Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы
Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.3.5.1. географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар : • Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын сипаттап, графикалық түрде көрсетеді; |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: Географиялық қабықтың құрамын атайды. Географиялық қабықтың құрылысын оқып, графикалық түрде көрсетеді Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминология: Атмосфера, гидросфера, биосфера, литосфера Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Географиялық қабықтың құрылысын.............................. сипатттауға болады. Тірі организмдер.............................. |
Күтілетін нәтиже: | Оқушылардың жаңа тақырыпты толық меңгеруі. |
Бағалау критерийлері: | 1. Оқушылар географиялық қабықтың құрамын анықтайды. 2. Географиялық қабықтың құрылысын графикалық түрде көрсетеді. |
Құндылықтарды дарыту: | Оқушыларды топтық жұмыс кезіндегі ұйымшылдық, жауапкершілік, және ынтымақтастықта жұмыс жасау, бірін- бірі бағалау, әділдік қасиеттерін дарыту және қоршаған ортаны қорғауға баулу |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта |
Пәнаралық байланыс: | Биология пәнімен географиялық қабықтың құрылысын оқу барысында тірі организмдердің таралу ортасы айтылады. Информатика пәні компьютерде жұмыс істеп, 3 Д модель, ақпараттық модель жасау үшін. Өнер пәні бейнелеуіш модель жасау үшін |
Бастапқы білім: | Оқушылар 7 сыныпта «7.3.5.1 географиялық қабық, материктер мен мұхиттар, зоналар және белдеулер, ландшафт табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді» оқыды. Оқушылар географиялық қабық анықтамасын, ерекшеліктерін, құрамын білулері тиіс. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (5мин) |
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. 2. Тақтаға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары көрсетіледі. 3.(С) Өткен сабақты қайталау ретінде географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын анықтайды, сызбаға жазады. Дескриптор Оқушылар − географиялық қабықтың құрамын анықтайды − құрамдас құрылысын графиктік түрде ұсынады |
|
Сабақтың ортасы (30мин) |
4. (Т) Географиялық қабықтағы құбылыстарды сипаттайтын әртүрлі модельдер жасап, ұсыныңыз. Оқушыларға қажетті құрал жабдықтар таратылады. Модельдерге қойылатын талаптар: Географиялық қабық құрамы, құрылысы, ерекшелігін сипаттайтын көрсеткіштер, ақпараттар, белгілер болуы тиіс. 1- топ. Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы, ерекшеліктерін сипаттауда ақпараттық модель ұсынады. Ақпараттық модельді ұсынуда (алгоритімдер, схема, кесте, иерархиялық жүйе) қолдануға болады, немесе оқушылар өз шығармашылығын көрсетеді. 2- топ. Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы, ерекшеліктерін сипаттауда бейнелеуіш модель ұсынады. Коллаж, графика т.б 3- топ. Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы, ерекшеліктерін сипаттауда компьютерлік графикада 3Д модель ұсынады. Дескриптор Оқушылар «географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын, ерекшеліктерін сипаттайтын ақпараттық модель ұсынады. «географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын, ерекшеліктерін сипаттайтын бейнелеуіш модель ұсынады. «географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын, ерекшеліктерін сипаттайтын 3Д модель ұсынады. «Айналмалы бекет» әдісі бойынша әр топ келесі топ жұмысымен танысады, қойылған талаптар бойынша бағалайды. |
|
Сабақтың соңы (3мин) |
Мұғалімнің бағалауы. Қорытынды. Оқушылар географиялық қабық тақырыбына қатысты, тапсырмаларды орындайды. |
|
Рефлексия (2мин) |
Сабақтың алдында қойған мақсаттары бойынша стикерді тақтадағы шаршыларға (барлығын түсіндім, сұрағым бар, түсінбедім) қою. |
Пікірлер(0)