1 санымен амалдар орындау

МАГЗУМОВА РАУШАН БУРАМБАЕВНА
МАГЗУМОВА РАУШАН БУРАМБАЕВНА
Ақмола облысы
Қызылқазақстан а.
КГУ «Кызыл-Казахстанская казахская основная школа им. Нургабулы Малгаждарова»
Математика
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Сандық және әріптік өрнектер. Теңдеулер
Тақырып:

1 санымен амалдар орындау

29.02.2020
344
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): Cанды 1-ге кобейту және болу жагдайларын әріптік теңдік түрінде : а х 1 = a; a : 1= a көрсету. 
Сабақтың мақсаты: Санды 1-ге көбейту мен бөлу жағдайларын әріптік теңдік түрінде көрсету және салт- дәстүр және ауыз әдебиетінің бір түрі мақалдың мағынасын ашу. 
Тілдік мақсаттар: Тірек сөздер : жүйек, есе кем, кем, есе артық, ересек. «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» мақалының мазмұнын ашу Ортақ тақырыпты ашу сұрақтары : - Санды 1-ге кобейту және болу жагдайларын түсіндір - Салт- дәстүр дегеніміз не? - Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. - Мақалдың мазмұнын қалай түсінесіңдер? Талқылауға арналған сұрақтар: - Көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр? - Кез келген санды 1-ге және 1-ді кез келген санға көбейткенде қандай сан шығады? - Бұлар неше амалмен шығарылатын есептер? Ишара: «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Талпын», «Дайындал» т. б.     
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: 1 санымен көбейту жəне бөлу амалдарын орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: санды 1-ге көбейту жəне бөлу жағдайларын əріпті теңдік түрінде көрсетеді.Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: 1 санымен көбейту жəне бөлу амалдарын мысалдармен көрсетеді.Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды.  
Бағалау критерийлері: Барлық оқушылар : • әріптік теңдік түрінде а х 1 = a; a : 1= a көрсетеді; • амалдардың орындалу рентін айтады; • көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыра алады; Көптеген оқушылар: • есептерге сызба таңдап оларды екі амалмен шығатындай етіп толықтырады және шығарады; • алдында өтілген көбейту кестелерін және олардың заңдылықтарын біледі. • Kөбейтуді бөлумен тексереді. Кейбір оқушылар: • баған түрінде есептеп, тексереді; • өрнек құрастырып, мәнін табады;
Құндылықтарды дарыту: Мақалдың мағынасын түсіну арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықты сіңіру. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының екінші құндылығы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып ұрпақтан ұрпаққа берілетінін ұғындыру. (Бұл идея сабақтың өн бойында іске асады)
АКТ-ны қолдану дағдылары: интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: Ұлттық дүниетаным, дүниетану, әдебиеттік оқу, дене шынықтыру,музыка. 
Бастапқы білім: Теңдік пен теңсіздік, санды және әріпті өрнектер

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)

Қызығушылығын ояту кезеңі 2 минут Психологиялық ахуал қалыптастыру «Қайталап көрші» тренинг Оқушылар шеңберде тұрып, өздеріне ұнайтын кез келген бір қимыл әрекетті көрсетеді. Қалған оқушылар оны қайталауы тиіс. Мысалы: қолын бір рет шапалақтау т.б. Топқа бөлу 2 минут «Амалдар» Оқушылар карточкалардағы қосу, азайту, көбейту, бөлуге байланысты төрт топқа бөлініп отырады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды. Бағалау парақшасы таратылады. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушылар жұлдызшамен бағаланады. Жұмыс ережесімен келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Ыстық картоп» әдісі арқылы көбейту кестесі сұралады.  

Сабақтың ортасы

(20мин)

Мағынаны тану кезеңі. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Дәптермен , тақтамен жұмыс. Топтық жұмыс 1. Өрнектердің мәнін өсу ретіне қарай орналастырып, мақалды құрастыр. Мақалдың мағынасын қалай түсінесің? Достарыңмен бірге зертте. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырып есепте. Екінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр. Қандай қорытынды жасауға болады? 1 санымен көбейтуге және бөлуге мысалдар құрастыр. I, II топ. 2. Есептерге сызба таңда. Оларды екі амалмен шығатындай сұрақтармен толықтыр және шығар. а) Сырым 8 жүйек, ал Санжар одан 2 есе кем жүйек суғарды. ...неше жүйек суғарды? ә) Мақсат 12 кг алма, ал Әнуар одан 4 кг кем алма жинады. ...неше килограмм алма жинады? б) Серуенге 5 ересек адам, ал олардан 3 есе артық балалар шықты. Неше ... адам серуенге шықты? «Ойлан-жұптас-бөліс» III топ. 4. Салыстыр. 21-19*10:5 7×2*3×3 8:4*43-41 18:3*2+80 40-22*3×6 2×9*6×3 IV топ. 5. а) Өрнек құрастырып, оның мәнін тап. Ең үлкен екі таңбалы сан мен 77-нің айырмасына ең кіші екі таңбалы санды қос. ә) Өрнектердің мәнін тап. 15+а-13 және b-2+18, мұндағы a=5; a=10; a=30 және b=32; b=43; b=52.  «Көршіңді таны» сергіту сәті. - Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта. - Кім спортпен айналысқанды жақсы көреді, «Кинг Конг» деп айқайласын. - Кім ән айтып, билегенді ұнатады, «Алақай» деп айқайласын. - Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын. - Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын. - Иттерді жақсы көретіндер үрсін. - Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын. - Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін. - Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын. - Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін. - Тапсырмаларды орындағанда шаршамайтындар «Алға!» деп айқайласын. - Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын. - Осы ойынға қатысқандарына қуанатындар «Қуаныштымын!» деп үш рет айтсын.  

Сабақтың соңы

(5 мин)

<p>Ой толғаныс кезеңі. Семантикалық карта 25 6 10 4 8 40 1×8 18:3 6:1 5×8 32:4&nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp;&nbsp;</p><p>Оқушылар жинаған жұлдызшалары арқылы бағаланады. Оқушының аты-жөні «Ыстық картоп» әдісі «Топпен жұмыс» Семантикалық карта «Ойлан –жұптас – бөліс» әдісі Балл&nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp;</p>

Рефлексия

(5мин)

«Плюс, минус, қызықты» «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.&nbsp;&nbsp;

Пікірлер(0)