Ондық бөлшекті жай бөлшекке,жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру .

Зулбухарова Гульмира Мухановна
Зулбухарова Гульмира Мухановна
Алматы
Алматы
КГУ Школа-гимназия №123
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Ондық бөлшекті жай бөлшекке,жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру .

19.02.2020
412
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Бөлімінде 10,100,1000 т.с. сандар болатын жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыру. Оқушылардың басым бөлігі: бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру; Кейбір оқушылар: жай бөлшектерді қысқартып, ондық бөлшек түрінде жазу.
Тілдік мақсаттар:
Пәнге тән үш тілді терминология: Бөлшек, ондық бөлшектер, үтір, жай бөлшектер, ондық таңбалар Лексикалық терминология: Бөлшек сандар, ондық бөлшектерді жай бөлшектерге айналдыру, үтірін ажырату, жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыру, ондық таңбаларын жылжыту

Үш тілде: Қазақ Орыс Ағылшын Бөлшек Дробь Fraction Ондық бөлшектер Десятичные дроби Decimal fractions Үтір Запятая Decimalpoint. Жай бөлшектер Обыкновенные дроби Ordinary fractions Ондық таңбалар Десятичные знаки Decimal places

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра біледі.
Бағалау критерийлері: • Барлық оқушылар: Бөлімінде 10,100,1000 т.с. сандар болатын жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырады. • Оқушылардың басым бөлігі: бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстырады; • Кейбір оқушылар: жай бөлшектерді қысқартып, ондық бөлшек түрінде жазады.
Құндылықтарды дарыту: 1)Достарының пікірін тыңдай білу, оған қолдау көрсету арқылы құрмет құндылығы қалыптасады; 2) Топта бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады; 3) Сұрақтарға жауап беру және шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы ашықтық құндылығы қалыптасады;
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интерактивті тақта, интернет ресурстары: bilimland.kz сайты, kahoot
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, ағылшын тілі, орыс тілі
Бастапқы білім: Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру .

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(3 минут)

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды атмосфералық ахуал орнату. (үш тілде тақпақ айту) 1. Оқушыларды топтастыру. «The hat» программасы арқылы топқа бөлінеді.

Топтың аты:

• «Шолпан»

• «Юпитер»

• «Марс»

• «Жер»

Ғарыш әлеміне саяхатқа аттану. Ғарыш кемесінің атын қою. «Адасқан әріптер» әдісі арқылы сабақ тақырыбын анықтау. Үш тілде сабақтың тақырыбын оқушылар табады.

Сабақтың ортасы

2. Жұптық жұмыс арқылы үй жұмысын тексеру, әр дұрыс жауапқа 1 балл

3. «Конверт-сұрақ» әдісі. (1 сұрақ, 6 есеп) Әр топқа ауызша шығаруға тапсырмалар беру. «Юпитер»,

Ондық бөлшектер дегеніміз қандай сандар?

Ондық бөлшектер түрінде жазыңдар: 26 568/10000; 76 145/1000; 1 28/1000; 11 8/10; 3 17/100; 2 1/10;

«Жер»

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары қалай аталады?

Ондық бөлшектер түрінде жазыңдар: 8/10; 19/100; 28/1000; 1/10; 7/100; 81/1000; «Марс» Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?

Дұрыс бөлшек түрінде жазыңыздар: 0,3; 0,11; 0,01; 0,713; 0,009; 0,19

«Шолпан»,

Кез келген жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға бола ма?

Аралас сан түрінде жазыңыздар: 7,3; 9,21; 4,09; 15,3; 21, 001; 1,111

4. Сәйкестендіруге тапсырма. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі

5. «Дұрыс жауабын тап»

Берілген бөлшек сандардың қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болады?

А) 2/5;1/6;1/2. В) 2/15;9/20;1/4. С) 3/4;7/10;9/25. Д) 3/8;11/100;5/6.

Дұрыс жауабы С нұсқасы.

Бөлшек сандардың барлығын ондық бөлшек түрінде жазуға бола ма?

Сатурн планетасының күннен арақашықтығы бойынша нешінші орында тұрғанын анықтау.

6. Суреттегі планеталардың дұрыс аттарын ұяшықты басқанда ашылатын тізімнен таңдау.

Әр жауаптың дұрыс немесе бұрыс екенін арнайы дыбыстың берілуінен анықтайды. Бағалау критерийі:

• Білімділігі

• Ойлау жылдамдығы

• Топпен жұмыс жасауы

Біздің ұшып бара жатқан планетамыз күннен ары нешінші орында тұр екен ?

7. Шығармашылық тапсырма. Планеталардың күннен арақашықтығын Марс тобы, радиусын Юпитер тобы, өз білігінен айналу уақытын Жер тобы, күнді айналу уақытын Шолпан тобы ондық бөлшекпен берілген сандарды жай бөлшекке айналдырады. Әр топқа жеке тапсырма.

Сергіту:Мен қазақпын биі. (Видео роликте ғарыш кемесінің планетаға ұшып қонғаны бейнеленген)

bilimland.kz.

Сабақтың соңы

Кахут ойыны. Тест есептері 7 сұрақтан құралған

Рефлексия

Үй тапсырмасын беру. (bilimland.kz сайтынан алынған жұмыс парағы №2) Оқушылардың бағалау парақшасын топ басшысынан алу.

Бағалау парақшасы:

Оқушының аты-жөні 1 2 3 4 5 Қорытынды балл Жарайсың, жақсы, талаптаң.

Пікірлер(0)