Етістік
Етістік
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 4.2.6.1 Белгілі бір тақырып бойынша мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін, салыстырып ,ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау . |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар : Етістікті естеріне түсіреді Көбі жасай алады : Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды . Кейбірі жасай алады : Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады . |
| Тілдік мақсаттар: | Берілген тақырыптар бойынша мәтін мазмұнын айта алады |
| Күтілетін нәтиже: | Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады |
| Бағалау критерийлері: | Мәтіндерді салыстырады ,етістіктерді біледі |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Компьютерді қолдану |
| Пәнаралық байланыс: | жаратылыстану |
| Бастапқы білім: | жіктеу есімдіктерінің септелуі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (7 минут) |
Сәттілік біздер тілейік , Мен саған, сен маған Күндей күліп жүрейік , Күннің нұрын төгейік Мен саған,сен маған "Мен сөз таптарын білемін" ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеріледі |
|
|
Сабақтың ортасы (20 минут) |
Мәтінді оқу . 59-жаттығу .Оқушылар мәтінді мұқият оқиды .Мәтінді бөліктерге бөліп,оларды өзара салыстырады .Мәтіннің қайсысы ғылыми-танымдық,қай бөлігі көркем мәтін екенін анықтайды . 60-жаттығу Ребусты шеш . Ребусты шешіп ,шешуіндегі сөз туралы не білетіндіктерін талқылайды . 61-жаттығу Жұмбақты жатқа жазу .Жұмбақтан етістіктерді тауып, астын сызу .Етістіктің дара және күрделіт екендігін анықтау. 62-жаттығу .Етістіктерді теріп жазу .Берілген етістіктерден туынды етістіктерді теріп жазу .Туынды етістіктерді дәлелдеу . |
|
|
Сабақтың соңы (7 минут) |
"Бағдаршам " әдісі арқылы ұжыммен жұмыс. Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады .Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, бағдаршам түстеріне сәйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды жасыл түс -негізгі ойды түсініп, мазмұнын толық ашқан қызыл түс -мазмұнын ашқан,әңгіме жүйелі құрылмаған сары түс -мазмұнын толық ашпаған,тақырыптан ауытқыған . |
|
|
Рефлексия (6 минут) |
"Қорытындыла " айдары . Әңгіменің негізгі ойын анықтаңдар Үй тапсырмасын беру |
Пікірлер(0)