Жақшаларды ашу, ұқсас қосылғыштар

Ешенбаева Акбаян Биргебаевна
Ешенбаева Акбаян Биргебаевна
Түркістан облысы
Шымкент
ЖОМ №78
Математика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Өрнектер және тепе-теңдіктер
Тақырып:

Жақшаларды ашу, ұқсас қосылғыштар

20.02.2020
146
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу; 6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;  

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: жақшаны ашу ережелерін білу;коэффициент ұғымымен танысу, мағынасын білу, ұқсас мүшелерді ажырата білу.

Көптеген оқушылар: Алгебралық өрнектерді өз бетінше жазу; жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару .     

Кейбір оқушылар:   Ұқсас мүшелер туралы өз беттерінше есеп құрастырып, өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар:

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Өрнектердегі амалдар тәртібі, жақшаны ашу, коэффициент, ұқсас қосылғыштар

Күтілетін нәтиже:

Жақшаны ашу ережелерін біледі, ұқсас мүшелерді таба алады

Бағалау критерийлері:

- жақшаны ашу ережелерін біледі, таңбалар ережесін пайдаланады; 

- коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын біледі және өрнектерді ықшамдайды;

- амалдардың орындалу ретін біледі, есептейді, мәнін табады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бәсекелестікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Bilimland білім ресрусы көзін пайдалану, видеотүсіндірулер, тесттер, тапсырмаларын орындау

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, информатика 

Бастапқы білім:

Әріпті өрнек, санды өрнек, амалдарды орындау тәртібі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

1. Ұжымдық шешім. «Өз тобыңды тап» ойыны Топтарға әртүрлі сандар және жемістер, фигуралар салынған парақшалар ұсынылады, оқушылар өз тобын табады. • Ұқсас мүшелерді оқиды, зерттейді • тағы қандай амалдар құрастыруға болатынын ойластырады, дәлелдейді; Топтар өздерінің таңдауын түсіндіреді.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не істейміз?

-Қандай жетістіктерге қол жеткіземіз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Топ ережесі. Топ басшысын сайлау Оқушылармен бүгінгі күннің тақырыбы мен мақсатын анықтап сабақ барысында жетуге тырысу.

Үй тапсырмасын тексеру: №661 есеп, есепке критерий қоя отырып, дескриптор бойынша бағалау.Әр дұрыс жауапқа бір баллдан есептейді. Барлығы 9 балл.  

Сабақтың ортасы

(27)

Ой қозғау. “Лото “ ойыны Коэффициент дегеніміз не? Кестеден коэффициенттері 3-ке еселік әріптерді қосып оқып, сөз құрау.  

  Қандай сөз шықты? «Jaqshany ashy`».

Оқушылар сандарды ретімен айтады, 3-ке еселік сан және әріп сәйкес келген оқушыға 1 балл беріледі. Жұлдызшалар беріледі.

bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/zhaqshalardy-ashu-ortaq-kobejtkishti-zhaqsha-syrtyna-shyharu

Жеке жұмыс: Bilimland.kz сайты арқылы тақырыпты қайталау, тест сұрақтарына жауап береді. Өз білімдерін тексереді. 

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан №662 есепті жұп болып шығарады. Топ басшы есепке критерий айтып, дескриптор бойынша бағалайды. Критерий: Жақшаны ашады, өрнектерді ықшамдауды орындайды. Дескриптор: - Жақшаны ашу ережесіне біледі: - Рационал сандарға амалдар қолдана алады. Бірін бірі бағалау бас бармақ арқылы Алгебралық өрнектердің геометриялық мағынасын түсіндіру мақсатында төмендегі видеотүсіндіруді көрсетемін:

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/zhaqshalardy-ashu-ortaq-kobejtkishti-zhaqsha-syrtyna-shyharu?mid=ed3ada21-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Сергіту сәті: Топты қайта құру, яғни берілген кеспеқағаздардағы өрнектердің коэффициенттері бойынша топтар құрамын қайта өзгертеді.

Топпен жұмыс. Есептің шартына сәйкес рөлдік ойын құрастырады, есепті шығарады, түсіндіреді.

1- топ. №664 есепті шығарады

2- топ. №665 есепті шығарады

3- топ.№666 есепті шығарады

Критерий: Есептің шығару өрнегін құрастырады, мәнін табады.

Дескриптор: - Алгебралық өрнек құрастырады; - Әріпті өрнектің мәнін табады. -рөлдік ойын құрастыра біледі; - актерлік шеберліктерін бағалау. Жұмыстарын тексеру ,кері байланыс беру Жарайсын!!Өте жақсы ! Керемет! «Шапалақ» арқылы бағалау


Сынып дарабозын анықтау:«1минуттық эстафета» деп аталады. Төмендегі сөздердің ішінен сандарды тауып, алгебралық өрнек құрастырады: Тон, алтын, тоғызқұмалақ, кекіл, жүзім, алтыбақан, қонақ, үшкір, бірқазан, жетістік, сегізкөз, Алтынбек, бірлік. Белгіленген уақыт аралығында қанша тура теңдік құра алатынын анықтау. Бірін –бірі бағдаршам арқылы бағалайды  

сурет 1



https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/zhaqshalardy-ashu-ortaq-kobejtkishti-zhaqsha-syrtyna-shyharu?mid=ed3ada21-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe 

Сабақтың соңы

(2минут)

Үй тапсырмасы. Үш деңгейде беру 1-деңгей- 183 бет №663 2-деңгей -184бет №171 3-деңгей –Көбейтудің үлестірімділік қасиетін зерттеу, дәлелдеу жұмыстарын жүргізу.  

Рефлексия

(3 минут)

Кері байланыс . Еркін микрофон Әр топ бугінгі сабақ туралы өз ойларын ортаға салу

Файлдар:

Файлды ару 6-сынып математика

Пікірлер(0)