алады; каллиграфиялық нормаларды сақтап сауатты жазады.

Оқушылардың басым бөлігі: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөздердің мағынасын түсініп қолданады.

Кейбір оқушылар: күрделі сөздердің біріккен сөз, қос сөз немесе қысқарған сөз екенін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері Күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажыратады. Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Құндылықтарды дамыту «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» және «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылықтарын оқушылар бойына сіңіру, күрделі сөздермен таныса отырып, ұлттық материалдық мәдениетінімізді дәріптеу және әр түрлі ұлттардың мәдениетімен байланыстыру.
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы Сабақ барысында құрал-жабдықтармен және интербелсенді тақтамен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу, математика
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) Интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық, кітап-журналдар
Алдыңғы меңгерілген білім Сөз түрлерін біледі, сөз таптарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5)

«Түймедақ гүлі» әдісі Мақсаты: гүлдің күлтешелеріндегі жаңа сабақ барысында қолданылатын күрделі сөздер бойынша топқа бөлу. Ортаға түймедақ гүлі қойылады. Балалар бүгінгі сабақта армандары орындалу үшін түймедақтың бір-бір күлтешесін жұлып алады. Күлтешенің артындағы сөздері бойынша үш топқа бөлінеді. «Біріккен сөздер» тобы «Қос сөздер» тобы «Қысқарған сөздер» тобы Екібастұз әп-әдемі КӘТУ тасбақа ыдыс-аяқ ТМД көкжиек қазан-ошақ АҚШ алтыбақан салт-дәстүр БҰҰ ұлтаралық бала-шаға см қошқармүйіз етек-жең кг «Адасқан әріптер» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы ашылып, мақсатымен таныстырылады. Мақсаты: сандарды өсу ретімен орналастырғанда «Күрделі сөздер» деген сөз шығады. Бұл жаңа сабақтың тақырыбы. 5 3 6 1 4 2 7 д л К і ү р е 10 8 13 11 9 12 ө д з е р с         bilimland.kz

Сабақ ортасы

(7)

(МК Ұ; Ө ; Қ) «Кинометафора» әдісі Мақсаты: бұл әдіс арқылы «imektep.kz» ресурсынан «Күрделі сөздер» тақырыбында бейнебаян көрсетіледі. Сұрақ: Бейнебаяннан нені көріп білдіңдер? Білгендеріңді ортаға салыңдар. Бейнебаян көрсеткеннен кейін оқушылардың білімін ширату мақсатында «Сәйкестік тесті» жеке орындалады. Біріккен сөз ТМД Қос сөз тасбақа Қысқарған сөз ата-ана Дескриптор 1.Жалпы күрделі сөздерді түсінеді. 2.Күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажырата алады. Қ. Бағалау: «Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады. Кері байланыс: «Табыс сатысы» Мен...........................білемін. Мен.........................түсінемін. Мен.......................жасай аламын. (Т;Қ) Презентациядан біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөздер кездесетін сөйлемдерді оқушылар кезекпен-кезек оқиды. Оқушылар мынадай саралау тапсырмаларын орындайды: «Ротация» әдісін қолдану. Мақсаты: белгіленген уақыт ішінде әр топ берілген саралау тапсырмаларын жазып, талдап сағат тілі бойынша ауысып, келесі топтардың да тапсырмасын орындайды. Нәтижесінде топтар бірін-бірі толықтырып, өнімді жұмыс жасайды. Барлығы орындай алатын тапсырма: берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті күрделі сөзді қойып жаз және күрделі сөздердің қай түріне жататынын анықта. 1 топтың тапсырмасы: 1.Аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы....деп аталады. 2. Менің сөмкемдегі сызғыштың ұзындығы 30 ... 3.Маржан дүкеннен ...... сөмке сатып алды. (әп-әдемі, см, көкжиек) 2 топтың тапсырмасы: 1..... шөптің арасында далада өмір сүреді. 2.Ас үйде ... сөрелерде тұр. 3.... – дамыған мемлекеттердің бірі. (АҚШ, тасбақа, ыдыс-аяқ) 3 топтың тапсырмасы: 1.Наурыз мерекесінде бозбала мен бойжеткен ..... тепті. 2.Анам ... басында жүр. 3.... елдерінде маңызды өнеркәсіп өнімдері өндіріледі. (ТМД, қазан-ошақ, алтыбақан) Көбісі орындай алатын тапсырма: Берілген сөйлемнен біріккен сөз, қос сөз және қысқарған сөздерді тауып, Венн диаграммасы арқылы салыстыр. 1 топтың тапсырмасы: 1.Екібастұз – менің туып өскен сүйікті қалам. 2. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы көркейіп келеді. 2 топтың тапсырмасы: 1.Лаборант-эколог - су, жер, ауа, өсімдік жағдайын зерттейді. 2.Қостанай қаласында КӘТУ деп аталатын жоғары оқу орны бар. 3 топтың тапсырмасы: 1.Ұлтаралық ¬ келісім – түрлі ұлттардың арасындағы татулық. 2.Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ мүшесі атанды. Кейбірі орындай алатын тапсырма: ұсынылған немесе еркін тақырыпта кітап-журналдарды пайдалана отырып эссе жазу ұсынылады. 1 топтың тапсырмасы: 1.МАИ қызметкерлерінің адал жұмысы 2 топтың тапсырмасы: 1.Салт-дәстүр – алтын қазына. 3 топтың тапсырмасы: 1.Менің ақкөңіл досым.   bilimland.kz  Кітап-журналдар

Сабақтың соңы

(5)

Ө; Қ «Таңдамалы тесті » әдісі Мақсаты: Бүгінгі өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларға берілген таңдамалы тест сұрақтарымен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма перфокарта арқылы орындалады. Таңдамалы тест сұрақтары. 1)Біріккен сөздің жасалу жолын анықта: В) екі сөздің қосарлануы арқылы А) екі түбірдің бірігуінен жасалған сөз Б) бірнеше сөзден тұратын атаулардың қысқартып аталуынан 2.Қос сөздің тыныс белгісін көрсет: А) нүкте Б) дефис В) үтір 3. Қысқарған сөзді тап: А) итмұрын Б) ұзынды-қысқалы В) педколледж Бағалау: Интербелсенді тақтадан тапсырманың дұрыс жауабы көрсетіледі де, оқушылар «Көршіңмен бөліс» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Егер «Таңдамалы тесттің» 3 жауабы да дұрыс болса «Жарайсың!», егер 3 сұрақтың 2-еуі дұрыс болса «Жақсы, әлі де тырысу керек», егер 3 сұрақтың 1-еуі ғана дұрыс болса «Бәрі де қателеседі, түзету үшін шаршама» деген сөздермен бірін-бірі бағалайды. Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» «Мұғалімге жедел хат» ағашына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындайды. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: 1.Бүгінгі сабақта мен....түсіндім. 2....білдім. 3...көзімді жеткіздім. 4. Бүгінгі сабақта қуантқаны.... 5. Мен өзімді.....үшін мақтар едім. 6. Сабақтан соң маған........сәті түсті. 7. Қызықты болғаны...... 8.......қиындық тудырды. 9. Менің түсінгенім......... 10. Енді мен........аламын.     bilimland.kz

Қосымша ақпарат

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты: тілдің жалғамалылығы; тілдің ықшамдалуы; тіл дыбыстарының үндестігі; дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.

Файлдар:

Файлды ару Күрделі сөздер

Пікірлер(0)