3 санына көбейту мен бөлу кестесін құрастыру
3 санына көбейту мен бөлу кестесін құрастыру
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 2.1.2.4**2,3,4,5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: 3-ке көейту және бөлу кестесін құрастырады. Көптеген оқушылар: 3-ке көбейту және бөлу кестесін бірдей қосылғыштардың сомасын табуға, мазмұнына қарай және бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдауды және шығаруды біледі, қолданады. Кейбір оқушылар: 3-е көбейту және бөлу кестесін есептеулерде қолданады, кері есептер құрастырады және шығарады. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: -3-ке көбейту кестесі қалай құрастырылғанын түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: -3-ке көбейту және бөлу кестесі |
| Күтілетін нәтиже: | Көбейту кестесін жаттауды үйренеді |
| Бағалау критерийлері: | -3-ке көбейту және бөлу кестесін құрады. -Берілген тапсырмалардыв талдайды, шығарады. -3 санына көбейту және бөлу кестесін әртүрлі тапсырмаларды қолданады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Шығармашылық және сын тұғысынан ойлау, өмір бойы білім алуға дарыту |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Компьютер, проектор,https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/sandy-3ke-kobejtu-zhane-bolu-kestesi?mid=f09b1c20-9ee4-11e9-a361-1fled251defe |
| Пәнаралық байланыс: | Музыка, сауат |
| Бастапқы білім: | 2санына көбейту мен бөлу кестесін бекіту |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 минут) |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық: Математика – қызық пән, Бәрiмiз оны білеміз. Қызықты eсeп шығaрып, Тез жауабын береміз. -Балалар, сабаққа қандай көңіл-күймен келдіңдер (басбармақпен көрсетеді). Миға шабуыл әдісі арқылы өткен сабақты қайталату. Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару. «Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз, Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!» |
Интербесенді тақта |
|
Сабақтың ортасы (20-25) |
Қызығушылықты ояту (интербелсенді тақтамен жұмыс) 3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыруды үйренеміз. №1.ҰЖ. Сурeт бoйыншa ауызша есептеу 1. Үш-үштен сана. 2. Айсұлудың әр секіргенінде 3 бірлік бар. Екі,үш, секіргенінде неше бірлік бар? Дескрипторы: -Үш-үштен санайды. - Айсұлудың әр секіргенінде 3 бірлік бар. Екі,үш, секіргенінде неше бірлік бар екенін айтады. Бағалау: Бағдаршам арқылы №2. «Ойлан,тап» әдісі. ТЖ Oқулықтағы 2тапсырма жəне дəптердегі 1- тапсырма ұсынылады. Дəптерде кесте құрастыра отырып тақтада кеңейтілген талдаулар жүргізуге (оқулықтағы тəрізді) болады. Əр жолы 3-тен қосып отыру міндетті емес, алдыңғы мысалдың нəтижесіне 3-ті қосып, содан соң көбейту мен бөлудің компоненттері мен нəтижелерінің өзара байланысы негізінде басқа бағандарды құрастыруға болады. Бiрiншi баған қaлaй құрастырылғанын тағы бір рет талдаңдар (екінші көбейткіш артып отырады, бірінші көбейткіш – 3), екінші баған қалай құрастырылғанын талдаңдар (көбейткіштердің орындары ауыстырылды немесе бірінші көбейткіш артып отырады). Үшінші бағанда бөлгіш 3-ке тең, ал төртінші бағанда бөлінді– 3 саны. Мұндай қорытынды жасауға оқулықтағы сандардың түрлі түстерде болуы көмектеседі. -Дескрипторы - Көбейту мен бөлу кестесін құрастырады. -Әр бағанды толықтырады. Бағалау: «Бағдаршам» арқылы Саралау. Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі №3. Нұсқау: eсeптерді шығар. Өрнeктeр құрастырып, олардың мәнін тап. Тапсырма: А) Сырым эстафеталық жарыста әр жүгірген сайын 3 доптан әкеледі. Егер ол 4 (5,6,9) рет жүгірсе, онда неше доп әкеледі? 4*3=12 5*3= 15 6*3=18 9*3=27 Ә) 12 (18, 9, 15) допты әр себетке 3-тен салатын болса, қанша себет қажет? 12: 3=4 18:3=6 9:3=3 15:3=5 -Дескрипторы - Көбейту мен бөлу кестесін құрастырады. -Әр бағанды толықтырады. Бағалау: «От шашу» арқылы «Ойлан, салыстыр!» әдісі №4. Интербелсенді тақтамен жұмыс Нұсқау: Өрнектің бірінші бөлігінің мәнін тап, екінші бөлігінің мәнін тап. Оларды салыстыр. Тапсырма: 3*9 # 5*3 3*8 # 9*2 5*2 # 3*7 3*2 # 3*4 3*5 # 2*8 6*3 # 2*4 Дескрипторы: өрнектің екі бөлігін салыстырады. Бағалау: «Бас бармақ» «Зерттеу» әдісі» №5. Оқулықтағы №5 тапсырманы зерттей отырып орында. Тапсырма: Бірінші суреттегі гір тастарды немесе көгөністерді пайдаланып, екінші суреттегі таразы табақтарын қалай теңестіруге болады? 3*2 + 1 = 3*1 + 2*2 8 – 3 = 3*2 - Жұптық жұмыс. «Көршіңмен сырлас» әдісi Дәптердегi №2. - 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін қолдана отырып, жауапты жұппен ізденейік. Дескриптoры: 3-ке көбейту жəне бөлу кестесiн жұппен орындайды. Бағалау: «Бас бармақ» Өзіндік жұмыс. «Тайм-менеджмент» әдісі (есептеу дағдыларының шапшаңдығын байқау мақсатында) Дәптердегі : №3. – Бізге тапсырманы сəтті орындауға не көмектесті?(3-ке көбейту кестесін білу.) |
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/sandy-3-ke-kobejtu-zhane-bolu-kestesi?mid=f09b1c20-9ee4-11e0-a361-1fled251defe |
|
Сабақтың соңы (5 минут) |
Сергіту сәті Нұсқау: Оқушылар, орнымыздан тұрып, әуенге ілесе отырып, жаттығуды орындайық. |
https://www.youtube.com/watch?v=yS4WWbtttM |
|
Рефлексия (5минут) |
Бағалау. Кері байланыс: «ТИР» Рефлексия. – Біз сабағымыздың мақсатына жеттік пе? (Иə.) – Негіздеңдер. (Біз 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін құрастырдық жəне оны қолдануды үйрендік.) – Не орындалды? – Біз 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін сенімді түрде қолдануды үйрендік деп айта аламыз ба? (Жоқ.) –Сендердің əрқайсыларың алдарыңа қандай мақсат қоюларың керек? (3-ке көбейту кестесін жаттап алуды.) |
кері байланыс "ТИР " |
Пікірлер(0)