HTML-ДЕ МУЛЬТИМЕДИАНЫ ЕНГІЗУ

ТӨЛЕНДІ СӘБИТ ТӨЛЕНДІҰЛЫ
ТӨЛЕНДІ СӘБИТ ТӨЛЕНДІҰЛЫ
Жамбыл облысы
Талас ауданы, Ақкөл ауылы
Ақкөл орта мектебі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
10-сынып
Бөлім:
Веб-жобалау(
Тақырып:

HTML-ДЕ МУЛЬТИМЕДИАНЫ ЕНГІЗУ

27.02.2020
251
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

10.4.2.4 Web-бетке мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML тегтерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы: HTML-де мультимедианы қолдану туралы біледі

Көпшілік оқушы: Дыбыс пен бейнені енгізу жолдарын анықтайды Кейбір оқушы:

HTML-де мультимедианы қолдану қажеттілігін түсіндіреді  

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминология: Дыбыстық фон-звуковой фон-sound background, бейне-видео-video, дыбыс- аудио-audio, атрибут-атрибут- attribute, мультимедиа-мультимедиа- multimedia  

Күтілетін нәтиже:

HTML-де мультимедианы қолдану туралы біледі. Дыбыс пен бейнені енгізу жолдарын анықтайды

Бағалау критерийлері:

HTML-де мультимедианы қолдану туралы біледі. Дыбыс пен бейнені енгізу жолдарын анықтайды. HTML тілінде мультимедианы қолдану қажеттілігін түсіндіреді, тұжырым жасайды.  

Құндылықтарды дарыту:

Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Тапсырмаларды орындау барысында компьютерде html тілінде дұрыс жазылуын біледі

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілінде термин сөздер қолданылады

Бастапқы білім:

Скриптерді қолдану

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу «Дос-досымен» жаттығуы Топ ішіндегілер бір-бірімен араласып жүреді. Жүргізуші «Дос-досымен» дегенде, ойыншылар досын ұстап, екеу болып тұрады. Жүргізуші тағы да «шаш-шашымен» дегенде, шаштарын тигізеді; «арқа- арқамен» дегенде, арқаларын тақайды т.с.с. бет- бетімен, қол-қолымен, саусақ-саусақпен, табан- табанмен, бас-басымен, тізе-тіземен, иық-иықпен деген сияқты бірнеше сөздер айтылса, соларды орындауы керек. Жүргізуші арасында бірнеше рет «дос-досымен» дегенде, қатысушылар басқа досты таңдап достасады. Достасып қойған достар қайтадан достасып қалса, ойыннан шығады. Топқа біріктіру: Сандар арқылы топтарға біріктіру.  

Өткен сабақты пысықтау: «Кубизм» әдісі Мұғалім текшенің алты қырына тапсырмалар дайындап жазады. Оқушылар текшедегі тапсырмаларды топта орындайды. Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау, қолдау көрсету  

Текше

Сабақтың ортасы

(26 минут)

«Миға шабуыл» әдісі - Web-беттерді жасауда қандай ұстанымдарды басшылыққа алу керек деп ойлайсың? - Мультимедиа дегеніміз не? Оқулықпен жұмыс Мұғалім тақырыпты бейнежазба немесе слайд материалы арқылы көрсетеді. Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Мұғаліммен бірлесіп талдайды. Ауызша мадақтау, ынталандыру Кестемен жұмыс - Берілген атрибуттардың мәнін толықтырыңдар. Практикалық жұмыс 1-тапсырма. Веб-беттен дыбыс немесе бейнефайлға сілтеме жасап аш. Ол үшін төмендегі қатарларды Блокнот программасында теріп, веб-бетті «index.html» атауымен сақта. «index.html» файлын ашқанда төмендегі веб-бет пайда болады. Дыбыс және бейнефайлдардың пиктограммаларын олардың жанына енгіз. Тапсырманы орындау барысында: 1. Дыбыстық фон BGSOUND элементін веб-бетке енгізуді үйренеміз. <BGSOUND src = «дыбыстық файл атауы»> 2. Гиперсілетемелер арқылы дыбыстық және бейнефайлдарды ашуды үйренеміз. <a href ="аудио файл URL"> сипаттама </a> <html>  

<head> <title>Дыбыстық және бейнефайлдарды кірістіру</title> </head> <body bgcolor=lime> <H2 align=center> Бейне немесе дыбыс файлын ойнату</H2> <p><I> Бетті жүктегенде дыбыс файлды ойнату: </I> <BGSOUND SRC="001.mp3" LOOP=INFINITE></p> <I> Бейнефайлға сілтеме: </I> <A href="002.avi"> <img src="005.jpg" width=30 height=20 BORDER=2 ALIGN=MIDDLE </A> <p><I>Дыбыстық файлға сілтеме:</I></p> <A href="004.mp3"><img src="006.jpg" width=30 height=20 BORDER=2 ALIGN=MIDDLE </A> </body> </html> 2-тапсырма. Наурыз мейрамы жайлы веб-бет жаса. Бұл бетте наурыз жайлы ақпарат пен бейнеклип орналастыр. Броузер жұмысына арналған HTML кодтарды енгізіп, «index2.html» атауымен сақта. Қазақ қаріптері веб- бетте дұрыс көріну үшін сақтау терезесінде кодировкада «Юникод»-ты таңдау керек. HTML коды дұрыс енгізілгенде 1-суреттегі web-терезе пайда болады. Тапсырманы орындау барысында: 1. Бейнефайл енгізілген жағдайда броузер терезесінде бейнеклиптің ойнауы жүзеге асады. </p> </body> </html> Дескриптор: - Веб-бет жасайды. - Веб-бетті безендіреді. - Веб-бетке бейнебаян енгізеді. Фигуралар арқылы бағалау  

Компьютер, оқулық


https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/9-synyp/lesson/html-zhane-html-redaktor

Сабақтың соңы

(4 минут)

Тест тапсырмасын алу Оқушылар тест жұмысын орындайды.  


1. Дыбыстық фонды кірістіру үшін қандай элемент қолданылады? 2. Құжатта жүгіртпе жолды құру үшін қай тег қолданылады? 3. Жүгіртпе жолда суретті қолдануға бола ма?

4. Жүгіртпе жолдың қандай атрибуттары бар? 5. Дыбысты және бейнені кірістіру үшін қолданылатын элемент? Бір-бірін бағалайды Кері байланыс: «БББ кестесі» әдісі Оқушылар тақырып туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін және не білгісі келетінін кестеге жазады

Үй тапсырмасы. Қайталау  

Компьютер, оқулық


https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/9-synyp/lesson/html-zhane-html-redaktor

Пікірлер(0)