Қазақстан халқы Ассамблеясы

Анаргуль Нуржанова Кадирбаевна
Анаргуль Нуржанова Кадирбаевна
Ақтөбе
Хромтау
Донская ГШ
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Қазақстандағы ұлттар достастығы
Тақырып:

Қазақстан халқы Ассамблеясы

03.03.2020
67
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

Т/А5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

ӘТН2.Орфоэпиялық норма. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану  

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: тыңдалым мазмұнын түсінеді, талқылайды.

Көптеген оқушылар: сұрақтарға дәлелді жауап береді.

Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтар құрастырады, өмірмен байланысты нақты мысалдар келтіреді.  

Тілдік мақсаттар:

Ел ішіндегі бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық, бір шаңырақ астында, ұлттар мен ұлыстар, ассамблея, бірегей институт

Күтілетін нәтиже:

• Сұрақтарға толық, дәлелді жауап береді.

• Мәтіннен деректер келтіреді.

• Өз жауабын басқа жауаптармен салыстырады.

• Сұрақтарды талқылайды  

Бағалау критерийлері:

• Сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріп, дәлелді жауап береді.

• Өз жауаптарын басқа жауаптармен салыстырады, талқылайды.  

Құндылықтарды дарыту:

Ұлтаралық татулық, достық. 

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Әлеуметтік желілер

Пәнаралық байланыс:

тарих

Бастапқы білім:

Ұлттар достығы-басты байлығымыз

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Сәлемдесу.

Қызығушылықты ояту. Адасқан әріптерді дұрыс орналастырып, 3 сөз жазыңыз.

Тақырыпты анықтап көріңіз.

АЛЫТУҚТ, ҚСОТАДСТЫ, ІІКБРЛ, ХААРЛТЫҚ Мұғалім ОМ мен БК таныстырады.  

Үлестірмелі қағаздар 

Слайд 1,2,3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

Тыңдалымалды сұрақтар:

1. Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?

3. Олардың арасындағы қарым-қатынас қандай?

https://www.youtube.com/watch?v=LKpLzxcROgY

Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы (1,49)

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Өз жауабыңызды өмірмен байланыстырыңыз:

1. Алғашқы этномәдени орталықтар қашан және не үшін пайда болды?

2. 1992 жылы барлық этнотоптардың орталығын құру мақсатында қандай шешім қабылданды?

3. Бірегей институт қалай аталады?

4. Қанша конфессия, ұлт өкілдерін біріктіреді?

5. Бүгінде бұл қандай орган?

6. Ұйымның сессиясы қаншалықты жиі өткізіледі?

7. Өз сессияларында ұйым қандай мәселелерді қарастырады?

8. Еліміздегі бұл ұйымның қызметі қаншалықты маңызды?

9. Халықтар арасындағы достастықты сақтауға қосқан үлесі қандай?

10. Осы ұйымнан басқа елімізде ұлттардың мәдениетін сақтауға қандай істер атқарылады? «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

1. Қазақстан-..................., ................., ................. мемлекет.

2. Елімізде ...................................ұлт өкілі тұрады.

3. Қазақстанда тұратын халықтар арасында ..................................., ......................қарым-қатынас орнатылған.

4. Әр облыста этномәдени топтардың салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға арналған ........................ үйлері бар.

5. Қазақстан халқы Ассамблеясы - ........................................................................................................................................................................... ұйым.

2-тапсырма. Достық, жолдастық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді еске түсір. Оларды қатыстырып, ауызша шағын мәтін құрап айт.

3-тапсырма «Менің Отаным- көпұлтты Қазақстан» тақырыбында диалог құрыңдар.  

Слайд №4

Слайд№5

Слайд№6      

Сабақтың соңы

(2 мин)

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар:

Кері байланыс

«3-2-1» әдісімен 3 маңызды мәселе

2 жаңа ақпарат

1 қорытынды түйін жасайды.    

Слайд 7

Слайд 5

Рефлексия

(3 мин)

Рефлексия: «Достық бәйтерегі» татулық, достық, бірлікке қатысты бүгінгі сабақтан түйген өзіндік ойларыңды жазып іліңдер.

Үйге тапсырма: «Ырыс алды-ынтымақ» деген тақырыпта шағын эссе жазып келіңдер.  

Слайд 7

Слайд 5

Файлдар:

Файлды ару Қазақстан халқы Ассамблеясы

Пікірлер(0)