Ұлттық кейіпкерлерді сипаттаймыз. Жалқы есім мен жалпы есім
Ұлттық кейіпкерлерді сипаттаймыз. Жалқы есім мен жалпы есім
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау |
| Сабақтың мақсаты: | Оқушылар берілген суреттер бойынша Алдаркөсе туралы әңгіме құрастыра алады. Берілген тірек сөздер арқылы Алдаркөсені сипаттап жаза алады. Сөздердің қатесін түзеп, сөйлемдерді көшіре алады. |
| Тілдік мақсаттар: | сөз таптары, зат есім, жалқы есім, жалпы есім |
| Бағалау критерийлері: | Оқушылар берілген суреттер бойынша Алдаркөсе туралы әңгіме құрастырады. Берілген тірек сөздер арқылы Алдаркөсені сипаттап жазады. Сөздердің қатесін түзеп, сөйлемдерді көшіреді. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | интертақта, ноутбук |
| Пәнаралық байланыс: | музыка, әдебиеттік оқу |
| Бастапқы білім: | «Ширату жаттығу» Жалған – ақиқат -оқушыларға пікір айтамын. Оқушылар айтылған пікірдің жалған немесе ақиқат екенін анықтайды. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Тыңдалым. Алдаркөсе жайында видео - Тыңдалған видео бойынша сұрақтар қою. Айтылым. «Суреттегі ертегі» әдісі Нұсқау: сурет бойынша Алдаркөсе жайында әңгіме құрап айт. ҚБ оқушылар сурет бойынша Алдаркөсе жайында әңгімелейді Ынталандыру Тамаша! |
https://youtu.be/Ky0ZG2gFGwQ суреттер |
|
Сабақтың ортасы |
Жазылым. Нұсқау: Берілген сөздерді пайдаланып, Алдаркөсені сипаттап жаз. ҚБ оқушылар кедей, тапқыр, ақылды, қу сөздерін пайдаланып, Алдаркөсені сипаттап жазады. Уәждеу Керемет! |
Тірек сөздер |
|
Сабақтың соңы |
«Адасқан сөздер» әдісі Нұсқау: сөздердің қатесуін түзетіп, сөйлемдерді көшіріп жаз ҚБ оқушылар сөйлемдерді көшіріп жазады Ынталандыру Жарайсыңдар! |
|
|
Рефлексия |
"Кеме" әдісі |
кеме кері байланысы |
Пікірлер(0)