Теміржол тасмалы
Теміржол тасмалы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау; 9.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру 9.2.4.1 шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты "автордың ойын" бағалау; 9.2.2.1 коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады: • Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттарын анықтайды. Сыни көзқарасын білдіреді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: • Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты автордың ойын бағалайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдайды. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады:Мәтін бойынша негізгі ақпаратты анықтай алады, нақтылау сұрақтарын қойып, іріктеп, ойын жүйелеп айтады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Әлемдегі , Қазақстан, Астана темір жолдары,Ежелгі Грецияда, әктастан,құлдарды, Орта ғасырдағы Еуропа, шахталарда, кен, 19 ғасырда. Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Сәлем, Жолың болсын, Аман- есен барып орал! Амансың ба? Сәт-сапар, Сәттілік, Ақ жол, билетіңіз бар ма? Отырыңыз, қай қалаға барасыз? Төсек- орын алыңыз,темір жол бекеті. |
| Күтілетін нәтиже: | |
| Бағалау критерийлері: | -негізгі мазмұнын түсінеді; - ақпаратты анықтайды; - автордың ойын бағалайды; - сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдайды. |
| Құндылықтарды дарыту: | |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
| Пәнаралық байланыс: | география, тарих |
| Бастапқы білім: | Көліктің қандай түрлері бар? Көліктің түрлері әуежол тасмалы, Метро тасмалы, су тасмалы. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 мин) |
1.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңберінде «Ыстық лебіз» әдісі арқылы бір-біріне жолға шығар алдындағы жақсы тілектерін айтады. Сәлем, Жолың болсын, Аман- есен барып орал! Амансың ба? Сәт-сапар, Сәттілік, Ақ жол т.б. 2. «Поезд» әдісі бойынша үш топқа бөлінеміз. Оқушылар паровоз болып бірінің-артынан бірі жүріп отырады соңғы вагонды бірінші топқа, екінші топқа келесі оқушыны тастап отырамыз. Осылайша оқушыларды үш топқа бөліп шығамыз. 3 .«Конверт ашу» әдісі арқылы өткен сабақ бойынша пысықтау сұрақтарына жауап беріңіз (үш топқа бір сұрақтан тұратын конверт) 1. Әуежолы туралы не білеміз? 2. Метро туралы не білдің? 3. Тас жолы туралы не білдің ? Сабақтың мақсаты,тақырыбы айқындалады, слайдта көрсетіледі. Қалыптастырушы бағалау. (Бағалау парақшаны үйлестіру! |
|
|
Сабақтың ортасы (28 мин) |
1.«Сөз тұжырымдамасы» әдісі тірек сөздермен жұмыс. (Карточкамен жұмыс) Дескриптор 1.Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырады. 2. Тірек сөздердің мағынасын түсінеді, сөздік қорларын молайтады. 2. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, топта талқылаңыз. 1-топ Әлемдегі темір жолының шығу тарихы қандай? 2-топ Қазақстан темір жолының тарихы қандай? 3-топ Астана темір жолының тарихы қандай? 3.Мәтінмен жұмыс «Түртіп алу» әдісі бойынша ақпараттарды анықтайды. Темір жол тарихы. Әлемдегі алғашқы темір жол Ежелгі Грекияда Коринф қаласында пайда болған. Жол 6 километр ұзын әктастан құралған ор болған. Вагондарды жылжыту үшін құлдарды жұмсаған болатын. Орта ғасырда Еуропада ағаштан жасалған темір жолды шахталарда кен тасуға пайдаланған. Жылжитын күш адам және мал болған еді. Темір жол көлігі XIX ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуын абайланысты пайда болды. Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. Астананың теміржол вок¬зବлы елорданың теріскей бөлігінде, Гете көшесінің бо¬йында ор-наласқан. Ғимарат бұдан 61 жыл бұрын, 1957 жылы са¬лынған, ал 90-жылдардың аяғында реконструкциядан өткізілген. Бұрнағы жылдың соңында онда тағы да жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Вокзал кеңес кезеңінде бой көтерген көне кешен мен қазіргі заман стилімен салынған бас баспана – терминалдан тұрады. Бүгінгі таңда Астанада теміржолдың тоғыз торабын түйістірген екі вокзал бар. 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесі өтіп жатқан тұста Астанада жаңа «Нұрлы жол» вокзалы пайдалануға берілді. Елорданың бас қақпасына айналған осынау сәулетті ғимарат бүгінде бас қаладағы көрікті орынға айналып отыр. Сонымен қатар, ескі вокзал да қала тұрғындары мен қонақтары үшін абыройлы қызмет көрсетуде. 4.Сергіту кезеңі 2мин Серік Ибрагимовтың орындауында «Жаяу» әніне қимыл қозғалыстар жүргізу. 5. Топтық жұмыс Айтылым. «Елші» әдісі бойынша мәтінді талқылайды, елшілер басқа топтарға барып түсіндіреді. Дескриптор: - мәтінді қаншалықты түсінгендерін талқылайды -автордың ойын бағалайды. 6.Жұптық жұмыс «Диалог және қолдау көрсету» әдісі Критерий сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай отырып,өз өмірімен байланыстырып берілген сөздермен диалог құрайды. Қажетті сөздер: Сәлем, Жолың болсын, Аман- есен барып орал! Амансың ба? Сәт-сапар, Сәттілік, Ақ жол, билетіңіз бар ма? Отырыңыз, қай қалаға барасыз? Төсек- орын алыңыз,темір жол бекеті т.б. Дескриптор. -сөздермен диалог құрау. -сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолдану |
Темір_жол
https://youtu.be/xlhs7jkJ-Yc
|
|
Сабақтың соңы (5мин) |
Карусель Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға мәтінге байланысты ақпараттарды айтады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын мәтіннен түсінгенін айтып отырады. Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау: «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы топ өздерін өзара бағалап , тақтадағы ілмекке іледі. Оқушы өзі тапсырма бойынша өзін бағалап іліп қояды. Үй тапсырмасы: Қостанай теміржол вокзалының тарихы жайында қосымша мәлімет әкелу. Сабақ аяқталды, Сау болыңдар! |
|
|
Рефлексия (2 мин) |
|










Пікірлер(0)