Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
| Оқу мақсаттары: | 7.2.1.4 - Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығының формуласын біледі. Оқушылардың көпшілігі: Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығының формуласын түрлендіріп, есептер шығарады. Кейбір оқушылар: Жылдамдық мен орташа жылдамдықты есептеуге практикалық тапсырмалар орындайды. |
| Бағалау критерийлері | - Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығының формуласын біледі, өлшем бірліктерін ажыратады; - Жылдамдық пен орташа жылдамдық формуласына есептеулер жүргізеді. - Практикалық тапсырмалар орындайды. |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қозғалыс түрлерін ажыратып, ауызша сипаттай алады. Негізгі сөздер мен тіркестер: Жылдамдық, орын ауыстыру, уақыт, орташа жылдамдық. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктері: Жылдамдық тәуелді..... Орташа жылдамдық...... |
| Құндылықтарға баулу | Техникалық және кәсіби мамандарды дайындау және өмір сапасын жақсарту мақсатында жолда жүру ережелерін сақтау әдетке айналдыру |
| Пәнаралық байланыс | Оқушылар қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеуде математикалық дағдыларын қолданады. АКТ-ны қолданып автомобиль, велосипед, мотоциклдермен жолда жүру ережесімен танысады |
| Алдыңғы оқу | Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10 минут) |
Топқа бөлу «Физикалық шамалар» І топ: Жылдамдық ІІ топ: Орын ауыстыру ІІІ топ: Уақыт Үй тапсырмасы: «Өрмекші торы» (сұрақ-жауап) 1. Механикалық қозғалыс 2. Материялық нүкте 3. Қозғалыс траекториясы 4. Орын ауыстыру векторы 5. Санақ жүйесі 6. Түзусызықты қозғалыс түрлері 7. Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар Бағалау: Та-ма-ша! |
Слайд №1-2 |
|
Сабақтың ортасы (22 минут) |
Тапсырма №1 «Кинометафора» әдісі. Жаңа сабақты түсіну мақсатында бұл әдісте «Жылдамдық пен орташа жылдамдық» тақырыбына бейнефильм көрсетіледі. Кейін осы бейнефильмге негізделген топтарға тапсырмалар беріледі. Жылдамдық тобына: Жылдамдықтың формуласын талдаңдар. Орын ауыстыру тобына: Орташа жылдамдық формуласын талдаңдар. Уақыт тобына: Жылдамдықтың өлшем бірлігін талдаңдар Бағалау: Бас бармақ! Тапсырма №2 «Ротация» әдісі Жылдамдық тобына: Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есептеңдер. Орын ауыстыру тобына: 750 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді? Уақыт тобына: Күннен Жерге дейінгі қашықтық шамамен 150 млн.км. Жарық жылдамдығы 300 000 км/с. Жарық Күннен Жерге қанша уақытта жетеді? Бағалау критерийі Қозғалыстағы дененің орташа жылдамдығын есептейді Дескриптор 1.Қозғалыстың барлық бөлігіндегі жолды есептейді 2.Қозғалысқа жұмсалған барлық уақытты анықтайды 3.Дененің орташа жылдамдығын есептейді. Бағалау: 1 ұсыныс, 1 тілек! Тапсырма №3 «Өз істегенімді – меңгеремін» әдісі Ойыншық машина, рулетка және секундомерді пайдаланып, машина қозғалысының орташа жылдамдығын анықтаңдар. Бағалау: 2 жұлдыз, 1 тілек |
Слайд №3 Слайд №4-5 |
|
Сабақтың соңы (8 минут) |
«Бір минуттық әңгіме» Оқушылар бір сызықтың бойында тұрып, бір-біріне қарама қарсы қарап, 1 минут бойы бүгінгі сабақ тақырыбында әңгімелеседі. Үйге тапсыма: Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу. Практикалық тапсырма №1,2 Оқушылар «Плюс-минус-қызықты» әдісімен кері байланыс береді. «+» жағымды жақтары «-» жағымсыз жақтары «қызықты» қызықтырған ақпарат |
|
|
Кері байланыс (3 минут) |
Үйге тапсыма: Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу. Практикалық тапсырма №1,2 Оқушылар «Плюс-минус-қызықты» әдісімен кері байланыс береді. «+» жағымды жақтары «-» жағымсыз жақтары «қызықты» қызықтырған ақпарат |
Слайд №6 |
Пікірлер(0)