Табиғат тағлымы
Табиғат тағлымы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 3.2.4.1 - өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 3.2.6.1 - кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау; 3.1.2.1 - шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау; |
| Сабақтың мақсаты: | шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық таңдауына қарай мазмұндау, сахналау; Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау; |
| Тілдік мақсаттар: | Шегіртке, құмырсқа; |
| Күтілетін нәтиже: | Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен толық мазмұндайды, сахналайды, мысал жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Көптеген оқушылар: мысалдың басты белгілерін біледі, түсінеді, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Кейбір оқушылар: шығарманы сахналайды |
| Бағалау критерийлері: | * шығарманың мазмұнын өз сөзімен толық мазмұндайды, сахналайды, мысал, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді; * мысалдың басты белгілерін біледі, түсінеді, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді; * шығарманы сахналайды; |
| Құндылықтарды дарыту: | Еңбектену арқылы мақсатқа жетуге болады. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, шығарылған суреттер |
| Пәнаралық байланыс: | Дүниетану, Жаратылыстану |
| Бастапқы білім: | С.Бегалин. Есеннің кірпісі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10 минут) |
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңбері: "Айна әдісі" Мақсаты: оқушылардың өздеріне деген көзқарастарын білу, оқушылар айнаға қарап өздері жайлы мәлімет береді. 2. "Өрмекші торы" әдісі бойынша үй жұмысын сұрау. Мақсаты: оқушылар өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қою арқылы жіпті кезек-кезек ұсынып отырады. 3. Топқа бөлу: оқушылардың аттары жазулы тұрған таяқшалар арқылы 3 топқа бөлу. |
Айна Жіп Аттары жазылған таяқшалар |
|
Сабақтың ортасы (20 минут, 3 минут сергіту сәті) |
"Ұшқыр ой" әдісі Мақсаты: оқушылар тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Жұмбақты шеш: 1) Қатар-қатар қара нан, Аспанменен бара-бар. Алды биік, арты жар. (Құмырсқа) 2) Ат басты, Арқар мүйізді, Бөрі кеуделі, Бөкен санды, Қос қанатты, құмырсқа ізді. Ол не? (Шегіртке) Ауызша бағалау: "Керемет! Жарайсың!" Сабақтың тақырыбын болжау. "Сұрақ-жауап" әдісі. Мақсаты: сабақтың тақырыбын болжау арқылы ашық, жабық сұрақтар қойып, тілдік дағдыларын қалыптастырып, оқуға тарту. Оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу. - Сонымен, бүгін не жайында білетін боламыз? Сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, оқылатын мәтін не туралы екенін болжап көрейік. - Шегіртке мен құмырсқаның не екенін білесіңдер ме? - Оларды қайдан кездестіруге болады? - Суретте қайсысы құмырсқа? Қайсысы шегіртке? - Суретте нелерді көріп тұрсың? - Жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Құмырсқаның киімі қандай? Шегірткенің ше? - Шегірткенің көңіл-күйі қандай деп ойлайсың? Неліктен? Топтық жұмыс: "Ой қозғау" әдісі. Мақсаты: ынталандырудағы танымдық тәсілдің бірі. І топ: Оқулықтағы мәліметті пайдаланып, Абай туралы кластер құрау. ІІ топ: Оқулықтағы 6-тапсырма. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді. ІІІ топ: Мысалды сахналау. Жұлдызша арқылы бағалау Жасыл түс - 5 Сары түс - 4 Қызыл түс -3 Сергіту сәті: "Қызыл өрік" Әуен ырғағымен билейді. Жұптық жұмыс. Тапсырма. "Ойлан,жұптас, бөліс" әдісі. Мақсаты: оқушылар берілген тапсырманы ойланып, жұптасып, топпен бөлісіп орындайды. І топ: Мысалдан кейіпкерлерге қатысты сөздерді тауып жаз. ІІ топ: Мысалға сүйеніп, кейіпкерлерді салыстыра сипаттап жаз. ІІІ топ: Мысалды талда. "Бас бармақ" арқылы бағалау Жеке жұмыс. ҚБ ретінде: Шегіртке сияқты-------------болмау Құмырсқа сияқты----------болу Көңілді смайлик арқылы бағалау |
интербелсенді тақта құмырсқа мен шегірткенің суреті оқулық интербелсенді тақта А4 қағазы, маркер Дәптермен жұмыс |
|
Сабақтың соңы (5 минут) |
Үй тапсырмасы: "Еңбек түбі - береке" тақырыбында мақал жаттау. Қосымша: хрестоматиядан "Түлкі мен қырғауыл" ертегісін оқу. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру. "БББ" кестесі әдісі "Білемін.Білдім.Білгім келеді" |
БББ кестесі |
|
Рефлексия (2 минут) |
Рефлексия: Кері байланыс. Мақсаты: Бүгінгі сабақты қорытындылау. - Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе? (оқушылардан сұрау) - Қалай жеттік? Не істедік? Ауызша бағалау. "Бәрекелді! Жарайсыңдар!" |
Пікірлер(0)