Зат есімнің тәуелденуі
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
з-сынып
Бөлім:
Өнер
Тақырып:
Зат есімнің тәуелденуі
24.02.2020
27
0
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысым әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар жасай алады: •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Тілдік мақсаттар: |
зат есімнің тәуелденуі

тәуелдік жалғаулары

зат есімнің жақтары

Күтілетін нәтиже: |
Тәуелдеулі зат есімнің жақтарының жалғауларын білу, ажырату

Сөйлем ішінен тәуелдік жалғауы жалғанған зат есімді табу

Бағалау критерийлері: |
Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту: |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
Пәнаралық байланыс: | Дүниетану, қазақ тілі. |
Бастапқы білім: | 5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (3 минут) |

Жаңа топ құру «Мен басқаның көзімен»

Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады .

Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.

«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Түймедақ гүлі Ортаға түймедақ гүлі қойылады.

Балалар, бүгінгі сабақта армандары орындалу үшін түймедақтың бір-бір гүлін жұлып алады Артындағы сандар бойынша топтасады

Сабақ соңында пікірлерін жазып, қайтадан гүлді қалпына келтіріп кетеді.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты, дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

3.2.4.1 (Ұ; Т; Қ) Өлеңді оқу. Өлеңге ат қойып, негізгі ойды анықтау. Өз пікірін білдіру.

40-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңдегі негізгі ойды анықтап, ат қояды. Өлеңге өз пікірлерін білдіреді.

3.4.2.2 (Ж) Өлеңнің соңғы шумағын көркемдеп жазу. Өлеңнің соңғы шумағын көркемдеп жазады.

Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы (30минут) |

Ширату тапсырмасы.

(МК; Ө; Қ) Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау. Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды. Қосымшаның сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын айтып көреді.

Өз ойын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырады.

Зат есімнің тәуелденуі туралы игерген білімдерін мысалдар келтіру арқылы бекітеді.

Ой сергек! Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (екі қолымен қанат жасап ұшады).

Түлкi болып қашамыз, қашамыз (бір орында тұрып жүгіреді). Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп, Орнымызға қонамыз (бәрі орындарына отырады).

3.4.2.2 (Ө; Ұ; Қ) Жұмбақты шешу. Тәуелдеулі зат есімдерді табу. Шығармашылық үзіліс. 41-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады. Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіреді. Жұмбақтың шешуі: домбыра. Дескриптор: • Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

• Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы (5 минут) |
3.1.3.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтау. 42-жаттығу. Оқушылардың зейіні оқулықтағы суретке аудартылады. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңіндегі мазмұны осы суретке сәйкес келетін жолды анықтап, табады. Сол шумақтың мазмұнынан не ұққанын әңгімелеп айтады. 3.4.2.2 (МК; Ө; Ж; Қ) Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жазу. 43-жаттығу. Берілген сөздерді оқиды. Оларды тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жазады. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Жұмыстарын топта жариялап оқиды. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім |
Рефлексия (2 минут) |
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс парағы | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
Пікірлер(0)