Бесікке салу
Бесікке салу
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу; 5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу (дыбыстық талдау) |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. Көпшілік оқушы орындай алады: қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады. Кейбір оқушы орындай алады: тақырып бойынша қосымша мәліметтер келтіреді. |
| Тілдік мақсаттар: | Негізгі сөздер мен тіркестер: қазақтың салт-дәстүрлері, шілдехана, бесікке салу, иткөйлек, бесік жыры, бала, бесікке бөлеу, атаның бата беруі, той, балаңыздың бауы берік болсын. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, жолдастарымның пайымдауынша, бұл пікірмен келісемін/келіспеймін. |
| Бағалау критерийлері: | Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескереді. Орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Ұлттық мәдениет пен салт- дәстүрлерді құрметтеуге баулу. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | интерактивті тақта, слайд |
| Пәнаралық байланыс: | Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану |
| Бастапқы білім: | Балаға ат қою салтының маңыздылығын біледі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10 минут) |
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал "Ақ тілек" Топқа бөлу. Оқушылар оқу құралдарын қорапшаға салады, мұғалім оны араластырып, әр партаға (топқа) қойып шығады. Оқушы өзінің заты тұрған орынға барып отырады. Өткен тақырыпты еске түсіреді, тексереді. 1. Балаға атты қалай, кім қояды? 2. Сендердің есімдерің қалай қойылды? (Үй тапсырмасы "Менің атым қалай қойылды?" тақырыбында әңгіме жазу) 3. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ішінен қандай салт-дәстүрлер баланың сәби кезеңімен байланысты? 4. Бала тәрбиесіне байланысты тағы қандай салт-дәстүрді білесіңдер? 5. "Бесік жыры - балаға берілетін алғашқы тәрбие" деген қанатты сөзді қалай түсінесіңдер? Ойтүрткі. Суреттерде қандай отбасылық мерекелер бейнеленген? Дескриптор: - суреттер бойынша өз ойларын айтады; - сабақтың тақырыбын болжайды; - сурет бойынша бір-біріне сұрақтар дайындайды. Қалыптастырушы бағалау. Ауызша мадақтау. "Жарайсың", "Тамаша"
|
Оқу құралдары, оқулық, интерактивті тақта |
|
Сабақтың ортасы (20 минут) |
Оқылымалды тапсырма Жетекші сұрақтар қою: Бесіктің балаға пайдасы қандай? Қазіргі заманда балаларды бесікке жатқыза ма? Оқылым тапсырмасы. "Шілдехана" мәтіні "Бесікке салу"мәтіні. Оқушылар екі топқа бөлініп, мәтінде көтерілген екі мәселені түсіндіреді. Дескриптор: - мәтінде көтерілген мәселені түсіндіреді; - бір-бірімен байланысын анықтайды. Қалыптастырушы бағалау. "Басбармақ" әдісі. 3-тапсырма. Жеке жұмыс. Дескриптор: - мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды; - дыбыстық талдау жасайды; Қалыптастырушы бағалау. Мадақтау. "Ойлан, жұптас, талқыла" әдісі. Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздерді "Түсіндірме сөздіктен" тауып, мағынасын түсіндіріңдер. Дескриптор: -жұптасып жұмыс жасайды; - берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Қалыптастырушы бағалау. Топтық бағалау. Бесікке салу. Бейнебаян тамашалау. Топтық жұмыс. 1-топ. Бесік деген не? 2-топ. Бесік неден жасалған? Дескриптор: - берілген тақырыптар бойынша жинақы мәтін жазады. Қалыптастырушы бағалау."Үш түс" тәсілі. |
"Бұрыштар" стратегиясы https://www.youtube.com/watch?v=LnPNI67LERg |
|
Сабақтың соңы (8 минут) |
Топтық жұмыс. "Тұжырымдамалық кесте" Дескриптор: - мәтіннен балаға айтылған тілек сөздерді табады; - сұраққа жауап береді; - кестеге жазады. Қалыптастырушы бағалау.Өзара бағалау. Оқушылар "Бесік" сөзіне бесжолды өлең жазады. 1.Зат есім. Бесік. 2. Сын есім. Тербелмелі, әдемі. 3. Етістік. Тербетеді, тазалайды, бөлейді. 4. Сөйлем. Бесік - сәбидің алтын ұясы. 5. Синоним. Төсек. |
А 3 қағаз, маркерлер, оқулық |
|
Рефлексия (2 минут) |
Рефлексиялық эссе. Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді. Алдымен біз былай деп ойладық ... Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық... Проблеманы шешу үшін ... жасадық. Бұдан біз ... көрдік Демек бұл мынаны білдіреді.... Сонымен біз .... шешімге келдік. Үйге тапсырма: "Бесікке тілек" деген тақырыпта шағын әңгіме жазып, буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді анықтайды. |
Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар |
Пікірлер(0)