Жалқы есім және жалпы есім

Альянова Жанат Рамазановна
Альянова Жанат Рамазановна
Ақтөбе облысы
Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Тақырып:

Жалқы есім және жалпы есім

24.02.2020
78
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

 2.1.4.1 - Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жалқы есім мен жалпы есімді таба білуге үйрету.

2.2.3.1 - Ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту. Шығармашылық жұмыс істей отырып сөздік қорларын молайту.     

Сабақтың мақсаты:

 Барлық оқушылар жасай алады: • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.  

Тілдік мақсаттар:

 Сөз және оның мағынасы

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Тірек сөздердің айтылуын ,есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату.

Талқылауға арналған сұрақтар: Не себепті......деп ойлайсыз

1.Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлем нелерден құралады?

3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

4.Сөйлем қандай әріптен бастап жазылады?

5.Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?  

Күтілетін нәтиже:

  Барлық оқушылар жасай алады: • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.  

Бағалау критерийлері:

 Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жалқы есім мен жалпы есімді таба біледі. Ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейтеді. Шығармашылық жұмыс істей отырып сөздік қорларын молайтады.     

Құндылықтарды дарыту:

 Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.  

АКТ-ны қолдану дағдылары:

 Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; https://imektep.kz/kz

Пәнаралық байланыс:

 Дүниетану, әдебиеттік оқу

Бастапқы білім:

 Зат есім

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

  Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру.

-Бүгінгі сабаққа «Бала -өмірдің гүлі»деп әдемі гүлшоғымен келдім. Әр бала гүлдің күлтешесін алып,ондағы сөздерге байланысты топқа бөлініп отырады. Оқушылар қалаған гүл күлтешелерінің сөздеріне қарай топтарға бөлініп отырады.

1 топ-«Біздің»

2топ –«Сынып»

3 топ- «Өте»

4топ –«Керемет»

Әр топ алған сөздерді қайталайық. Біздің сынып өте керемет! Міне осындай тамаша девизбен бүгінгі  сабағымызды бастайық. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! 

Үй жұмысын тексеру: Зат есімнің ережесін сұрау; мультимедиялық оқу құралынан «Кім? Не?» ойынын ойнау. Бағалау. «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау.   

 Интербелсенді тақта , плакат. мультимедиялық оқу құралы  

Сабақтың ортасы

 «Ой шақыру» әдісі -Суретте не көріп тұрсыңдар? -Картада нелер бейнеленген?

-Қала, өзен, көл, тау аттарын атату.

-Үй жануарларының суреттерін көрсету.

-Осы жануарлардың қайсысына ат қоямыз?

-Бүгін Қазақстан Республикасының саяси картасындағы көптеген суреттердің атауларын жазамыз. Жұлдыз,Бота,бота, жұлдыз,Астана,Құлагер,Ертіс,Ақтөс.

-Осы сөздерден екі рет қайталанған сөздер бар ма? -тағы қандай өзгешеліктерді байқап отырмыз? Олай болса бүгінгі сабағымыздың мәні де осында

imektep.kz сайтынан «Жалқы есім және жалпы есім» бейнежазбасын қарау.

- Жалқы есім дегенімізді қалай түсіндіңдер?

- Жалпы есім ше?

- Жалқы есімдер қалай жазылады?

Қорытынды: Ереже. Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс. Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз:өзен, аққу, оқытушы  

Ширату тапсырмасы. Оқушыларға сұрақтар қойылады: Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Оқулықпен жұмыс  51-бет 

5e5368703ecaa.png

Дескриптор:  Тыңдалған өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өлеңде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді,зат есімді табады..

 Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

 Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: смайлик арқылы бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау.   

Өлеңді жатқа жаз

Бекен,Төкен,

Тете*екен.

Тете үлкені

Бекен екен.

Тете-араларында бала жоқ ағайындылар

Дескриптор:  Оқыған өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өлеңде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді,жалқы есімді табады.

 Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

 Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.  

Сергіту сәті

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

1 топ –Сәйкестендіру

2 топ –Қатесін тап

3 топ-Сөз ойла ,тез ойла

4-топ-Ойлан тап  




 Белсенді оқу тапсырмалары.

Суреттер





https://imektep.kz/kz

Оқулық 



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.     



Сабақтың соңы

 Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Семантикалық карта  

5e536ccd48238.png

(ҚБ) “Бағдаршам ” әдісі.

Рефлексия

 Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім сандығы» кері байланыс.  

Үй жұмысы 52-бет 33-жаттығу  

 5e536ea3d7acd.png

Пікірлер(0)