Ауа неден тұрады? Жел
Ауа неден тұрады? Жел
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 3.3.2.1 - ауаның құрамын сипаттау; 3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау; 3.1.2.2 - ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау; 3.1.2.3 - экспериментті жоспарлау және жүргізу 3.1.2.4 - жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау; |
| Сабақтың мақсаты: | • ауаның құрамын сипаттау; • ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау; • экспериментті жоспарлау және жүргізу. |
| Тілдік мақсаттар: | Азот , ауа, ауаның құрамы |
| Күтілетін нәтиже: | Ауаның құрамын толықтай түсінеді , алған білімін өмірде қолданады |
| Бағалау критерийлері: | 1.Ауа құрамын біледі. 2.Ауаның құрамын сипаттайды. 3. Ауаның жануды қолдайтын қасиетін біледі. |
| Құндылықтарды дарыту: | Адамзат үшін ауаның маңыздылығын біледі. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Bilimlend , презентация |
| Пәнаралық байланыс: | дүниетану, бейнелеу өнері , математика |
| Бастапқы білім: | Ауаның қасиеттерін біледі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 минут) |
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Психологиялық дайындық / Оқушылар «шеңбер » құрайды. Хормен айтады. / Қоршаған орта табиғат, Жануар, өсімдік, адамзат. Сүю,қорғау- парасат, Білейік, мұны жамағат! 2.Топтастыру Үш түрлі қағаз қиындыларын жерге тастаймын.Оқушылар оларды құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. 3.Жұмбақ шешу.Жұмбақта қандай зат жасырылған? Сол топтың аты болады. Көзге көрінбейді, Жұтсаң білінбейді. /АУА/ Аяқсыз жетіп барады, Қолсыз есік қағады. (Жел) Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ, жетеді, Аузы жоқ, ұлиды. (боран) Сонымен, қорытындысында 1 топ –Ауа 2 топ – Жел 3 топ – Боран , деп аталады. |
1-слайд 2-слайд |
|
Сабақтың ортасы (27 минут) |
1.Айырмашылығын тап.
Марс Жер *Марста ауа жоқ. *Жерді ауа қоршап тұр. -Кім Марсқа ұшуға дайын? -Негеш Марсқа ұшуға дайын. - Неліктен олай ойлайсыңдар? - Себебі, ол ауа толтырылған скафандрмен тұр.
2.Оқулықпен жұмыс 3. 4.Bilimlend тапсырмаларын орындау. 5.Инфографиканың көмегімен ауаның құрамын талдау
Азот. Оттек .Көмірқышқыл газ. Басқа газдар, шаң, су буы деп айтады 6.Сұраққа жауап *Ауада қандай зат көбірек кездеседі? - азот *Тыныс алу үшін қандай газ қажет? - оттек *Оны қандай «ғажайып фабрика» бөліп шығарады? - өсімдіктер *Тыныс алғанда қадай газ бөлінеді? - көмірқышқыл газ 7.«Сәйкесін тап» (жеке, жұптық жұмыс) Қандай зат ауада көбірек кездеседі?
/Жеке орындайды, жұбымен тексереді/ 8.Сергіту сәті. "Зертханалық ойын " 1 топ. *Ауамен тыныс алмасаң, ... /Тұншығасың/ 2 топ *-Ауасыз тіршілік бола ма? Жоқ 3 топ *Ауаны бетке соқсаң, ... /жел соғады/ Тапсырмаларды орындау барысында сипаттаған қимылдарды жасайды. 9.*Ендеше, Жел дегеніміз ... Ауаның бір жерден екінші жерге горизонталь қозғалуы. *Боран деген не? *Қай мезгілде соғады? 10. Жел, боран, ауа» ойыны Ойынның шарты: мен ЖЕЛ дегенде екі қолдарын айқастырып, айналады; БОРАН дегенде екі қолды екі жаққа созып, айналады; АУА дегенде екі қолды жоғары көтеріп тербеледі. 11.Сөздік жұмыс 1топ – Ауа-Воздух-Veather 2 топ - Жел-Ветер -Vind 3 топ – Боран-Метель-Storm |
|
|
Сабақтың соңы (5 минут) |
1.Тез жарыс./ауаның қасиеттері/ -Ауа қандай зат? -Ауаның түсі қандай? -Ауаның дәмі бар ма? -Ауаның иісі бар ма? 2.Топпен жұмыс /Ауаның құрамы өзгеріп жатыр.Ол неге өзгереді? Тапсырманы постер қорғайды 1топ - Оттек 2 топ - Су буы 3 топ – Көмірқышқыл газ |
|
|
Рефлексия (3 минут) |
Үлкен ағаш суреті ілініп тұрады. "Мен бүгін .... түсіндім. Мен бүгін сабақта .... білдім . Маған сабақта .... қызықты болды. Маған сабақта ..... аздап қиындау болды Сабақтағы менің үлгерімім ..." осындай пікірлерін , өз түсінгенін ағашқа жапырақ жапсыру арқылы көрсетеді. |
|

Bilimlend.





Пікірлер(0)