Қазақтың бас ақыны
Әдебиеттік оқу
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Атақты тұлғалар
Тақырып:
Қазақтың бас ақыны
02.03.2020
64
1
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 3.2.2.1 – қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
Тілдік мақсаттар: | оқушылардың ойлау қабілетін дамыту |
Күтілетін нәтиже: | Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
Бағалау критерийлері: | мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
Құндылықтарды дарыту: | Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
Пәнаралық байланыс: | Дүниетану, қазақ тілі. |
Бастапқы білім: | 6-тарау өткен бөлімдерде алынған білім мен дағдыларға негізделген. Оқушылар мақал-мәтелдерді шығармашылықпен қолдануды, өз ойын айтуды, топпен, жұппен жұмыс тәсілін меңгеріп, басқаның ойын қорытындылауды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауды игерді |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Тасбақалардың жүгірісі». Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады. «Алақандар » арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған алақандарды алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Тест. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау | |
Сабақтың ортасы |
Ширату тапсырмасы. Таныстырылым. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз. Оқылымалды жұмыс. Оқулықтағы 3-тапсырмадағы суретке сүйеніп, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын ден қоя зерттеген Мұхтар Әуезов туралы әңгімелеу. Оқылым. М. Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесі оқылады. Жазылым. 4- тапсырма. Мәтінге сүйеніп, Абайдың аналарының аттарын тауып жазады. Ойтолғау. 5- тапсырма. Оқулықтағы суретке қарап және мәтінге сүйеніп, бала Абай мен әжесі арасында диалог құрастырады. ЖК: 5–6 сөйлемнен тұратын диалог. Оқулықтағы 6-тапсырма. Сөзжұмбақтағы сұрақтарға жауап алынады. Топтық жұмыс. І топ. Сұрақтарға жауап бер. Неліктен қазақ халқы Абайды «қазақтың бас ақыны» дейді? | |
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс парағы | |
Рефлексия |
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс парағы |
Пікірлер(0)