Мектепке баратын жол
Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Менің мектебім
Тақырып:
Мектепке баратын жол
20.02.2020
58
2
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру |
Сабақтың мақсаты: | • Барлық оқушылар:Жолда жүру тәртібін,жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін біледі,түсінеді. • Көптеген оқушылар:Жол белгілерін басқа белгілермен салыстырады,күнелікті өмірде қолданады. • Кейбір оқушылар:Жол ережесін құрады, |
Тілдік мақсаттар: | қауіпсіздік – безопасность – safety; жаяу жүргінші – пешеход – pedestrian; бағдаршам – светофор – traffic light. |
Күтілетін нәтиже: | олда жүру ережесін біледі |
Бағалау критерийлері: | Жолда жүру тәртібін біледі,жол белгілерін ажыратады -жолда жүру ережесін құрады,қолданады |
Құндылықтарды дарыту: | Мектепке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,мұғалімді құрметтеуге баулу, |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Слайдтар,видеокөрсетілім www.youtube.com(жолда жүру әліппесі)) |
Пәнаралық байланыс: | өзін-өзі тану,көркем еңбек,жаратылыстану |
Бастапқы білім: | Мен және менің мектебім |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (5 минут) |
Оқушыларды көлік түрлеріне қарай топқа бөлу Пазл құрастыру арқылы топқа бірігеді. 1-топ:жүк көлігі 2-топ:жеңіл мәшине 3-топ:қызметтік мәшине -Осы көліктерді қайдан кездестіреміз? (Оқушы ойы тыңдалады) Олай болса оқушылар,көліктер де адамдар да жол ережесіне бағынады. -Жол ережесін реттеп тұратын не? -Бағдаршам Психологиялық дайындық Жолды кесіп өтуге мен қамдансам, Қиылыста қарсы алады бағдаршам. Менікіндей екеу емес, үш көзді, Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң. | |
Сабақтың ортасы (20-минут) |
Видеокөрсетілім «Жолда жүру әліппесі» -Бағдаршам не үшін керек? -Жол ережесін сақтау үшін -Жол ережесін сақтамасақ не болуы мүмкін? -Тағы қандай жол белгілерін білесіңдер? 1-тапсырма «Кір жайғыш жіп» әдісі (ұжымдық жұмыс) (жолақ жол,жаяу жүргіншілер жолы,жер асты жолы,ескерту белгілері) «Сәйкестендіру тесті» «Quizlet» бағдарламасы арқылы SMART оқытуды қолданамын (Жол белгілері мен атауларын сәйкестендіреді.) 2-тапсырма Саралау әдісі арқылы барлық оқушыны қамтимын. Зерттеушілік тапсырма ( топтық жұмыс) 1-топ Жолда жүру ережесіне сүйеніп , мектепке баратын жолында қандай жол белгілері кездесетінін атайды . (Оқушылар сызба арқылы мектепке баратын жолда өмір қауіпсіздігін сақтау жолдарын түсіндіреді,ереже құрады 2-топ:Дұрыс суретті табады.(өз ережелерін қорғайды) 3-топ: -Мектепке дейін қандай жол белгілерінен өтесіздер? (Әр оқушы мектепке дейін қандай жол белгілерінен өтеді сипаттап айтады,белгілерді салады) Бұл сенің бағытың -Жол ережесін сақтау не үшін керек? - Өмір қауіпсіздігін сақтау үшін. | |
Сабақтың соңы (5минут) |
"Мылқау сурет "әдісі | |
Рефлексия (5 мсинут) |
Қалыптастырушы бағалау арқылы бағалау Қ.Б«Сәйкестендіру тесті» әдісі Дескриптор -Жол белгілерін атайды -Жол белгілері мен атауларын сәйкестендіреді Қ.Б «Бес қадам» әдісі арқылы Дескриптор -Мектепке баратын жолының бағытын сызады -Жолда жүру ережесін құрады. -Макетін құрастырады Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың қай тұста тұрғанын анықтаймын.Оқушы қажеттіліктеріне қарай өзгертіп отырамын. |
Пікірлер(0)