Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу

Карагулова Гаухар Опиновна
Карагулова Гаухар Опиновна
Актобе
Темир
СШ им. С.Байшева
Математика
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Жазбаша көбейту және бөлу
Тақырып:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу

21.02.2020
2483
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Тілдік мақсаттар:
Пәндік лексика және терминология

• Қамтиды:

• бөлу, бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді, толымсыз бөлінгіш;

• көбейту, көбейткіш, туынды;

• түсіндіру, есептеу, анықтау;

• алғашқы, одан кейін, келесі, алдыңғы, соңғы;

• бастау ... онда ... соңында ... Талқылауға арналған сұрақтар:

• Бұл есептеу қандай түрге қатысты?

• Сіздің дұрыстығыңызға қалай сенім арта аламыз?

• Алдыңғы әрекетті қалай табуға болады? Неліктен екенін айта аласыз ба…?

• …біздің бұл әрекетті ең алдымен орындауымыз керек пе?

• … жауап (…) мәнінен жоғары болу керек пе?

.... көбейтуді орындау алгоритмін қатал ұстану керек пе? Қалай екенін айта аласыз ба…?

• бөліндіде цифрдың санын табасыз ба?

• көбейтуді орындаудың дұрыстығын қалай білемін? Жазбаша тапсырма:

• «Бағанды» көбейтуді орындау алгоритмін құрастыру және жазу

• «Бұрышпен» бөлуді орындау алгоритмін құрастыру және жазу

• Алынған нәтижені толымсыз бөлінгіштен алып тастаймын.

Бағалау критерийлері:  Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.
Бастапқы білім: Кестедегі және ауызша кестеде жоқ көбейту және бөлу әрекеттерін орындау. Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5-7 мин)

Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды. Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Тест.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау

Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Сабақтың ортасы

(10-15)

Өздік жұмыс Оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, есептейді. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу амалдары алгоритміне сәйкес баған түрінде жазып есептейді.Оқушылар бөлу амалын көбейтумен, көбейтуді – бөлумен тексереді, жазбаша есептің алгоритмдеріне сәйкес әрекет етіп тексеру жүргізеді. Оқушылар №3 тапсырманы орындайды, амалдар бойынша жазбаша орындайды, олардың тізбек қатарын сақтап, екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу амалдарын қолданып, сәйкес алгоритмдер бойынша үш таңбалы сандардың қосу мен азайту амалдырын орындайды. Қиындықтарды түсіндіру. Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді. – Кімде қиындық туындады? – Қай жерден қате жібердіңіз? – Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз? – Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз. (Қосымша тапсырма орындау). – Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты? (Қателерді түзету). – Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз. – Әркім өзінің оқыту есебін айтады. Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады. Мен:  Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін түсіндіремін; Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолдануды білемін. Дескриптор: Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Сабақтың соңы

(8-10 мин)

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия

(5-8 мин)

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс парақшасы.

Пікірлер(0)