І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
Қазақ әдебиеті
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Адам жанының құпиясы
Тақырып:
І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
27.02.2020
50
2
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Т/Ж 1. Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар орындай алады: Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Шығарма мазмұнына сай сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселені талдайды . Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарма мазмұнын өз көзқарасы негізінде өмірмен байланыстырады, салыстырады. Шығармадан алған әсері бойынша досына хат жазады. |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: шығарма мазмұнын өз бетінше меңгереді, сипаттама Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сюжет, композиция, жанр, поэма Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар:Поэманың құндылығы неде? Автор мен Құлагердің арасында қандай ұқсастық бар? Ақын көтерген мәселе өзекті ме? |
Күтілетін нәтиже: | Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды. Шығарма мазмұнын өз көзқарасы негізінде өмірмен байланыстырады, салыстырады. Шығармадан алған әсері бойынша досына хат жазады. |
Бағалау критерийлері: | Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын талдайды |
Құндылықтарды дарыту: | «Жігітке жеті өнер де аз» демекші Ақанның серілік өнері мен өмірін үлгі ету оқушы бойына дарыту |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | https://bilimland.kz; сайтын қолдану |
Пәнаралық байланыс: | музыка,тарих |
Бастапқы білім: | Алдыңғы білімдерін жаңа біліммен ұштастырады. І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы тақырып бойынша білетін білімдерін нақтылау, жинақтау |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
Психололгиялық ахуал тудыру. «Ыстық лебіз» шеңберге жиналып, бір-біріне тілек айту. Стикер арқылы топқа бөлу | |
Сабақтың ортасы |
Ширату жаттығуы. 1-тапсырма Б. Мансұровтың «Құлагер» фильмінен үзінді көрсетіледі. Бейне көрініске байланысты үзіндіні көріңіз Үзіндідегі кейіпкерлер әрекетін бақылап, ойларыңызды ортаға салыңыз «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жеке, жұптық, топтық жұмыс орындалады Дескриптор • Бейнефильмді көреді • Кейіпкердің әрекетін бақылайды, өзіндік ой түйеді. ҚБ «Көршіңізге айтыңыз» оқушылар өз жұптарын бағалайды 2-тапсырма Шығарманың жанрына қарай, сюжеттік –композициялық құрылымын талдаңыз.«Әдеби үйірмелер» әдісі Баяндап беруші-оқиға мазмұнын жүйелі баяндайды; Зерттеуші-поэманың мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды; Сілтемелер табушы-оқиға желісіне сәйкес мақал-мәтел табады; Бейнелеуші –суретші- сюжетін аызша суреттейді; Дәнекер- негізгі оқиғаны бүгінгі өмірмен байланыстырады, салыстырады. Дескриптор • жүйелі мазұндайды; • оқиға желісін жан-жақты талдайды; • мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды; • оқиға желісіне сай мақалдар табады; • оқиғаның сюжеттік дамуын ауызша суреттейді; • оқиғаны бүгінгі өмірмен байланыстырады. ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» 3-тапсырма. «Оқиға тауы» әдісі Берілген графикалық оргайзерді пайдаланып, шығарманың композициялық құрылымына сай ретімен орналастырыңыз. Топтық жұмыс: оқиғаның басы, дамуы оқиғаның шиеленісуі оқиғаның шарықтау шегі мен шешімі Дескриптор • шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтайды; • композициялық құрылымын ретімен орналастырады ҚБ:«Айналмалы бекет» әдісі арқылы топтар бір –бірінің жұмысын бағалайды 4-тапсырма. Әр топ өздеріңе берілген поэма үзінділерінен ерекше сөз қолданыстарын тауып, кестеге жазыңыз. Теңеу Метафора Арнау Риторикалық сұрақ Дескриптор • ақынның ерекше сөз қолданысын табады; • анықтаған көркемд.сөздерді кестеге жазады. ҚБ Көңілді смайликтер арқылы | |
Сабақтың соңы |
«Өз миыңды суретте» әдісі арқылы сабақ бойынша оқып, үйреніп, білгеніңізді ми суретінің ішіне жазыңыз | |
Рефлексия |
Аяқталмаған сөйлем |
Пікірлер(0)