Дұрыс және бұрыс бөлшектер/ Су ресурстарын қорғау

АЛИМОВА АЛИЯ ТУРМЫСОВНА
АЛИМОВА АЛИЯ ТУРМЫСОВНА
Ақтөбе обылысы
Қалмақтықырған
Кенестуская ОШ
Математика
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Жылдамдық, уақыт, арақашықтық
Тақырып:

Дұрыс және бұрыс бөлшектер/ Су ресурстарын қорғау

20.02.2020
412
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4.1.1.6 дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату 
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады Оқушылардың басым бөлігі: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады. Кейбір оқушылар: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарға мысал келтіре алады.   
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды айта алады. Пәндік лексика және терминология: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы. Талқылау: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата аласың ба? Есептеу тәсілін түсіндіріңдер. Жазу: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды жазу.     
Күтілетін нәтиже: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады. дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарға мысал келтіре алады.  
Бағалау критерийлері: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады. дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарға мысал келтіре алады.  
Құндылықтарды дарыту:
АКТ-ны қолдану дағдылары: Электронды тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.
Бастапқы білім: Жоспарланған жаттығулар Зейінін шоғырландыру Математикалық өлең есеп шешу. 1. Көлден ұшты 50 қаз, Қайтып қонды 20 қаз. Қонбады оның нешеуі, Қане кім тез шешеді? (30 қаз) 2. Аулада 60 үйрек, Қорада 20 үйрек. 10 үйрек тығылды, 10 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)   

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Су ресурстарын қорғау жөнінде әңгіме жүргізу білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Өзектендіру. Әлия мен Арман сыныптастарының арасында Жер бетінде су қорын сақтау үшін не істеуге болатындығы туралы жүр «Миға шабуыл» әдісі. №1 тапсырма гізген сауалнамасының нәтижесі диаграммамен берілген. Оқушылар диаграммаға қарап, балалардың жауаптарын бағалайды. Өз пікірлерін білдіреді   

Сабақтың ортасы

Мақсат қою Сен дұрыс және бұрыс бөлшектерді, аралас сандар¬ды ажырата білуді үйренесің Жұптық жұмыс №2 тапсырма Сан сәулесіндегі бірлік кесінді неше бөлікке бөлінген?Қай бөліктер жазылмаған?Оларды ата. Кесінді сызып, әр бөлікті белгілеп көрсет -Бірлік кесінді неше бөлікке бөлінген? (6) – Қай бөліктері жазылмаған? Оларды ата: (3/6, 4/6, 5/6). Барлық бөліктердің қосындысын тап. 1/6 + 2/6 + 3/6 + 4/6 + 5/6 = 6/6 №2 Ә а)Боялған бөліктерді көрсететін бөлшектерді жаз Шешуі: а) 2/6 , 6/6 Ә)Бөлшектердің қосындысын тап Алынған бөлшек 1-үлкен бе ,кіші ме? 8/6 бөлшегі 1-ден үлкен бе әлде кіші ме? (Білмейміз.) Осыдан мәселелі жағдаят туындайды. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын пайымдайды (дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек). Дескриптор: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады. Жаңаны ашу. Бөлімі мен алымы бірдей бөлшек бірге тең. 6/6 = 6 : 6 = 1. Алымы бөлімінен кем болатын бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Дұрыс бөлшек әрқашан бірден кем болады. Мысалы: 1/6 < 1, 3/6 < 1. Алымы бөлімінен артық немесе тең болатын бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Бұрыс бөлшек әрқашан бірден артық немесе тең болады. Мысалы: 8\4 >1, 4\4 =1, 8\8 =1, 12\3 >1. Жұптық жұмыс №3тапсырма Сан сәулесін сыз.Сан сәулесінде2/4,3/4,4/4,8/4,12/4 бөлшектерін белгіле ә) Бұрыс бөлшектерді көшіріп жазады. Оларды 1-мен салыстырады. Бұрыс бөлшектерді сандардың бөліндісі түрінде жазып, ережені тексереді. Шешуі: 4\4 – бұрыс бөлшек, 8\4 – бұрыс бөлшек, 12\4 – бұрыс бөлшек. 4\4, 8\4, 12\4 – бұрыс бөлшектер. 4\4 = 1, 8\4 >1, 12\4 >1. 4\4 = 4 : 4 =1=1 8\4 = 8:4 = 2>1 12\4 =12:4 =3>1. Салыстыру жұмысын жүргізгенде ереже расталды (Бұрыс бөлшек әрқашан бірден үлкен немесе тең болады). ә)Бұрыс бөлшектерді көшіріп жазады. Оларды 1-мен салыстырады. Бұрыс бөлшектерді сандардың бөліндісі түрінде жазып, ережені тексереді. Шешуі: 4\4 – бұрыс бөлшек, 8\4 – бұрыс бөлшек, 12\4 – бұрыс бөлшек. 4\4, 8\4, 12\4 – бұрыс бөлшектер. 4\4 = 1, 8\4 >1, 12\4 >1. 4\4 = 4 : 4 =1=1 8\4 = 8:4 = 2>1 12\4 =12:4 =3>1. Салыстыру жұмысын жүргізгенде ереже расталды (Бұрыс бөлшек әрқашан бірден үлкен немесе тең болады). ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Дескриптор: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады.   

