Бөлшектер. Аралас сандар

АЛИМОВА АЛИЯ ТУРМЫСОВНА
АЛИМОВА АЛИЯ ТУРМЫСОВНА
Ақтөбе обылысы
Қалмақтықырған
Кенестуская ОШ
Математика
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Жылдамдық, уақыт, арақашықтық
Тақырып:

Бөлшектер. Аралас сандар

21.02.2020
730
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4.1.1.6 дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату     
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады. Оқушылардың басым бөлігі:дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады Кейбір оқушылар:дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарға мысал келтіре алады.   
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды айта алады. Пәндік лексика және терминология: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы. Талқылау: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата аласың ба? Жазу: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды жазу.     
Күтілетін нәтиже: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады. дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарға мысал келтіре алады.  
Бағалау критерийлері: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар туралы мағлұмат алады. дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарға мысал келтіре алады.  
Құндылықтарды дарыту: Адамгершілік, еңбекқорлық.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Электронды тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.
Бастапқы білім: Жоспарланған жаттығулар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ынталандыру. – Су ресурстарын қалай қорғаймыз? Әр топ өз постарін қорғайды Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Өзектендіру. №1тапсырма «Ыстық орындық» әдісі Су тамшы¬лап тұрған ақауы бар шүмектен күніне шамамен 10 литр, яғни бір шелек су ағып кетеді. Бір аптада қанша су пайдасыз ағып кетеді? – Бір аптада қанша су пайдасыз ағып кетеді? (70 литр – жеті шелек.) Бір айда ше? (290 – 310л) Бұл табиғатқа қандай зиян келтіреді? (Орасан зор) 1 куб метр суға қанша ақша төленеді? (70 тг) Отбасылық бюджетке қалай әсер ететінін есептейді. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Мақсат қою (Сен дұрыс және бұрыс бөлшектерді, аралас сандарды ажыратуды үйренесің.) №2 тапсырма а) Оқушылар бөліктердің жалпы санын бөлшектердің қосындысы түрінде жаз 5/6 + 6/6 5/6 < 1, 6/6 = 1 6/6 = 1 екендігін біле тұра 1 + 5/6 = 6/6 түрінде жазуға бола ма? (Болады) ә) Сызбада үштің неше үлесі белгіленген бұрыс бөлшек түрінде жаз 5/3 = 3/3 + 2/3 = 1 + 2/3 деп жазуға бола ма? (Болады) ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.  

Сабақтың ортасы

Жаңаны ашу Жұптық жұмыс№3тапсырма а) Суретті пайдаланып аралас сандарды жаза Шешуі: Бірінші суретте 1 бүтін алма және 1 жарты алма берілген. Жарты алма дегеніміз – 1/2, демек жауабы: Екінші суретте 4 бүтін алма мен 1 жарты алма. Жарты алма дегеніміз 1/2 яғни жауабы: Үшінші суретте екі алма және бір алманың 3 бөлігі. 4 бөліктің 3 бөлігі алынған дегеніміз 3/4 болады. Сонда 2 3/4 ә) Аралас санды бүтін сан мен бөлшектің қосындысы түрінде жаз. Қосу және азайту кезінде бүтін бөлікті бүтін бөлікке қосады (азайтады), бөлшекті бөлшекке қосады (азайтады). ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Дескриптор: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. №4 тапсырма Түсіндіре отырып орындалады  

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Жаңаны қолдану. №5 тапсырма Жеке жұмыс а) Сан сәулеcін сызады. Бірлік кесінді ретінде дәптердің 6 торкөзін алады. 2/6, 4/6, 1 , 1 сандарын белгілейді. 61 63 ә) Сан сәулесін сызады, бірлік ретінде дәптердің 10 торкөзін алады. Сәуледе 1-ден кемі және 1-ден артық сандарды белгілейді. Бөлшектерді жазады ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Өткенмен жұмыс. Мұғалім оқушылардың жеке қиындықтарына қарай оқулықтағы № 6-8 тапсырмаларды орындауды ұсынады. №6 тапсырма 18/19-7/19+3/19=14/19 9/11-3/11-2/11=4/11 11/15-(3/15+7/15) =1/15 Топтық жұмыс №7тапсырма Есептің шешуін өрнек түрінде жазу 8-тапсырма зерттеуді талап етеді. Цистернада суғару үшін құйылған 60 т су бар. Күнде таңертең өсімдіктерді суғаруға 6 т су алынады, ал кешке 4 т су құйылады. Неше күннен кейін кешке цистернада 20 т су қалады? Шешуі: Цистернаның бос қалу жылдамдығын анықтайды. 1) 6 – 4 = 2 (т/күн) Цистернада 20т су қалуы үшін қанша су құйып алу қажеттігін анықтайды. 2) 60 – 20 = 40(т) су алыну қажет Бос қалу жылдамдығын және қанша суды құйып алу қажеттігін біле отырып, осыған қанша күн қажет екендігін анықтайды. 3) 40т : 2т/күн = 20 (күннен) кейін цистернада 20т су қалатыны. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Үйге тапсырма №9 Рефлексия «Бес саусақ» әдісі.   

Рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?  

Пікірлер(0)