Өз еліңнің патриоты болу

Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Адам болам десеңіз
Тақырып:

Өз еліңнің патриоты болу

25.02.2020
78
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

 Білімділік: оқушыларға «Отанды сүю» , «патриот болу» ұғымдарын түсіндіре отырып , отансүйгіштікке баулу; Дамытушылық: оқушылардың өз Отанын қадірлеуін , қастерлеуін елжандылық қасиеті арқылы арттыру; Тәрбиелік:оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу.  

Сабақтың мақсаты:

оқушылардың өз елінің патриоты болу түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Тілдік мақсаттар:

"Отан" , "патриот" ұғымдарының мәнін түсіндіру

Күтілетін нәтиже:

оқушылар өз елін , отанын сүюді , оған қызмет етуді үйренеді

Бағалау критерийлері:

елжандылық қасиеттері іс-әрекеттерінен көрінеді

Құндылықтарды дарыту:

елжандылық қасиеттерін дамыту арқылы сүйіспеншілік құндылығының жарыққа шығуына ықпал ету

АКТ-ны қолдану дағдылары:

интербелсенді тақта және компъютерді пайдалану

Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка

Бастапқы білім:

отан туралы түсінік

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. 

«Путь сердца» релаксациясы;    

Сабақтың ортасы

Үй тапсырмасын тексеру: Қ.Толыбаевтың «Менің Отаным» әңгімесін оқып және мазмұндап келу берілген.Қойылатын сұрақтар: -«Отан» деген сөзді естігенде қандай сезімде боласың? -Отанын сүйетін адамның бойында қандай қасиеттер болады? -«Отан –оттан да ыстық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? -Отанға деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің? -елжанды деп қандай адамды айтамыз? -сен Отаныңды қадірлеп көрдің бе?  

Дәйексөз «Адал адам Отанын сүйеді» Ахмет Байтұрсынұлы 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу Бүркіт Ысқақовтың «Сенің Отаның» өлеңін оқып беру және талдау:-«Отан деген немене?» деген сұраққа қалай жауап берер едіңдер? -сен өз Отаныңды қалай сүйесің? -отансүйгіштік адамды қандай істерге жетелейді? -сен өз Отаныңды қалай сипаттар едің? -сенің Отаның саған несімен қымбат?

Шығармашылық жұмыс Жеке жұмыс.1-тапсырма:қажетті сөздерді пайдаланып , мақал-мәтелдерді жалғастырып жазыңдар.

Топпен ән айту:  Атамекен әнін бірге орындау.


 

  


Б. Ысқақов «Сенің Отаның» Балаларға арналған әңгімелер 70 бет;

Өлеңі: Қ.Мырза- Әлі Әні: Е.Хасанғалиев Атамекен.  

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: №24 сабаққа 110 беттегі Ә.Нұршайықовтың «Мәншүк әні» әңгімесін оқып және мазмұндап келу.

Өзін-өзі тану оқулығы 110 бет

Рефлексия

Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Отанымызды сүйіп , оған адал қызмет етейік.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Пікірлер(0)