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. №4 тапсырма Әр суреттегі үлестердің жалпы санын бөлшектердің қосындысы түрінде жаз.Оларды бірлікпен салыстыр ,теңсіздіктер жаз. Шешуі: а) 3/3 + 1/3 = 4/3 ә) 4/4 + 3/4 = 7/4 б) 8/8 + 3/8 =11/8 4/3 >1; 7/4 >1; 11/8 >1. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Дескриптор: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады. Жеке жұмыс №5тапсырма Практикалық жұмыс. Суретті дәптерлеріне салады. Бұрыс бөлшек алынатындай етіп бөліктерін бояйды. Түрлі нұсқаларын қарастырады. Шешуі: 5/5, 6/5, 7/5, 8/5, 9/5, 10/5 бөлшектерін бояйды. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Дескриптор: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады. Өткенмен жұмыс. Мұғалім оқушылардың жеке қиындықтарына қарай оқулықтағы №6-9 тапсырмаларды орындауды ұсынады. №6 тапсырма a) Ұзындығы 25 см, ені ұзындығының 1/5 іне тең болатын тіктөртбұрышты жиектемеге ұзындығы қандай сым қажет болады? Ш: Енін қалай табамыз? (25 : 5 • 1= 5 см) Тіктөртбұрышты жиектемеге ұзындығы қандай сым қажет болатынын қалай табуға болады? (Периметрін табу қажет, (25 + 5) • 2 = 60 см). ә) (80 + 80 : 8) •2 = 180 (м) б) 16 • 4 = 64 (м) в) 12 : 6 = 2 (ай) №7тапсырма Есепте .Тексер 5670876+8767+34670 = 5714313 4298994:714 =6021 679743+9087409+675 = 9767827 3989007:407 =9801 876092300-5609876 = 870482424 3883819:641 =6059 Сен зерттеушісің 8-тапсырма. «Ашық микрофон» әдісі Ондық разряды 8 цифры болатын сандардан 6 теңсіздік құрастыр Шешуі:184< 189 182<187 183 < 186 385 <387 580 < 584 783 < 982 №9 тапсырма функционалдық сауаттылыққа берілген. Балалар диаграмманы қарап, есепті шығарады. 1) 15 ∙ 1 250 = 18 750 (теңге) 2) 30 ∙ 1 250 = 37 500(теңге) 3) 15 + 30 + 25 + 45 + 35 = 150 (келушілер) 4) 150 ∙1 250 = 187 500 (теңге) Жауабы: 187 500 теңге ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. . Үйге тапсырма№10( Су ресурстарын қалай қорғаймыз? ізденіп келу) Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Ұшақ» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты ойын ұшаққа жазады  

Рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?  

Пікірлер(0)