бұл- малдың төлі
бұл- малдың төлі
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Т.3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау А.3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем) |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады:мәтіндегі анық сөздерді түсінеді. Көпшілігі орындай алады: анық түсінген сөздер арқылы қарапайым нұсқаулықтарды орындай алады. Кейбір оқушылар орындай алады:тірек сөздер арқылы (3-4) сөйлем құрайды. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар тірек сөздерді түсініп, қолдана біледі. Мәтін құрау үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жаңа сөздер: Бұзау, қой, сиыр, жылқы т.б. Тірек сөздер:Ешкі лақтайды, қозы, сүт, бота т.б. |
| Күтілетін нәтиже: | оқушылар сабақты меңгеріп шығады және малдардың төлдерін есте сақтайды |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта арқылы бейнеролик көрсетемін |
| Пәнаралық байланыс: | Жаратылыстану |
| Бастапқы білім: | Оқушылар үй жануарларын біледі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (2 мин) |
Психологиялық ахуал Шашу шашып балаларға кәмпит тарату арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, 3 топқа бөліп аламын 1-топ:Ботақан 2-топ:Қошақан 3-топ:Құланшақ |
https://www.zharar.com/kz/referat/ 1959-mal.html |
|
Сабақтың ортасы (8 мин) |
«Ой шақыру» әдісі. Оқушылардың алдыңғы білімін жаңғырту мақсатында төрт түлік мал туралы бейнеролик көрсетіп, ашық сұрақтар қоямын Төрт түлік мал Бейнероликтен не көрдіңдер? Олар немен қоректенеді? Саған қандай төрт түлік мал ұнайды? 1-тапсырма ТЖ «Қарлы кесек» әдісі бойынша тыңдалған мәтіннің анық сөздерін топ арасында қайталап шығамыз Сөздер: қозы маңырайды, құлын кісінейді, бұзау мөңірейді, бота боздайды т.б. ҚБ Дескриптор Білім алушы: - Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді - Мәтіндегі сөздерді анық қайталап айтады Кері байланыс «Смайлик» Тақырыпқа қатысты үй жануарларының қимылын қайталап билейді 2-тапсырма ТЖ «Саймон...дейді» әдісі бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы қарапайым нұсқаулықтарды орындайды. -Қой не істейді? -Бота не істейді? -Маңырайды -Бота боздайды ҚБ Дескриптор Білім алушы: - Сұрақтарға жауап береді - Қарапайым нұсқаулықтарды орындайды Кері байланыс «Бас бармақ» тәсілі 3-тапсырма ТЖ «Шахмат» әдісі бойынша тірек сөздері пайдалана отырып, (3-4 ) сөйлем құрайды |
https://yandex.kz/video/search?filmId=2043511035459393392&text=үй%20 %20сергіту%20сәті |
|
Сабақтың соңы (2 мин) |
Тірек сөздер: Ешкі лақтайды, қозы, сүт, бота т.б ҚБ Дескриптор Білім алушы: - Тірек сөздерді ұтымды пайдаланады - Тірек сөздердің көмегі арқылы сөйлем құрайды Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі |
|
|
Рефлексия (2 мин) |
Рефлексия «SMS» әдісі
Шығармашылық тапсырма. Ұнаған төрт түліктің суретін салу |
Үлестірмелі материал |



Пікірлер(0)