Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 3.1.2.10 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмдерін қолдану; Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Қасым хан туралы меңгерту. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуді орындай алады.Қасым хан туралы толық мәлімет алады. Көптеген оқушылар: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тапсырмаларында есептеуді орындайды. Кейбір оқушылар: Оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. |
| Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика және терминология Қамтиды: көбейту, көбейткіш, туынды; • түсіндіру, есептеу, анықтау; • алғашқы, одан кейін, келесі, алдыңғы, соңғы; • бастау ... онда ... соңында ... Талқылауға арналған сұрақтар: • Сіздің дұрыстығыңызға қалай сенім арта аламыз? • Алдыңғы әрекетті қалай табуға болады? Неліктен екенін айта аласыз ба…? • …біздің бұл әрекетті ең алдымен орындауымыз керек пе? • … жауап (…) мәнінен жоғары болу керек пе? • .... көбейтуді орындау алгоритмін қатал ұстану керек пе? Қалай екенін айта аласыз ба…? • көбейтуді орындаудың дұрыстығын қалай білемін? Жазбаша тапсырма: • «Бағанды» көбейтуді орындау алгоритмін құрастыру және жазу |
| Күтілетін нәтиже: | Кестедегі және ауызша кестеде жоқ көбейтуді орындау. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тапсырмаларында есептеуді орындайды. |
| Бағалау критерийлері: | Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тапсырмаларында есептеуді орындайды.Құлындармен өзін-өзі бағалау. |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне ; Бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу,интербелсенді тақта; |
| Пәнаралық байланыс: | Тарих,Музыка |
| Бастапқы білім: | Кестедегі және ауызша кестеде жоқ көбейтуді орындау. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тапсырмаларында есептеуді орындайды. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылармен амандасу түгендеу. Білу Сабақтың тақырыбын ашу. «Ойлан.бірік,бөліс» әдісі Ал енді оқушылар тақтадағы суреттерге байланысты ойланып,ойымызды біріктіріп,бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып бөлісейік. Үй тапсырмасын тексеру.(Cлайд арқылы тексеру) |
құлындар арқылы бағалауф |
|
Сабақтың ортасы |
Түсіну Видеоролик.(Қасым хан туралы) Ұжымдық жұмыс. Көбейтуді орындап,мәнін кему ретімен орналастырып,Қасым ханның шығарған заңын табады. Қасым ханның қасқа жолы 32*3 44*2 23*3 12*3 96 88 69 36 Қолдану Топтық жұмыс.(Мәтін есеп) 1-топ.Қазақ халқының тарихы туралы фильмді шілде айында 43 адам көрді.Ал тамыз айында одан 2 есе артық адам көрді.Барлығы неше адам фильм көрді? Шешуі: 43*2=86 43+86=129 2-топ.Кітапханада қазақ халқының тарихы туралы 14 кітап бар еді.Одан 3 есе артық жаңа кітап әкелінді.Кітапханада барлығы неше кітап болды? Шешуі:14*3=42 14+42=56 Талдау Жұптық жұмыс «Пазл» әдісі Өрнектердің мәнін табу арқылы жер атауларын құрастыру. СЫ ҒА НАҚ 41*2=82 43*2=86 13*3=39 САУ РАН 22*4=88 34*2=68 СА РАЙ ШЫҚ 33*3=99 24*2=48 14*4=56 Сергіту сәті (Қара жорға,батырлар биі) Жинақтау Деңгейлік тапсырма Бағалау Жеке жұмыс Есепті бағандау әдісімен шығару. 1. 31*2=62 2. 13*2=26 3. 21*4=84 4. 14*2=28 5. 32*2=64 6. 11*3=33 7. 22*2=44 8. 10*6=60 9. 15*3=45 10. 28*2=56 11. 35*2=70 12. 19*4=76 Енді бүгінгі сабақтағы тапсырмалар бойынша жинаған ұпайларымызды санап,өз-өзімізді бағалайық. |
Жебе арқылы тапсырмалар беру |
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс Қылыш- сабақты түсіндім Шоқпар- пайдалы болды Айбалта-түсінік болған тұсы болды Енді осы қарулар арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді қалқанға орналастырайық. Үйге тапсырма №7 есеп (52 бет) |
|
|
Рефлексия |
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Пікірлер(0)