Өз еліңнің патриоты болу
Өз еліңнің патриоты болу
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Білімділік: оқушыларға «Отанды сүю» , «патриот болу» ұғымдарын түсіндіре отырып , отансүйгіштікке баулу; Дамытушылық: оқушылардың мейірімділік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды отансүйгіштікке , мейірімділікке , қайырымдылыққа тәрбиелеу. |
| Сабақтың мақсаты: | оқушылардың өз елінің патриоты болу түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. |
| Тілдік мақсаттар: | "отан" , "патриот" ұғымдарының мәнін түсіну , талдау |
| Күтілетін нәтиже: | оқушылардың отансүйгіштік , мейірімділік қасиеттері дамиды , өз елінің патриоты болу дегенді түсінеді |
| Бағалау критерийлері: | отанға , елге қызмет етуге деген ұмтылыстары бағаланады |
| Құндылықтарды дарыту: | сүйіспеншілік құндылығының жарыққа шығуына ықпал ету |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | интербелсенді тақта , компъютер |
| Пәнаралық байланыс: | қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка |
| Бастапқы білім: | "патриот" терминіннің мағынасын біледі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. |
"Путь сердца" релаксациясы |
|
Сабақтың ортасы |
Үй тапсырмасын тексеру: «Мәншүк әні» әңгімесін талдау.Қойылатын сұрақтар:-Мәншүк еліне деген сүйіспеншілігін қалай танытты? -Мәншүк халқының өнерін қалай асқақтатты? -Отанды сүю , риясыз қызмет ету парыз ба?Неліктен? -Отанды сүю қандай іс-әрекеттерден бастау алады деп ойлайсыңдар? -өзің «Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесің? -сен өз еліңе деген сүйіспеншілігіңді қалай білдірер едің? -мейірімділік сендерді қандай істерге жетелейді? -қандай қайырымдылық жасадыңдар? Дәйексөз «Адал адам Отанын сүйеді» Ахмет Байтұрсынұлы 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу. Әңгімелеу Ең жас студент Абзал Мырзаш туралы әңгімелеп беру.Талдау.Сұрақтар:-Абзал қандай бала болып өсіп келе жатты? -ол мектепте қалай оқыды? -Абзалдың қандай қасиеттерін байқадыңдар? -сендер мейірімділіктеріңді қалай білдіріп жүрсіңдер? -Абзал сияқты отансүйгіштіктеріңді қандай істеріңнен көруге болады? -ойланбастан қайырымдылық танытқан кездерің болды ма? Шығармашылық жұмыс Жеке жұмыс.Тапсырма:сөйлемді аяқтау:Мен өз елімнің патриоты боламын , себебі мен... Топпен ән айту Атамекен әнін бірге орындау. |
|
|
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: №25 сабаққа 119 беттегі «Райымбек бастауы» аңызын оқып және мазмұндап келу. |
119 бет " Райымбек бастауы" |
|
Рефлексия |
Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! |
Пікірлер(0)