Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.
Физика
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Тұрақты электр тогы
Тақырып:
Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.
21.02.2020
60
2
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы: қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін анықтау және алдын алудың жолдарын қарастыра алады, қыздыру шамдарының қуатына қарай пайдалана біледі. Басым бөлігі: электр қыздырғыш құралдарды пайдалану кезінде энергия шығынын есептейді, қауіпсіздік ережелерін сақтайды; Кейбірі: әр электр құрылғысының қуатын ескере отырып қысқа тұйықталуды болдырмау үшін формулаларды пайдаланып,есептер шығаруда қолдана алады. |
Тілдік мақсаттар: | Сонымен қатар, үштілділік бағдарламасын жүзеге асырады |
Күтілетін нәтиже: | • Қыздырғыш приборлар параметрлерінің тәуелділігін біледі • Шам кедергісін табуға қатысты дұрыс есептеулер жүргізеді (кедергі тәуелді болатын шамалардың бірін табу үшін формуланы өзгерте алады); • Қысқа тұйықталу жайлы біледі; • Балқымалы сақтандырғыштар қолдану мақсатын түсінеді. |
Бағалау критерийлері: | • Қыздырғыш приборлар параметрлерінің тәуелділігін біледі • Шам кедергісін табуға қатысты дұрыс есептеулер жүргізеді (кедергі тәуелді болатын шамалардың бірін табу үшін формуланы өзгерте алады); • Қысқа тұйықталу жайлы біледі; • Балқымалы сақтандырғыштар қолдану мақсатын түсінеді. |
Құндылықтарды дарыту: | Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, топ ережесін сақтау, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылығын дамытуға бағытталған. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | интербелсенді тақта, слайдтар |
Пәнаралық байланыс: | математика |
Бастапқы білім: | Электр тогының жұмысы мен қуаты. Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
1. Оқушылармен амандасып, оларды «Ой қозғау» әдісі бойынша 5 топқа жинақтау, топтағы құралдарды пайдалана отырып, сабақ тақырыбын ашу 2. Топтық жұмыс («Әр түрлі тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезіндегі электр энергиясының шығыны» кестесін пайдаланыңдар. Тариф (В) = 8,82 тенге*кВтсағ) Компьютер 75 Вт Теледидар 0,7 кВт Энергия үнемдегіш лампалар 0,018 кВт Қызатын лампа 0,04-0,1 кВт Тоңазытқыш 150 Вт Шаңсорғыш 2 кВт Үтік 1,6 кВт | |
Сабақтың ортасы |
2) Жаңа тақырыпты оқушылардың өздері игерулеріне мүмкіндік беру 1. Топпен жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі бойынша Қ.Б: топ өзін-өзі бағалау 1. Д 2. Е 3. А 4. С 5. В 2. «Ұяшықтар сөйлейді» әдісі Қ.Б: топ өзін-өзі бағалау 3. Қыздыру шамдарының түрлері мен құрлысы 4. Қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыш (бейнебаян) 5. «Санадар сөйлейді» әдісі бойынша шам құрлысын ж Қ.Б: топ өзін-өзі бағалау 6. Сергіту сәті: терминдермен жұмыс Қ.Б: үш шапалақ 7. «Миға шабуыл» әдісі бойынша есептер шығару Тапсырма 1 Пәтерде 6А ток күшіне шыдайтын сақтандырғыштар орнатылған. Егер желідегі кернеу 220 В болса, бір уақытта қуаты 60 Вт , 100 Вт шамдарды, 1000 Вт электр пешті және 300 Вт электр үтікті қосуға бола ма? Дескриптор Білім алушы • сақтандырғыштар төзе алатын шекті қуатты анықтайды; • желіге қосылған электр энергиясын тұтынушы құралдардың жалпы қуатын анықтайды; • есептелінген қуаттарды салыстырып, оларды электр желісіне қосуға болатынын немесе болмайтынын анықтай Тапсырма 2 Егер I1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет) | |
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: §28, p-144, ex-5.5 Болашақ энергиясы (эссе жазу) | |
Рефлексия |
Кері байланыс (сабақтан алған әсерлерін эмоциялармен бейнелеу) |
Файлдар:
Файлды ару
Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.
Пікірлер(0)