Үш амалмен орындалатын есептер шығару
Үш амалмен орындалатын есептер шығару
| Тақырыбы | Үш амалмен орындалатын есептер шығару |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді (шамалар арасындағы тәуелділкке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: үш амалмен шығарылатын есептерді шығарады Көптеген оқушылыр: мұғалімнің көмегімен жаңа білімді түсініп, алған білімін өмірде қолдана алады. Кейбір оқушылар: тақырыпты терең меңгеруге арналған тапсырмаларды орындайды. |
| Құндылықтарды дарыту | Мүдделі тараптармен бірігіп жұмыс істеуге дайындық, олардың пікірлері мен ұсыныстарына ашықтық, шешімді бірігіп қабылдау |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (13мин) |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Өзіме тілек» әдісі Балалар бір қағазға бүгінгі күнге арнап өзіне тілек жазады. Тілек жазылған қағазды орайды, басқа топтармен ауыстырылады . Тілектерді ашып оқиды . Бүгінгі күнге баршаңызға сәттілік тілейміз Асық арқылы бөлу Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті( санды) алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұ) «Ширату» әдісі . Тест. 1. Тік төртбұрыштың ауданы а) (а+в)*2 ә) а+в+с б) а * в 2. 4 санының квадраты а) 8 ә) 16 б) 24 3.Шаршының периметрі а) (а+в)*2 ә) 4а б) а +в 4. 200:50+460 өрнегінің мәні а) 464 ә) 645 б) 546 5. 4 дәптер 60 тг тұрады. 6 дәптерге неше теңге төлейді? а) 90тг ә) 85 тг б) 70 тг ҚБ: «Отшашу» әдісі арқылы бір-бірін бағалау. Кеспе қағаздағы есептерді шығару арқылы тақырыпты ашу -Ал енді балалар осы «ЭКСПО-2017» көрмесінің негізгі белгісін орналастырайық . Егер есепті дұрыс шешсек онда біз осы көрмеге әлемнің неше елі қатысқанын білетін боламыз (196*4 – 439) :3= 115 Ал балалар осы есептің басқа есептерден қандай өзгешелігі бар ? Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Үш амалмен орындалатын есептер шығару Оқу мақсатын таныстыру 3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді модельдеу және шығару |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған асықтар. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|
Сабақтың ортасы (20 минут) |
«Үш амалмен шығарылатын есептерді модельдеу және шығару» видео ролик Белсенді оқу тапсырмалары(жұпта ,топта) 1 топ Ересек а - 90 тг-ден 6 (б) Балаға – 45 тг-ден 10 (б) ? тг ІІ топ Сатып алды- 500тг лік 2 (б) ? тг 200тг лік 5 (б) ІІІ топ І орам -324 м ? көйлек ІІ орам -?,131 м кем 1 көйлек- 4 м Дескриптор: Шартын дұрыс құрады Тиісті амалдарды таңдайды Өрнектің шешуін жазады Жауабын жазады Топтың жұмысын «Жапондық әдіс» бағалау «Кім тапқыр?» әдісі Зерттеу тәсілі 8-тапсырма Бұл тапсырманы тәжірбиелік тапсырма ретінде орындайды. Дорбаға қызыл және ақ түсті асықтар салып, бірнеше оқушыға дорбадан асықтар алғызып тәжірибе жасату. ҚБ. (Ж) А тобы Саят әрқайсысы 9 теңге тұратын 3 альбом және 4 қалам сатып алды. Ол барлық затқа 59 теңге төледі. Қалам неше теңге тұрады? Дискриптор - есептің қысқаша моделін құрады; - шамалар арасындағы тәуелділіктің негізінде санды өрнектер құрастырады; - өрнектердің мәнін табады; - есептің жауабын жазады. Б тобы Саят әрқайсысы 9 теңге тұратын 3 альбом және 8 теңге тұратын 4 қалам сатып алды. Ол 100 теңге төледі. Саятқа неше теңге қайтарды? Дискриптор - есептің қысқаша моделін құрады; - шамалар арасындағы тәуелділіктің негізінде санды өрнектер құрастырады; - өрнектердің мәнін табады; есептің жауабын жазады. С тобы Саят әрқайсысы 9 теңге тұратын 3 альбом және 8 теңге тұратын 4 қалам сатып алды. Ол барлық затқа неше теңге төледі? Дискриптор - есептің қысқаша моделін құрады; - шамалар арасындағы тәуелділіктің негізінде санды өрнектер құрастырады; - өрнектердің мәнін табады; есептің жауабын жазады. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/esep-sheshimin-modeldeu-tasilderi
|
|
Сабақтың соңы (7 мин) |
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке) Кері байланыс парақшасы.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату |



Пікірлер(0)